- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Сырымбет
Халық әдебиеті, ән-жыр, Шоқан, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұсаларға қатысты оқиғаларға, көркем әдебиет пен зерттеу еңбектерге байланысты аты елге кеңінен тараған жер атауы. Сырымбет кісі есімі деседі. Сырымбет, Қырымбет деген ағайынды кісілер екен. Сырымбет шоқысы тәрізді Жақсы өңіріндегі Қалмақкөл тұсында Қырымбет шоқысы да бар. Сырымбет батыр болған деседі. Қалай да жер атауының кісі есімінен пайда болғандығы аңғарылады. Өйткені жердің табиғи бедеріне қарай қойылса басқаша болар еді.
Көкшетау жоталарының қыратты, шоқылы жалғасы. Далалық Сырымбет қыратының теңіз деңгейінен биіктігі 330-380 метрдей. Саумалкөл, Құмдыкөл, Ақбас дегендей шағын көлдер бар. Жерінің дені егістік. Шоқ-шоқ қарағай, қайың тоғайлар өседі.
Сырымбет даласының жерінде Ақмола облысының Шоқан Уәлиханов атындағы ауданы орналасқан. Аудан орталығынан солтүстік батысқа қарай отыз шақырымдай жерде Сырымбет шоқысының етегінде Сырымбет ауылы бар.
Сырымбет жерінде Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен. Жас шағында Ақан серінің ауылы да жайлаған. Мұнда ол серілік құрған шағында да жиі болып, сауық құрған. Елге кең таралған «Сырымбет» әнін шығарған.
С.Шүкірұлы
ТАРАЗ
Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. 568 жылы Талас өзені жағасындағы қалада түрік қағаны Дизабула өзінің керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. Бұл туралы В.Бартольдтың «Орта Азияға ғылыми мақсатпен сапардың есебі» кітабында жазылған. 629 жылы Сюань-Цзян Тараз (ежелгі аты – Далосы) қаласының Цзяньцюаннан батысқа қарай 140-150 ли қашықтықта тұратынын және оның шеңберінің 8-9 ли екендігін айтады. Қалада әртүрлі елдерден келген көпес-саудагерлер мен хусилардың (согдийлықтардың) тұратыны және олардың тілі мен әдет-ғұрыптарының, заңдарының Қытайдағы сияқты болатыны туралы жазылған (Зуев Ю.А. Суяб туралы Қытай деректері. 91б.). Біз бұл деректерді Тараз қаласының аса ертеден келе жатқан қала екендігі жайлы мәлімет үшін беріп отырмыз.
Тараздың VІІ ғасырда осы Ұлы Жібек жолында маңызды рөл атқарғаны жайлы мағлұматтар ежелгі шежірелер мен географиялық шығармаларда кездеседі. Қала 751 жылы арабтардың, 766 жылдан бастап қарлұқ қожалығының, ІХ ғасырдың аяқ шенінде саманидтердің қол астында болады.
893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға соғыс ашып, ақыры Тараз әмірі жауға бас иеді, Исламды мойындайды. ІХ-Х ғасырларда Тараз қаласының егіншілік алқаптың, Талас Алатауындағы күміс руднигінің жанында орналасқандығы оның экономикалық және мәдени өрлеуіне мүмкіндік жасады. Х ғасырдың географы Максидидің жазуы бойынша «Тараз – бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар үлкен бекітілген қала».
Х-ХІ ғасырларда Жетісуды, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны қараханидтер династиясы жаулап алғаннан соң, Тараз жаңа мемлекеттің бір қожалығының астанасына айналады. Ислам діні үстемдігінің нәтижесінде ХІ ғасырда жаңа үлгідегі Айшабибі, Қарахан, Бабажы-хатун мазарлары салынды. Р.Вильгельмнің деректері бойынша, ХІІІ ғасырда болған моңғол шапқыншылығы қарсаңында Тараз қолдан қолға ауысқан. Ол тіпті моңғолдардың қолына түспес үшін Мухаммед хорезмшахтың әмірімен талқандатылған да, ХІІІ ғасырдың орта шенінде қала қайтадан қалпына келтірілген. Жалпы Тараз қала ретінде ХV ғасырға дейін өмір сүрген, бірақ оның орнындағы отырықшы қоныс ХVІІІ ғасырға дейін болған.
Осы тұста пайда болған жаңа қала, Қарахан әулетінен шыққан Ша Махмудтың мазары төңірегіне салынғандықтан, Әулиеата деп аталды. Ал 1936 жылы қаланың аты Мирзоян болып, одан соң, 1937 жылы Жамбыл болып өзгертілді. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, ел Президенті Н.Назарбаев 1997 жылғы 8 қаңтардағы Жарлығымен қалаға тарихи аты – Тараз атауы қайтарылып берілді. 2002 жылы 25-26 қыркүйекте Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды. Тараз бүгінде мәдени-экономикалық жағынан өркендеген, жергілікті халық «жер жәннаты» деп атайтын шағын да болса көрікті, берекелі, ырысты қалаға айналды.
А.Мұсабекова
ТОРҒАЙ
Торғай даласы деген кең ұғым. Мұнда Торғай қолаты деген таным бар. Торғай аңғары – Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастыратын өңір. Жеріміздің солтүстік-батысында солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 шақырымға созылады. Ені 20-70 км аралығында. Ғалымдар зерттеуінше Торғай қолаты кезінде Батыс Сібір мен Тұран теңіздерін қосатын бұғаз болған сыңайлы.
Ғылымда Торғай қақпасы деп – Торғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған-Құсмұрын, Торғай-Сарықопа аралығындағы табиғи өткелді айтады. Торғай үстірті деп – жеріміздің солтүстік батыс бөлігіндегі көтеріңкі үстіртті айтады. Орал – Мұғалжар – Сарыарқа – Батыс Сібірді жалғастырады. Бұл ұзындығы 630 км ені 300 км шамасындағы алқапты қамтиды. Торғай үстіртін қақ жарып Торғай қолаты өтеді. Орталық Торғайға үстіртті-қыратты Қарғалытау, Қызбелтау, Торғай атыраптарын жатқызады.
Торғай Ұлытаудан бас алып, Шалқартеңіз сорына, яғни Суаяғы – Құрдымға барып сіңетін ұзындығы 825 километрлік өзен. Тоқсан салалы Торғай деп аталатын өзеннің басты-басты су көздері – Қараторғай, Жалдама, Өлкейік, Асарыторғай, Қайыңды өзендері.
Осы өзеннің жағасында 1845 жылы Орынбор деп аталған бекініс салынды. Әскер, орыс-казактар көшіріліп әкеліп қоныстандырылды. Торғай облысының құрылуына байланысты 1868 жылы Торғай уезі құрылып, ол уездік қала атанды. Бұл Торғай облысында болған 4 уездің бірі болды. Оған 11 болысқа бөлінген 65 ауыл қарады. 1897 жылғы санақ бойынша уезде 87 039 адам болған. Белгілі ағартушы Ыбырай Алтынсарин осында алғашқы қазақ мектебін ашты. Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтар сауаттарын осында ашты. 1916 жылғы ұлт-азаттық Торғай көтерілісі осында болды. Торғай қаласы кеңес тұсында Торғай ауданының орталығына айналды, кейін Жангелдин атанды.
Торғай деген атпен 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығының құрамында облыс құрылды. Орталығы Орынборда болды. Ол Қазан төңкерісінен кейін жабылды. 1970 жылы Торғай облысы ашылып, Арқалық қаласы облыс орталығы болды. 1988 жылы жабылып, 1991 жылы қайта ашылып, көпке бармай тағы да жабылды. Қазір Торғай даласында Қостанай облысына қарасты Амангелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласы бар. Мұнда Тосын құмы, балықты Ақкөл, Сарықопа қорығы, Қызбел тауы сынды табиғаты бай, аң-құсы көп жерлер бар.
С.Шүкірұлы
