- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Қозыбасы
Қозыбасы – тарихи жер атауына жатады. Бұл ерте заманнан бар сөз. Бүгінгі Қазақ елі, Қазақстан мемлекетінің бастауындағы XV ғасырда құрылған Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.
Тарихи дерек көзі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи - Рашиди» атты еңбегінде: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып, орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі (қарамағындағылардың) Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп олардың маңына жиналған адамдар саны екі жүз мыңға жетті. Оларды өзбектер-қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары сегіз жүз жетпісінші жылдары билей бастады (1465-1466 ж.) ... » - деп жазылған.
Міне, осы кезеңнен Қазақ халқының, Қазақ ұлтының ұлы тарихы басталады. Қазақ хандығы алғашқыда Батыс Жетісу жеріне, яғни Шу мен Талас өзендерінің алабына орналасқан дейді. XVI ғасырдан бастап бұл өңір Қазақстан, яғни қазақ мекені деп атала бастаған көрінеді.
Қозыбасы – Қазақ хандығының алғаш ту тіккен жері. Ол қазіргі Жамбыл облысының Қордай тауындағы шоқы. Бітімі қозының басына ұқсас болғандықтан осылай деп аталған. Бұл өңір, яғни Қозыбасы баурайы Қордай тауындағы шұрайлы жайлау.
С.Шүкірұлы
Ордабасы
Ордабасы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы таулы өңір. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы ақылдасылады. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз сол заманнан қалған.
Сол жолы біртұтас қазақ әскері құрылып, Бас қолбасшы сайланды. Батырлығы, әдіс-айласы, соғыс тәсіліне жетіктігімен танылған кіші жүз ханы Әбілқайыр үш жүздің біріккен қазақ жасағына Бас қолбасшы болды.
Ордабасыдағы сол баталасу бәтуәлі болды. Қазақ жеңіске жетті. Жоңғардан ел азат етілді. Одан кейін де ұлт басына талай нәубет төнді. Қазақ талай мәрте қару ұстап, атқа қонды. Ұзақ жүріп, тайталаспен, жанталаспен жүріп, Тәуелсіздікке де ие болды.
Осы жеңісті, түпкілікті жеңісті, қазақтың заманалардан бергі арманы болып келген тәуелсіздікке қол жеткен – 1993 жылы осы Ордабасыда тағы бір үлкен жиын болды. Ол – шын жеңістің шынайы тойы еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аса бір тебіреніспен еркін сөйлеп, елдікке үндеп, болашаққа барар жолды меңзеп еді. Әруақ қонып, нар шөккен жеріміздің биігіне ұлт туын тігіп, ел-жұртын бірлікке, бүтіндікке шақырған еді. Ордабасына XVIII ғасыр басында жиналған қазақ ашулы кек, ар-намыс туы, ел тағдыры шешілер майданға шыбын жандарын шүберекке түйіп, «Уа, тәңірім жар бол!» – деп атқа қонса, бұл жолы, «ұзағынан сүйіндір!» – деп қуанысып тарасқан-ды.
Қазақты үш ғасырда бауырына екі жиған Ордабасының екі жиыны да қайырлы болып, ел тірлігіне, жеңісті істерге бастауда.
С.Шүкірұлы
