- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Мұхтар шаханов
(1942 жылы туған)
Қазақтың тілі мен ділі, ұлттық қалып-қасиеті жайлы, адамгершілік ізгіліктер жайлы танбай жазып келе жатқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов үлкеннің де, кішінің де сүйіктісіне айналғаны белгілі. Ол – Қазақстан Республикасы Халық жазушысы (1996), Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1999). 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. М.Шаханов 1969 жылы Шымкент пединститутын бітірді. Ол 1961-1965 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, 1965-1970 жылдары «Ленишіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстарындағы тілшісі болып қызмет атқарды. Болашақ ақынның алғашқы өлеңі «Сырдария» (1959) деп аталады. 1966 жылы М.Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен жарық көрді. 1968 жылы махаббат, достық тақырыбындағы, адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаған «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді» атты өлең жинақтары жарық көрді. 1970-1971 жылдары М.Шаханов Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-1976 жылдары ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға, бас редакторы, ал 1976-1979 жылдары ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы қызметін атқарды. 1974 жылы М.Шахановтың «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық» атты жинақтары жарыққа шықты. Ақын 1984-1993 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан бастап) қызметтерін атқарды. Осы жылдары ақынның «Махаббатты қорғау» (1982) және «Ғасырларды безбендеу» (1988) атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды. М.Шаханов 1993-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
М.Шаханов поэмаларының тақырыптары сан алуан. «Танакөз» шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптесе, «Сейхундария» Сырдария туралы көне аңыздардың желісіне құрылған, «Күретамырды іздеу» жастық шақты жырласа, «Сенім патшалығы» көне дәуір мен бүгінгі өмір адамдарын шендестіре суреттеп, философиялық ой түйеді, «Махаббатты қорғау» махаббат триптихтарынан тұрса, «Нарынқұм трагедиясы» халық қамы үшін күрескен патриот ақын Махамбеттің өміріне арналған. Ақынның «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмасы Отырар тағдырын суреттейді.
М.Шаханов – драматургия жанрына да қалам тербеген. Оның «Махаббат таңы» (1970), «Сенім патшалығы» (1977), «Көкейкесті» (1987) атты поэзиялық пьесалары театр сахналарында қойылды. «Уақыт бедерлері» (1981), «Зерде кітабы» (1984) атты жинақтары орыс тілінде жарық көрді. М.Шахановтың шығармалары шет елдерде де басылып шықты.
А.Мұсабекова
ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВ
(1946 жылы туған)
Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті.
Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр Шығыста жұмыс істеп жүріп, 1-класты әскери ұшқыш атағын иеленді. Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды: түрлі маркадағы бірнеше әскери ұшақты сынақтан өткізді. Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары көп еді, ақыры ол өз арманына жетті. 1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гинестің рекордтар кітабына жазылды.
Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақтарды сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ер жүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ жігіті Отан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығы алдында дәлелдеуін осылай бастады.
Өз өміріндегі ең бір шуақты сәт жайлы Тоқтар былай деп әңгімелейді: «Ол кезде ғарышқа тек Тоқтар Әубәкіров емес, бүкіл қазақ баласы ұшып бара жатты. Сонда мен рапортты басқа тілде беруім керек пе? Рас, ол уақытта мен қазақ тілін жете білмейтін едім. Себебі 30 жыл ғұмырым орыстар арасында өтті. Сонда да тілімді бұрап: «Мен қазақпын! Мен ұшуға дайынмын! Қазақ халқы үшін!» - дедім. «Кемеңіз от алып, жерден көтеріліп бара жатқанда, қандай сезімде болдыңыз?» - дейсің. Жалпы, ғарышкерлердің арасында жазылмаған мынадай заң бар. Ғарыш кемесі көтерілер сәтте «поехали» деп айту керек. Ол сөз Ю.Гагариннен қалған. Бірақ мен осы дәстүрді бұзып: «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын!» - дедім. Қазақша айттым, ол сөздерім таспада бар».
Ресейдегі әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады, Елбасының ғарыш істері жөніндегі кеңесшісі болды. Тоқтар Әубәкіров – техника ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры (1995). Қазір Тоқтар Әубәкіров – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, халық қалаулысы. Елімізде туындап отыратын күнделікті мәселелерге белсене араласып, олардың оңтайлы шешілуіне үлесін қосуда.
А.Мұсабекова
АТАТЕК
ШЕЖІРЕ
Шежіре арқылы біз халықтың этникалық құрылымы, шығу тегі, таралуы, тұтастығы жөнінде мол мағлұмат аламыз. «Шежіре» сөзі «сақтау», «ағаштың бұтағы» деген ұғымдарды білдіреді. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ел арасында өмір тарихын өте жақсы білген «шежіре адамдар» болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар негізгі дерек көзін шежіреден алады. Шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар. Осы жағынан алғанда дәстүрлі қазақ мәдениеті мен шежірені біртұтас қарастырамыз. Қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады. Алаша ханға байланысты айтылатын шежірелердің орны бөлек. Өз мемлекеттілігін танығысы келген халықтың осы Алаша ханға байланысты аңыздарға жүгінгені жөн. Кейінгі орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларды, халықтың басынан өткен айшықты кезеңдерді Рашид ад-Дин, Әбілғазы Баһадүр, Өтеміс қажы, Мұхамед Хайдар еңбектерінен көруге болады. Қазақ елінің тарихын толықтыра түсетін бір дерек Махмуд Абдоллах пен Уәлидің «Зубдат ал-асрары» деген еңбегі. Мұнда қазақтардың орта ғасырлардағы көрші елдермен саяси қарым-қатынасы баяндалады. Бертін келе ХІХ ғасырдың соңында Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деген кітабы, Ә.Бөкейхан сөзімен айтсақ, «қазақ шежіресінің тұңғышы» болды. Мұнда Шәкәрім халықтың өткен тарихын баяндаған. Халық ауыз әдебиетін жинауда М.Ж.Көпеевтің де еңбегі зор. С.Мұқанов: «М.Ж.Көпеев шежіресінің өзге шежірелерден ерекшелігі, ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың тұсында болған оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады» деп жазады. Жарық көрген құнды шежірелердің бірі – Құрбанғали Халидтің «Тауарих Хамсасы». Шағатай тілінде жазылған бұл туындыда қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, «қазақ» этнонимінің шығу тарихы, рулар жөнінде тың деректер кездеседі.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қазақ шежіресін жасауға Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, М.Сералин, М.Тынышбаев, Н.Наушабаев көп еңбек сіңірді. Шежірелік дәстүрді ХХ ғасырда Х.Арғынбаев, С.Толыбеков, С.Мұқанов, В.Востров, М.Мұқанов жалғастырды.
Қазақ шежіресінің өскелең ұрпақты ұлтын ұлықтауға тәрбиелеуде үлкен мәні бар.
ЖҮЗ
Қазақ елі үш жүз бола отырып, елдің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын сақтап отырған. Ал осы «жүз» деген ұғым, осы сөз қайдан пайда болған деген сұраққа келсек, оның жауабын, әрине тарихи деректерден іздейміз.
1456 жылы Қазақ хандығы құрылып, көрші елдерге таныла бастайды. Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті қыпшақ, Керей хандығы т.б. мемлекеттердің ұйытқысы болған туысқан тайпалардың көпшілігі Қазақ хандығының туы астына топтасты және оның аумағы кеңейді. Қазақ хандығына сол қазіргі Қазақстан аумағы түгел қарап, қазақ тайпалары мен қырғыз, қарақалпақтар т.б. топтасып, 1560-1580 жылдарда Ақназар ханның қол астына кірді. «Жүз» ұғымы осы кезде пайда болды деушілер бар. Ал кейбір зерттеушілер «жүз» ұғымы бұған дейін пайда болып, Қазақ хандығы сол бөліністі сақтап қалды дейді. Қалай болғанда да, «Жүз» деп аталатын әкімшілік-аймақтық құрылым кең байтақ аймақты басқарудың және жаудан қорғаныс ұйымдастырудың тиімді жолы болып қалыптасқан.
Ата қонысы, шаруашылығы, туыстық қарым-қатынастары бір-біріне жақын тайпалар мен рулар Жүздік бөліністі құрады. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1715) хандықтың Жүздік құрылымы күшейіп, жергілікті билік пен орталық биліктің арақатынасы нақты айқындалды.
Қазақ халқы, негізінен, үш жүзден және рулар мен ұлыстардан тұрады. Үш жүздің ұраны – «Алаш». Ұлы жүзге қаңлы, сары үйсін, жалайыр, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, ысты, ошақты, шанышқылы тайпалары енеді. Олар Жетісу жерінде, Талас, Шу, Сырдария, Іле өзендерінің алқаптарында қоныстанған және б.з.д. Үйсін ордасынан бері бір-бірінен ажырамаған. Сондықтан да «Ұлы жүз – Үйсіндер» деген ұғым халықтың жадында берік орныққан.
Ал Орта жүзге арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ тайпалары енеді. Олар, негізінен, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан, тіпті Оңтүстік Қазақстанның Сырдария өзенінің тұсын мекендеген. Жүздердің ішіндегі жері кең және арғын тайпасы көп болғандықтан, бұл жүз «Орта жүз – арғындар» деп аталып кеткен.
Кіші жүзге байұлы (12 ата), әлімұлы (6 ата), жетіру (7 ата бірлестігі) кіреді. Олар Батыс Қазақстан өңірін, Еділ, Жайық, Торғай, Тобыл, өзендерінің атырабын, Маңғыстауды, Каспий, Арал теңізі жағалауларын, Сырдария өзенінің төменгі ағысын мекендеген. Ел аузында оларды Алшыннан тараған деп айтатындықтан, «Кіші жүз – Алшын» деген ұғым қалыптасқан.
Қазақ хандығының аймақтық тұрғыдан үш жүзге бөлінуі халықтың ынтымақтастығы мен біртұтастығын, қауіпсіздігін сақтаған.
А.Мұсабекова
