Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Әбіш кекілбаев

(1939 ж.т.)

Жолым түсіп Маңғыстауда болғанымда (2001) Қошқар ата мекеніне таяу Ақшұқыр ауылында өзі университетте Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, мектепте Әбішке сабақ берген 79 жастағы Зияда Ғұсманқызын көрдім:

- 1945 жылы Таушыққа келіп, мектепке орналастым. Көп жыл сонда болдым. Әбіш те сол кезде оқыды, сабаққа жақсы еді. Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын. Сурет те салушы еді. Өзі 9 класта оқыса да, 10 кластың балаларын ұялта сөйлейтін... Әбіш бүгінде Әуезовтың жақсы шәкірті, ізін басқан сөз зергері, қайраткер ұлық қой, - деп еді.

Сол жылы болса керек, Әбіш орыс тілінде оқыған бір кітабынан қазақ жазушысы көшіріп алғандығын байқап, досы Сәбит Абдуллин екеуі «Лениншіл жасқа» мақала жазыпты. Ол жарияланып, Алматыда едәуір әңгіме болыпты. Әбіш Кекілбаевтың бір қыры – сыншылық қабілетінің тұсаукесері осы мақала болса керек. Ал публицистік жолы 6 сыныпта оқып жүргенде бір ұшқыш тарапынан болған әділетсіздікті сынап «Комсомольская правдаға» шыққан сын мақаласы екен.

Қалам тартысын журналистік бағдардан бастап, ақын болып танылып, сыншы болып көрініп, қара сөзге туын тіккен Әбіш Кекілбаев қарымды қаламгер болып, 12 том шығарма берді. Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, Мұхаң алдында, студент шағында әдебиет сынынан баяндама жасап, ғұлама жазушыны риза етіп, алғысын алған Әбіш – ұстаз үмітін толық ақтаған қаламгер. Қаламгер ғана емес, қоғам һәм мемлекет қайраткері. Кеңес заманында болсын, тәуелсіздіктен бергі кезең болсын, Әбіш билікті мекемелерде, биік орындарда болып, елдің бүгіні мен болашағына қатысты келелі істердің шешілуіне атсалысып келеді. Қандай қызметте болсын шулатпай, жеміс ағашындай үнсіз тұрып жұмыс тындыратын Әбіштің қолтаңбасы тәуелсіздік жылдарындағы көптеген істерден аңғарылып жатады.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтың қай ортада болсын сөйлеген сөзі тыңдалмаған, жазғаны оқылмаған, ой-пікірі ескерілмеген емес, әрі оның бәрі де ықыласпен қарсы алынып, қуатталған. Ұстазы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» арқылы ұлтымыздың тұтастай бір ғасырын – XIX ғасырды бейнелесе, Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романы арқылы ұлт өмірінің XVIII ғасырын суреттеген.

Әбіштің өз бойында да қазақтың бір ғасыры, XX ғасыры жүр деуге болады.

С.Шүкірұлы

Нұрсұлтан назарбаев

(1940 жылы туған)

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы әңгімелеудің өзі – бақыт. Олай деудің себебі – басынан бейнеті арылмаған, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тәуелсіздіктің қыл бұғауынан мәңгілік азат болуы – осы есіммен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз жылдар бойы қан төгіп, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек өткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік. Осыған орай 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойған осы тұңғыш Елбасымыз болды.

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген Нұрсұлтан Назарбаев жасынан отбасына мейірімді, іні-қарындастарына қамқор, ата-анасының нағыз сүйеніші болып өсті. Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жем-шөп тасумен өзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып өсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты. Сөйтіп ол Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, жоғары партия мектебін бітірді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы, 40 жыл бойы 459 рет жер беті және жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал оғын төгіп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Астананы Елордаға көшірудің де ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлаған Елбасының көреген бастамасы екендігі бүгінде баршаға аян. Қазіл бұл қала әлемді таңғалдырып отырған, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды.

Қарап отырсаңыздар, қаншама ірі мемлекеттік мәселелер Елбасы көрегендігімен әрдайым оңтайлы шешімін табуда. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен арадағы шекараның жайы – Нұрсұлтан Әбішұлы бейбіт жолмен шешкен халықаралық мағынадағы ең сүбелі мәселелердің бірі емес пе?! Ал қазақтың ана тілін мемлекеттік тіл етіп, мәртебесін жоғарылатқан кереметті айтсаңызшы! Тұтастай мемлекет болып ана тілімізде ойлап, ана тілімізде сөйлейтін халге жеткеніміз жеңіс емей немене?! Халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, қазақ ұлты санының өсуіне бар мүмкіндік пен жағдай жасалуда...

Нұрсұлтан Назарбаев халық тілегімен өткен 2005 жылғы сайлауда қайтадан Президент болып сайланды. Бұл – Елбасыға халқы тарапынан жасалған зор құрмет екені анық.

А.Мұсабекова

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]