- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Талғат бигелдинов
(1922 ж.т.)
Сәби кезінде ұшқыш болсам деп армандамайтын бала сирек болар. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов те осындай ізгі арманның иесі болды. Батыр кәдімгі ауыл баласы еді, ол 1922 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Оның жастық шағы Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласында өтеді. Талғат осы қаладағы аэроклубқа үзбей барып жүргендіктен, оның ұшқыш болуға құмарлығы бірте-бірте арта түседі. Сөйтіп ол он алты жасында парашюттің жібек жібін ұстап, зеңгір көктен жерге қарай талай секірді. Аэроклубтағы осындай жаттығуларды толық меңгерген Талғат өзі талаптанып, Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищелеріне түсіп оқиды.
Сұрапыл соғыс біреудің арман қанатын қиып түссе, Талғат секілді ұшқыш болып Отанымның керегіне жарасам деп армандаған жандардың өзін-өзі сынайтын уақытын жақындатып-ақ жіберген жоқ па?! Ел басына күн туған 1943 жылдың қаңтар айында Т.Бигелдинов 144-гвардиялық авиация полкіне қабылданады. Қанды соғыс кезінде Талғат Бигелдиновтің жүрек жұтқан батыр болғандығын айғақтайтын әрекеттері көп болды. Мәселен, жанындағы достарынан айырылып, жалғыз қалған ұшқыш өзінің ізіне түсіп, пулеметтен оқ жаудырып келе жатқан, аса тез ұшатын жау ұшағына өзінің штурмовигін шұғыл бұрып алып, оны өзінің оқ құшағына алған. Неміс ұшқышы оқыстан болған бұл әрекетті мүлдем күтпеген болатын, сондықтан да лезде отқа оранып, жерге құлдыраған.
Осылайша ұшқыштық шеберлігі күн сайын ұштала түскен Талғат аспанға көтерілген сәтте, жау әскері командирлерін талай-талай есі кетіп, құдайына сыйынатындай жағдайларға душар етті, батыр жау ұшақтарын баудай түсіріп, танктерін, автомашинасын, зеңбірегін бірден-ақ жойып жіберіп отырды.
Аспан көгінде ойнақтаған кешегі сержант капитан дәрежесіне дейін көтеріліп, «ИЛ-дер» эскадрильясын басқарды. Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов басқарған бұл эскадрилья Харьков түбінде, Днепр өзенінен өтерде, Львов операциясы кезінде неміс басқыншыларына жойқын соққы беріп, Одер және Нидте асқан ерлікпен Берлинге шығар жолдарды ашты. Батыр Берлин төбесімен өте төмен ұшып, картаға жау әскерінің шоғырлануын түсіріп алады, бомба тиеп алып, гитлершілерді тұншықтыруға аттанып бара жатады. Осындай ерен ерліктері үшін 1945 жылы 26 қазанда Т.Бигелдиновке екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жас ұрпаққа батырлықтың керемет үлгілерін көрсеткен қос Алтын Жұлдыз иегері Талғат Бигелдинов бейбіт өмірге аман-есен оралғаннан соң да Әскери-әуе академиясын бітіріп, әртүрлі қызметтер атқарды. Оның өмір жолы мен кереметтей ерлік істері ел есінде мәңгіге сақталардай болды.
А.Мұсабекова
Рақымжан қошқарбаев
(1924 – 1988)
Мәңгілікке жер құшқан фашистердің соңғы ұясы – Рейхстагтың үстіне жеңіс туын желбіреткен Қошқарбаев Рақымжан 1924 жылдың 19 қазанында Ақмола облысы, Тельман ауылында (кезінде «Қырық құдық» деп аталған екен) өмірге келген. Анасынан төрт жасында айырылып, 13 жасында аяулы әкесі НКВД түрмесіне жабылған Рақымжан жетімдіктің азабын бір кісідей-ақ тартты. Отан-ананың тәрбиесі бойына сіңген бала-жігіт Ұлы Отан соғысы басталған соң-ақ елін жау қолынан азат етуге бел буады. Ол осы ізгі мақсатпен 1942 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға түседі. Осы жерде Рақымжан алыстағы арманы болған күтпеген жағдайға тап болады: жігерлі жас жігітті баяғыда НКВД құрсауына түскен әкесі іздеп тауып, әке мен бала Фрунзеде сағынысып жолығысады. Ардақты әке осылайша сүйікті ұлының сапар жолына ақ батасын береді.
Ә дегеннен-ақ атқыштар дивизиясына түскен Р.Қошқарбаев 1944 жылдың қазан айынан бастап 1-Беларусь майданында взвод басқарады, Польша, Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысып, жаумен аянбай шайқасады. Ержүрек жас жауынгер сүйікті елін жау қолынан босатуға жан аямай соғысады.
Ал Берлин операциясы кезінде лейтенант Р.Қошқарбаевтың жасаған ерлігі әлем көрмеген ерлік болып, тарихта қалды. 1945 жылғы 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Бұл жөнінде Алматының бір мектебінде оқушылармен болған кездесудегі батырдың өз әңгімесі аса әсерлі: «Үш жүз метр. Иә, осы шағын қашықтықты біз 6 сағат бойы еңбектедік. Бір сәт көк түтін бе, көтерілген шаң ба, алдымыз бұлыңғыр тұман болып кетті. «Тағы да кеттік», - деп мен алға қарай тұра жүгірдім. Серігім Г.Булатов та құстай ұшты. Рейхстагтың сатылы табалдырығына табанымыз тиді-ау. Екеуміздің де көзімізде жас. Денемізде әлсіз діріл бар. Бұл, шамасы, қорқу, толқу, қуаныш сезімі болар. Демімізді басып, ес жиған соң, Гриша алып келген жалауды Рейхстаг қабырғасына қададық. Аз уақыт өткен соң, біздің артымыздағы негізгі күш те келіп жетті». Иә, бұл ержүрек қазақ жігітінің бойындағы ата-бабасынан қалған нағыз ерліктің көрінісі еді.
Соғыстан кейінгі жылдары Рақымжан Қошқарбаев Эльба бойындағы кеңестік оккупация әскери бөлімінде қызмет атқарды. 1947-1967 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, ал 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Р.Қошқарбаев Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Берлиндегі Рейхстагқа ту тігіп, қазақтың нағыз батыр ұлт екендігін дәлелдеген қайсар азамат Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы тәуелсіз еліміздің «Халық қаһарманы» атағы берілді. Р.Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматыда қайтыс болды.
А.Мұсабекова
