- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Ілияс есенберлин
(1915-1983)
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының соңына қарай қалың көпшілікті дүр сілкіндірген шығарма дүниеге келді. Әдеби ортаға ұйқыдан оятқандай әсер еткен бұл шығарма «Қаһар» романы болатын да, авторы жаңа есім – жас талап емес жасамыс, орта жастағы Ілияс Есенберлин еді.
Шындығында да «Қаһар» романы қазақ әдебиетіне сілкініс әкелді. Өйткені роман қаншама аңыздарға, жырларға, әңгімелерге арқау болған, қаншама ғылыми-зерттеулер, көркем-әдеби туындылар жазылғанымен, кейінгі ұзақ жылдар бойы ауызға алуға тыйым салынған Кенесары көтерілісі жайлы болатын. Бұл шығарма кезінде тарихи шындықты объективті түрде жазғанымен, саяси қылмыскер ретінде сотталған Е.Бекмаханов зерттеуінің негізгі өзегі етілген, «Хан Кене» пьесасын жазғаны үшін М.Әуезовті қуғындауға себеп болған тарихи тұлға жайлы еді. Зерттеу еңбектер «қамауға» алынып, ол туралы аңыз, әңгіме, жыр айтқан ауыздарға қақпақ қойылған уақытта тарих тағылымын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатын көздеп, ел шежіресінің, ұлт тағдырына қатысты шетін мәселелерді жеткізудің ауыр жүгін арқалап, тағдыры беймәлім сапарға шыққан осы ««Қаһар» еді. Халық тарихына барлау жасаған алғашқы сапар сәтті болды. Оқырманның ықыласына бөленіп, қалың жұртшылықтан қолдау тапқан «Қаһардан» кейін ұлтжанды қаламгер ел рухын көтеріп, ұлт санасын оятуға деген ынта-жігері бұрынғыдан да күшейіп, осы тақырыпты жалғастыра «Алмас қылыш», «Жанталас» романдарын дүниеге әкелді. Үш роман «Көшпенділер» деген атаумен трилогияға бірікті. Сөйтіп І.Есенберлин бұрыннан бар «Көшпенді» сөзін қазақ әдебиетінде бірінші болып айналымға енгізді. «Көшпенділер» фильмінің аты мен идеясы І.Есенберлин әкелген тарихи ұғымның жаңғырығы мен ізі екені ақиқат.
Кейінірек «Алтын Орда» трилогиясын жазып бітіріп, бірақ кітап болып шығуын көрмей өзі дүние салды. «Қаһар» романы бірінің артынан бірі жазылып толықтырылған алты кітаптан тұратын тарихи эпопеяның нүкте қойылатын соңғы бөлігі болғанымен, ұзақ ғасырлық шежіренің қағазға түскен, кітап болып оқырман қолына тиген алғашқы қарлығаш үзігі болатын. Шығарманың эстетикалық мәнімен қатар, көкірек көзін ашып, көңіл көкжиегін кеңейтер танымдық маңызын оқырман жақсы түсінді. Сондықтан да тарихи эпопеяның алғашқы кітаптары шыға бастағанда студенттік жатақханаларда, алыстағы ауылдарда оқырмандар бір-бірінен қолқалап сұрап, қолдан-қолға көшті, қойшының қонышында, егіншінің қойнында, студенттің қолтығында жүрді.
Бір ұрпақтың ауысуы ғана емес, бір халықтың екінші халыққа ауысуы сипатын да көркем баяндайтын тарихи шежіре болмысында жазушы тарихи тағдырлардың қатыгез әрекеті мен жанкешті тіршілігі арқылы көрінетін тарихи тағлым мен тарихи таным тұжырылатынын аңғартады.
Тарихи дәуірлер бедерін реалистік тұрғыдан көркем бейнелеудегі Ілияс Есенберлин концепциясының дұрыстығын бүгін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тарихқа жаңа ғылыми көзқарасты Ілияс Есенберлин сонау алпысыншы-сексенінші жылдар арасында-ақ өзінің тарихи романдары арқылы халық зердесіне ұсынып кеткен.
Қазақтың көптеген аға буын жазушылары секілді Ілияс Есенберлин де төңкерістен кейінгі өтпелі дәуірдің сан қилы оқиғаларына қатысып, соған куә болды, соны өз шығармаларына арқау етті. Ол кезең, расын айтқанда, үлкен шырғалаңға, терең трагедияларға толы еді. Есенберлин сол шырғалаңды, халық басындағы сол трагедияларды жазып, өзге қаламгерлер бара бермеген тақырыптарға қалам тербеді, ел өміріне, ұлт тағдырына қатысты мәселелерді арқау етті. Оның қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Қатерлі өткел», «Маңғыстау майданы» тағы басқа романдар соған дәлел болады. Бұл романдарда бүкіл бір қоғамның, бүкіл бір дәуірдің тыныс-тіршілігі, мәдени-тарихи, әлеуметтік-психологиялық жағдайлары кең көлемде қамтылды.
Қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған қаламгер де – осы І.Есенберлин.
Қ.Алпысбаев
