Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Бауыржан момышұлы

(1910 – 1982)

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жеңімпаз батыр командир ретінде даңқы шыққан қазақтың біртуар ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс басталған жылы күзгі, қысқы алапат шайқастарда өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шыққан, 5 рет жау қоршауын бұзып, жауынгерлер құрамын аман-есен дивизиясына қайта қоса білген Бауыржанның атағы аз уақыттың ішінде-ақ шартарапқа жайылып үлгерді. Ұлтжандылығы, ержүректігі, ақыл-парасаты, әскери білімділігі мен тактиканы терең білуі отансүйгіштікпен ұштасқан ол майдан даласында жасаған ерліктері арқылы шын мәнінде көзі тірісінде аты аңызға айналған тұлға болды. Қандай жағдайда жүрсе де ұлтжандылығын көрсете білді, ұлттық намысты қорғай білді. Тез арада-ақ аты аңызға айналған Бауыржанның соғыс жүріп жатқан кездің өзінде өмірін, ерлік істерін арқау еткен А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабы жарық көрді. Кейінгі дәуірде де ол туралы Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», К.Серікбаев «Менің өмірімдегі Бауыржан Момышұлы» (орыс тілінде) атты кітаптар жазып жариялады.

Алайда батырлық даңқы соншалықты кең жайылғанымен Бауыржанға дер кезінде «Кеңес Одағының Батыры» деген атақ берілмеді. Өйткені ерлігі адал болғанымен, өз ұлтын ерекше сүйетіні, кіршіксіз таза ұлтжандылығы шовинистік пиғылдағы басшыларға ұнамады. Тек мемлекетіміздің дербестігі туралы декларация жарияланған соң ғана (12.12.1990) «Кеңес Одағының Батыры», «Қазақстанның халық қаһарманы» (1995) атақтары берілді.

Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер, ержүрек қолбасшы ғана емес, сонымен қатар қазақ әскери прозасының негізін қалаған жазушы. Оған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Ұшқан ұя» т.б. кітаптары дәлел. Оның өмірі үлгілі, іс-әрекеті тағылымды. Алматы мен Астана қалаларында Б.Момышұлы атында көшелер, мекемелер бар. Жамбыл облысында, Алматы, Астана қалаларында батырға арналып ескерткіш қойылған.

Қ.Алпысбаев

Қасым аманжолов

(1911 – 1955)

Бүгінгі алпыстан жоғары жастағы кісілер кезінде Қасымның өлеңдерін жатқа айтушы еді. Қасым Аманжоловтың аты елге есімімен Қасым деп тараған-ды. Соғыстан кейінгі сөзбен отыз жылдың кезеңінде Қасым сөзі ел ішінде аса қадірлі болды. Оның әсіресе:

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын Астанамды,

Өлеңнің отын жағып асырармын

Өзімді, әйелімді жас баламды, - дегендей өткір шумақтарын екінің бірі қисыны келген жерде айтып қалушы еді. Кәдімгідей біреуге өкпесін білдіру үшін қолданатын. Ал, ән салу, өлең айту қажет болғанда Қасым өлеңдері, әсіресе «Дариға сол қыз», «Жас дәурен», «Өзім туралы», «О, дариға, алтын бесік туған жер» (ән жинақтарында «Туған жер») атты өлеңдері жиі айтылушы еді. Мектеп, жоғарғы оқу орындарының концерттік бағдарламаларында Қасым өлеңдері міндетті түрде болатын, белгілі әнші, әртістер де жиі орындайтын. Қасымның:

Жас дәурен – жігер оты жанған жалын.

Көрмесем қызығыңды армандамын,

Өмірге екі келер уақытым жоқ,

Сондықтан үлесімді мол қармадым, - дегендей отты өлеңдері, отаншыл сөздері, өршіл мінез, сыршыл сезім, жігерлі үні көпті баурайтын.

Ақындардың кейінгі жас буындарында жасық, жылауық, сарнауық өлеңдердің көбейіп кетуі – Қасымдай қазақ өлеңінің асқарына шығып, қиындыққа қажымай, «От шайнап, жалын бүрке» алмағандықтан, «Өзге емес, өз мінін өзі» айта білмегендіктен де шығар-ау.

Майданда от кешкен, тұрмыс-тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді. Отаншыл Қасым:

Уа, дариға алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр,

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер, - деп жырлайды.

Қасым ауыр заман, құбылмалы саясат, соғыс, тұрмыс шаршатқан жұртты жұбатқан, сергіткен ақын. Қазір де Қасым сөзі тозған жоқ, Қасым өлеңі ескірген жоқ. Қасым уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ, Қасым – сол баяғы бір Қасым. Тек бүгінгі мәдениет тұтқасын ұстағандардың ұлттың өткені мен бүгінін ұштастыра алмауынан шығармалары қазіргі жастар қолына тимеуде, тәлім-тәрбие істеріне орайлы пайдаланылмауда. «Біреудің аспандағы асылымын, Біреудің жұртта қалған жасығымын» деген ақын сөзі шындыққа жанасып отыр. Білгенге – асыл, білмегенге, әрине «Танымасын сыйламастың» кебі де. Бүгінгі ұрпақ, келер ұрпақ талпынып өсер тұғырлар – осындай, Қасымдай қайсар тұлғалар. Біз – кіміміз бар дейтін жұрт емеспіз, қай салада да тұлғалы кісілеріміз болған, болып отырған, бола да берер кемел жұртпыз. Тек солардың қадірленуі кемшін. Қастерленуі жетіспейді.

Еске алдым мінезіңді сағынғансын,

Жасамай кеткен сабаз жарым жасын.

Бұл күні біз қайтеміз деймін тағы,

Өлеңнің жазып кетсе бәрін Қасым, - деп тұстасы, сыйласы болған Ғафу Қайырбеков айтқандай Қасым адамның жан сарайын жайландырар, кісіге жігер, қайрат берер қуатты өлеңдердің небір сойын жазған ақын.

С.Шүкірұлы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]