- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Әлкей марғұлан
(1904 – 1985)
Әлкей Хақанұлы Марғұлан – қазақтың ғұлама ғалымы, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, қазақстандық ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, профессор. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1925-1931 жылдары Ленинград қаласында Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында дәріс тыңдайды. Осында оқып жүргенде КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтай халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпы, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуды бітіріп келгеннен кейін Қазақстан Оқу Халық комиссариатының жанындағы Жаңа Алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.
Сырдария, Талас, Шу өзендері бойындағы ежелгі қалалардың орнына алғаш рет археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, содан жинаған материалдар негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» атты монографиялық еңбек жазады.
«Хандар жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбекті дүниеге әкеледі.
Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институты археология секторының меңгерушісі болып тағайындалған Әлкей Марғұлан К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарады. Ұзақ жылғы зерттеу нәтижесінде жарық көрген еңбек жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.
Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығаруға басшылық еткен. Қазақтың ежелгі жыр-аңыздарын жинастырып, зерттеген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірген.
Тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден атсам энциклопедиялық мақалалар жариялаған.
Л.Серғазы
Жұмабек тәшенов
(1915 – 1986)
Кеңестік қоғамға барынша беріле қызмет істеп, сол қоғаммен сыйыспаған тұлғаның бірі – Тәшенов Жұмабек Ақметұлы. Ғалымдық жолы экономика ғылымының кандидаттығында тежеліп, партия – совет қызметтерінің барлық жолынан өтіп, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.
1961 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасы болып, беделді тұрған шағында Н.Хрущевтің қазақ жерін бөлшектей бастаған саясатына батыл қарсы шыққандықтан 1961-1975 жылдар бойы Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары ғана болып отыруы – Мәскеудің, КОКП-ның қандай кекшіл болғандығын танытса керек. Тұлғалар ауысқанымен, үстемдік саясаты өзгермеген. Мәскеу жалынды, қабілетті қайраткерді тұсаған да қойған. Оған ғылым докторлығын да қорғатпаған. Сол қызметтен зейнеткерлікке шыққан Тәшенов Жұмабек 1986 жылы дүниеден өткен. Оның есімі халық есінде аңызға айналып, кеңестік замандағы азаматтықтың, ерліктің, табандылықтың өнегесі болып келді. Ел үшін, жер үшін, яғни ұлт келешегі үшін басын тіккен азамат ерлігін болашақ ұрпақ та ұмытпас.
С.Шүкірұлы
