- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Қаныш сәтбаев
(1899 – 1964)
Сәтбаев Қаныш – ұлттың ұлы тұлғалары қатарынан орын алған, ғылымда Кеңес одағының өзін мойындатып, есімі дүние жүзіне танылған, ерен еңбегімен 100 жылдығы (1999ж.) ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен, талантты ұйымдастырушы, кемел кісі. Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясын құрып, ұзақ жылдар оның Президенті болды. Ғалымдығын дүниеге мәшһүрлеп, жаңадан табылған бір минерал мен кіші планетаға есімі берілген. Сондай-ақ Алатауда Сәтбаев мұздығы, Сәтбаев шыңы бар. Сәтбаев атында Геологиялық ғылымдар институты, Қазақ ұлттық техникалық университеті аталады. Астана, Алматы және басқа да қалаларда көшелер мен мектептерге, мекендерге ғалымның есімі берілген, ескерткіштер орнатылған. Қ.Сәтбаев еліміздің кен байлықтарын ашуда, ел экономикасын дамытуда, мәдениетін өркендетуде орасан еңбек сіңірген, жан-жақты қабілет иесі болған. Мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минерология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан және КСРО ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірнеше мәрте депутаты және Одақ көлеміндегі көптеген ғылыми комиссиялардың мүшесі болған.
Қаныш Имантайұлының екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне қосқан еңбегі айрықша. Бұл тұста ол Одақ көлемінде аса беделді болған. Алайда Қаныш Имантайұлы да саяси қуғындаудан шет қалмаған. Қызметтен, елден ығыстырылып, Мәскеуде бой тасалаған кезі де болған. Алайда, кейін жағдай сабасына түсіп елге оралып, Қазақстан ғылым академиясын екінші мәрте басқарған.
С.Шүкірұлы
Әбілхан қастеев
(1904 – 1973)
Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында тәлім алған талантты қылқалам шебері өзінің тума қабілетін өзіндік ізденіспен жетілдіріп, өнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналды. 1954-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағын басқарады. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды. Оның алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т.б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт-дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды. «Афтопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған атақты суретші кейіннен «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «Ш.Уәлиханов», «А.Иманов», «Ғ.Мұратбаев», «К.Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді. Бір ғана Абай тұлғасын бейнелеуге «Абай киіз алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» еңбектерімен қатар классик ақын шығармаларын оқып, әсерлену негізінде салған суреттері де жетерлік. Ол Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шымкенттегі өнер училищесі мен ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы атақты суретшінің атында.
Қ.Алпысбаев
