Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Мағжан жұмабаев

(1893 – 1938)

Жастық шақ, жастар жайлы сөз қозғала қалса, кім де болса, «Мен жастарға сенемін!» деген Мағжанның сөзінен бастары анық. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев жас жүрегі қазағым, ұлтым деп жалындап тұрған айтулы азамат, ұлт мақтанышы еді. Ол 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Дәулетті отбасынан шыққан Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) татар зиялысы М.Бегішевтің медресесінде, 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып білім алды. Білімге құмар жас Шығыс халықтарының, қазақ, татар әдебиетін, дастандарын, 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып тұщынды, тағылым алды. Өзі де «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. 1912 жылы «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шықты.

Татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен, көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысуы ақынның өмір жолына игі ықпал етті. Ол 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, «Бірлік» ұйымының жұмысына араласты, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов секілді Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатты. Бұл кезде өлеңдері де «Қазақ» газетінде жарияланып тұрды.

1917 жылғы ақпан көтерілісінен кейінгі саяси жағдайларға Мағжан белсене араласып, Алаш партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. Алайда «Үш жүз» партиясының жаласымен бір айға жуық абақтыда отырып шыққан соң, «Бостандық туы» газетінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмыстарымен айналысты. Осы жылдары жалынды ақынның «Батыр Баян» поэмасы жарыққа шықты.

1923-1927 жылдары Мәскеуде орыс әдебиетшілерімен тығыз байланыста болады. Алайда Мағжанның 1923 жылы Ташкентте шыққан жыр жинағы талқыға түсіп, ақынды жаңа құрылысқа «уралап айғайламады», кедей сөзін сөйлемеді деп айыптап, ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Онымен қоймай, Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарып жүрген Мағжанды қаскүнемдер «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін айыптап, 10 жылға айдауға кесті. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алса да, көп ұзамай, оны «саяси себептерге байланысты» деген айыппен тағы да мұғалімдік қызметтен босатады. Айналдырған қырсық алмай тына ма, 1937 жылы Алматыға келіп, аударма ісімен шұғылданып жүрген, азып-арып, кедейшілік пен рухани таршылыққа душар болған Мағжан 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесіледі.

А.Мұсабекова

Мұхтар әуезов

(1897 – 1961)

Қазақтың жаңа мәдениетке бет бұрған кезеңінде жұлдыздай жарқырап көзге түскен ұлы үш тұлғасы бар. Олар – Абай, Ахмет Байтұрсынұлы және Мұхтар Әуезов. Мұхтар Абайды да, Ахметті де ұстаз тұтқан. Бұл үш тұлға жаңа дәуірдегі біздің бүкіл мәдениетіміздің бастауы, қайнар көзі десек артық айтқандық болмас. Егер Мұхаң болмаса, рухани өміріміз не күй кешер еді? Иә, егер Мұхтар болмаса, Абай енді ғана аршылып жатар ма еді, «Абай жолынсыз» әлем әдебиеті мен мәдениетіне Қазақ деген жұрт қай мұрасымен мойындалып, қосылар еді, Манастай жыр Алатаудың шатқалынан асып, дүниеге танылар ма еді, Мұса Жалил түбегейлі ақталып, «Моабит дәптері» даңққа бөленер ме еді, қазақ халық әдебиетінің жетпіс жеті атадан келе жатқан қатпар-қатпар қыртыстарының бүгістері жазылып, беті ашылар ма еді, қазақ ұлттық операсының сыныпты негізі дәл осылай жасалар ма еді? Ұлттық сахна өнерін Мұхаң негіздеп бермегенде, үлгі етеріміз кім болар еді? Қазақ әдебиетінің тұжырымы мен сынының негізін Мұхаң салмағанда, ол үрдісті кім бастар еді? Ахаңдар ақталғанша әдеби сын зерттеулеріміз Зейнолла Қабдоллов айтқандай «бассыз» жүре берер ме еді? Арғы замандардан арна тартқан үлкен ұстаздықтың үрдісі мен дәрістік шешендік өнегесін кім қалдырған болар еді? Заманына орай соныдан арна тартқан ұлттық сан-салалы өнер мен ғылымның қайнар көзі Мұхаң болып бастау алмағанда, даламызда дарындар қаулап қайта көктер ме еді? Кезінде көріп, уақтылы батасын бермесе, Қылышты Шыңғыстан кейін Сөзді Шыңғыс дүниені қайта жаулап алар ме еді, алмас па еді? Өнер мен ғылымның сан-саласында Мұхаң көзін ашып берген рухани бай мұраға қанар ма едік, әлде кенеземіз кебер ме еді? «Абай жолындағы» бар қазақты сүйсінткен, қазақ қана емес, оқыған қай ұлттың да өкілі таңғажайып көрген ұлттық болмыс, мәдениет сипаты сондай тұнық қалпында бізге жетер ме еді, жетпес пе еді? Абайды өз бетімізше түсініп, ұлы деп таныр ма едік, танымас па едік, әлде бір даңғой ол орын менікі дер ме еді? Ұлы есімді ырым еткен сөзге бейім басқа Мұхтарлар көпке танылар ма еді, танылмас па еді? Сезімге тыйым салынған кеңес заманында да, қандай қуғын-сүргін болса да махаббатқа тосқауыл жоғын кім дәлелдер еді? Абайдан кейінгі алып деп, тіпті Абайдың өзін де жарыққа алып шыққан алып деп кімді айтар едік?

Пәлі, Абай ғана ма? Тек Абайды ғана таныту ма еді мақсат? Абай тұлғасы, Абай ортасы, Абай заманы, Абай өре-биігі арқылы дүниежүзілік мәдениетке енші қосу ғой Мұхаң мұраты. Бәйтеректің көлеңкесі түскен жерге ештеңе шықпайды, ал Мұхаңның көлеңкесі түскендердің бәрі мықты. «Әке балаға қырық жыл азық» дейді, ал Мұхаң барша халқына мәңгілік рухани азық боларлық мұра жасады-ау. Ендігі жерде оны ұлттың Абай шоғырындағы рухани атасы десе көп пе екен?

Иә, Абайды тұғыр етіп, Ахаңды ұстаз тұтып, албырт талант қанатында саясат майданына шығып, әдебиет пен ғылымда ұстаздық пен қайраткерлікті тең тартқан, әлем әдебиетіне «Абай жолы» атты екі томдық мұра қосқан, ұлт есімін жер-жиһанға паш еткен, ұлы деген ұғымға шын лайықты тұлға – Мұхаң, Мұхтар Әуезов. Мұрат Әуезовтің «Саналы қазақтың барлығы мойындайтын айқын нәрсе – Алаш азаматтарының бізге қалдырған мұрасы – кең байтақ жер, терең ой, биік рух, қайсар мінез» деген сөзін Мұхаңа да айтсақ абзал. («Алаш және Әуезов», Жазушы – 2007. 46 бет).

С.Шүкірұлы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]