- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Міржақып дулатов
(1885 – 1935)
Міржақып Дулатов – ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ романы – «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян, қазақ!» кітабын шығарып, қуғынға түскен.
Бұл еңбекті белгілі әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Ербол Тілешов: «Сөйтіп, Алаш қалам қайраткерлері қазақ әдебиетінің ұлт-азаттық идеяны мұра тұтқан ояну дәуірінің жаңа беттерін ашты. Бұл мазмұны жағынан да, бейнелеу мүмкіндіктері жағынан да, түрлік-жанрлық жағынан да жаңа әдеби дәуір деген атауға лайықты кезеңдік әдебиет болатын. Оны «Алаш әдебиеті» деп атай бастадық. Алаш әдебиетінің басы – Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» жинақтарына енген, алғашқылары 1904-1905 жылдардан бастап жазылған жалынды жырлар», - деп қазақ әдебиетінің жаңа бір дәуірінің басы деп бағалайды («Алаш және Әуезов» «Жазушы»– 2007. 204-205 беттер).
Азаттық мүддесі жолындағы күреске халықты шақыру, ояту, еңсе көтерту ісіне Міржақып өз уақытының мүмкіндігіне қарай баспасөзді жақсы пайдалана білген. Ол «Қазақ» газетінде бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы болды. «Айқап», «Серке», «Ақжол» және татар, орыс тіліндегі басылымдарға да жиі шығып тұрды. Әлбетте, бұл әйтеуір бірдеңе жазу емес, мақсатты түрдегі ой-пікір, елді ояту, саясатқа тарту мүддесіндегі саяси жұмыс болатын. Ол Алаштың табанды күрескері болды. Бірінші және екінші жалпықазақ сиезінің ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласып, Алаш партиясының бағдарламасын жазды.
Очерк, көсемсөз, мақала, кескіндеме, шағын әңгімелер арқылы Міржақып Дулатов қазақ журналшылығының, оның жанрларының да жетіліп, қалыптасуына үлес қосты. Зерттеушілер Міржақыптың «Қазақ, қырғыздың ататегі» атты мақаласын жоғары бағалайды. Бұл зерттеуде қазақ тарихына қатысты өзге жұрттар жазбаларындағы XVIII-XIX ғасырлардағы ұшқары, дәйексіз болжамдарды сынай отырып, «Д.Фердоусидің «Шахнамасындағы» қазақтар туралы мәліметтерге, қазақтар жайында Х ғасырдағы Вамбери пікіріне сүйене отырып, қазақ атауының тарихы ежелгі дәуірлермен астасады деген пікірлерге тоқталады» («Қазақстан тарихы. энциклопедиялық анықтамалық» Алматы – 2006, 211 бет).
Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсынұлымен тізе қоса, тізгіндесе жүріп, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте батыл болған, айнымай, табандылықпен не бейнетті көрсе де шыдай білген. Ол 1935 жылы айдауда Ақтеңіз-Балтық каналы құрылысында жүріп қайтыс болады. Ахаң, Жақаңдардың замандасы, саяси көзқарасы үшін қуғын көрген ақын Файзолла Сатыбалдыұлы Міржақыптың қазасын естігенде:
Міржақып өлді деген сөз,
Ішімді өртеп кетті лез.
Дірілдеп жүрек демігіп,
Малынды жасқа екі көз.
Қасиет тұтқан Алашым,
Кеңге жайған құлашын.
Намысты қолдан бермеген,
Қайран да менің нағашым.
Міржақып пен Ахмет
Нақақтан-нақақ болды шет.
Бір уақыттар болғанда
Ақталар орнап әділет.
Қиянат кетпес тоқтаусыз
Әділ сөз қалмас құптаусыз.
Күндердің күні болғанда
Міржақып кетпес жоқтаусыз, - деген екен. Сол сөздің шындығын міне, тәуелсіздік заманында көріп отырмыз.
С.Шүкірұлы
