Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Ахмет байтұрсынұлы

(1873 – 1937)

Ахмет Байтұрсынұлын заманында үлкен-кіші атын толық атамай, Ахаң десіпті. Ұлтым деп патшалық Ресей заманының қуғынынан көз ашпаған, халқым деп кеңес заманының бар азабын тартып, «Жазығым не?» деп қоғамға сұрақ қойған, ақыры саясат құрбаны болған Ахаң бір тұлғаға емес, мың тұлғаға татар ұлтына қайыры тиген кісі.

Сол Сәбит: «Ленинді бай сыйламайды, сөзін оқып сүйінбейді, күледі, мазақтайды. Ал, Ахаңды еңбекші сыйламайды. Өйткені, Ахаңның еңбекшіге арнап өткізген еңбегі жоқ», - деген. Ленинге қатысты сөзі жөн болар, ал Ахаңа қатысты сөзінде ұшқарлық бар. Ахаң таптан, топтан биік тұрған тұлға, ұлт көсемі болған тұлға. Сәбит «Көсеммін деп айтуға Ахаңның өзі батырлық қыла қоймас», дегеніндей Ахаң «мен көсеммін» демеген, көсемдікке ұмтылмаған да. Ол тек ұлтына қызмет етуді ғана мақсат еткен. Ахаңды көсем деп мойындаған – ел, жұрт, халық, ұлт. Сөздің бастапқы шығуы – шәкірті Мұхтар Әуезовке тән. Тіпті, сол шақта қызыл сұңқар атанып, билікте отырған Сәкен Сейфуллиннің өзі Ахаңның 50 жылдығында, «...байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды» деп сипаттаған. (Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. «Жазушы» 1989. 7-бет).

Қалайда Сәбит Мұқанов та: «Ахаңның тарихи істері бар. Әйткенмен, Ахметті қазақ еңбекшілері ұмытпайды емес, қазақ тарихы ұмытпайды», - деп еріксіз мойындайды. (С.Мұқанов сөзінен келтірілген деректер «Алаш ақиқаттары кітабынан. Алматы «Алаш 2006. 84-бет).

1998 жылы мынадай жағдайға өзім куә болдым. Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Мемлекеттік университеттің бастамасы бойынша (сол кездегі ректоры марқұм Зұлқайнар Алдамжаров) Ахаң күндері өтті. Қостанайдың ең мәртебелі көшелерінің біріндегі «Советская» деген сөз алынып тасталып, «Ахмет Байтұрсынұлы көшесі» деген сөз салтанатты түрде шегеленді. Бұрынғы облыстық атқару комитеті ғимараты алдындағы алаңда тұрған бір ғасырдай сананы билеп, өзіне жарты әлемді бас идіріп келген Лениннің мүсіні тұғырынан алынып, орнына Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылатындығы жазылған белгі тас қойылды (кейін ескерткіші орнатылды). Көзқарастары әуелден келіспеген, оның билікті саясатының сілтісі тиіп, тақсірет тартқан Ахаң уақыт сынынан өтіп, тарих қойнауынан көтеріліп, әу баста өзі тұруға тиісті орынға тұрды. Бұл Ахаңды тарихтың ғана емес, халықтың да ұмытпағандығы болса керек. Сол жолғы жиында академик Зейнолла Қабдолов Ахаң еңбегін Аристотельдің ісіне теңей отырып: «Ахаң ана тілін түрлеуші, Ана тілі деп атаған кісі. Кезінде Қажым Жұмалиев пен Есмағамбет Ысмайылов екеуі қазақ әдебиетінің теориясын жазды. Бірақ ол еңбектің басы жоқ еді. Бассыз нәрсе түсінікті болар ма? Ол бас – Ахаң еңбегі болатын. Ахаңды тірілтіп алған бақытымызбен құттықтаймын», - деп еді.

Ахаң – қазақ әліпбиінің атасы, қазақ тіл ғылымының, түркі тілтану ғылымының атасы. Бұл бүгінгі сөз емес, кезінде оны солай деп танып, мойындаған болатын. Бүгінгі қазақ әліпбиін Ахаң негіздеген, оның дыбыстарын анықтап, әріптерін атап, жазу ереже-емлесін жүйелеп, бүкіл қазақ тіл ғылымы атау сөздерін қазақша қалыптастырып берген. Ахаң – қазақ мысалының негізін салушы, аудармашы, көсемсөзші, кәсіби журналшылықтың, баспагерліктің бұларды ұлт мүддесіне орайлы пайдаланудың өнегесін танытқан, жалпы бойға біткен қабілетті баспайдаға емес, халыққа арнау үлгісін көрсеткен тұлға.

С.Шүкірұлы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]