Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Мәшһүр жүсіп көпеев

(1858 – 1931)

Кешегі ХХ ғасырда жетпіс төрт жыл ғана өмір сүрген Советтік Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын мемлекетте, түрі ұлттық, мазмұны социалистік деп аталғанымен ұлы орыстық шовинизммен ұштасқан коммунистік идея басым тоталитарлық жүйеде іс-әрекеті мен шығармашылығында діни көзқарас, ұлттық мақсат тәуелсіздікке ұмтылу идеясы бар тұлғалардың есімін ел есінен шығарып, ұмыттыру мақсатында саясат бұғауында ұстап, оқытбай жасырып келгені белгілі. Қазақ халқының осындай перзенттерінің қатарындағы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт білімпаздары мен зиялы топ өкілдерінің бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.

Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жайзатыс деген жерде туған. Ауыл молдасынан бес жасынан оқып, хат таныған ол 1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы діни жоғары оқу орнында оқып білім алады. Жасынан өнер білімге, әдебиетке құмар болған жас ақын ауыз әдебиеті үлгілерімен жас кезінен танысып халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. Мәшһүр Жүсіптің:

Айрылдым дәл он бесте ақыл естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен, – деген жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасында басталған.

1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады. 1907 жылы Қазандағы Құсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады.

Ақын «Дала уәлаяты» газеті мен «Айқап» журналында заман ағымына байланысты публицистикалық мақалалар да жариялап тұрды. Ол «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Шара батыр» жырларын, Баяты ақын Шөже, Шөже мен Қалдыбай, Жанақ пен Түбек, Жанақ пен Сақау, Күдері мен Ұлбике, Ұлбике мен Жанкелді, Шортанбай мен Орынбай, тағы басқа айтыстарын, Бұқар, Шортанбай, Шөже, Орынбай тәрізді ақындардың, қазақ ру-тайпаларының шежіресін қағазға түсірді.

Ақын өзінің қай шығармасында болсын халық көкейіндегі толғағы жеткен мәселелерді сөз етеді. Мысалы, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» дейтін еңбегінде халықтың өз жер-суынан айырылып, патшаның отаршылдық бұғауына түскенін ашына жазады. Ол өз заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, рухани-мәдени өсу деңгейін, кем-кетік тұстарын кеңінен толғайды. Бұл тұрғыда Мәшһүрдің шығармаларындағы ағартушылық сарын оның поэзиясында айрықша көрініс табады. Ақынның Шығыс қисса-дастандарының, мысал өлеңдерінің озық үлгілерін үйрене отырып, еліктеп жазған «Гүлшат – Шеризат», «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама», «Баяннама» тағы басқа дастандары мен мысал өлеңдері кең тараған.

Мәшһүр Жүсіп өзінен бұрын өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократиялық үрдіске, өркениетке жетуді насихаттайды.

Жасынан діни білім алған, Құран - Кәрімді жаттап өскен, діни тәлім-тәрбие көрген Мәшһүр өз шығармаларын жазғанда шариғат ережелерін басшылыққа алып отырған.

Осындай көп қырлы қаламгер, білімпаз, ағартушының тағылымды істерін ұрпақ санасына сіңірудің орнына қайтыс болған соң артына түсіп, жиырма бір жылдан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінде Мәшһүрдің ұлтшыл буржуазиялық және діншілдік көзқарасты әшкерелейтін мақаласы жарияланады. Оған Қазақстан Орталық партия комитеті қаулы шығарып, ақынның моласы талқандалып, баласы Фазыл мектептегі мұғалімдік қызметінен қуылады.

Қ.Алпысбаев

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]