- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Махамбет өтемісұлы
(1803 – 1845)
Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан әрі дамытып, өзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік өлең үлгісін биік сатыға көтерген бірден-бір ақын – Махамбет Өтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын көрініс табады.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім, -
деп асқақ арманын білдірсе, оны орындау үшін бас кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет өлеңінің негізгі объектісіне айналады.
Еңсесі биік ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім
Керегесін кескілеп,
Орын етсем деп едім
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім, -
деп мақсат тұғырын толғайтын жыр төгеді.
Мұның бәрін жүзеге асыру үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде қалыптастырып қадап айтқан:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңқу-еңқу жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майға ерімей
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей
Өзі талып ет жемей
Ер төсектей безінбей,
Ұлы түске ұрынбай
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай
Темір қазық жастанбай
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!! –
деген жолдары тек батырларды ғана емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық алдындағы міндетін айқындап тұр.
Махамбет өлеңдері – көтеріліс шежіресі, халық мұңының көрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық жолындағы күрес басшыларының бірі ретінде азаматтық тарихымызда да, сөз өнерінің асқақ өкілі ретінде әдебиет тарихында да өзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді.
Қ.Алпысбаев
Құрманғазы сағырбайұлы
(1818 – 1889)
Күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазақ музыка тарихында ерекше орны бар аса ұлы тұлға. Ол – әрі күйші сазгер, әрі дүлдүл домбырашы. Күйшілік өнерді ерекше сатыға көтерген ол ұлттық аспаптық музыканы әлемдік классикалық туындылармен тайталаса алатын дәрежеге жеткізе білді. Оның шығармалары арқылы қазақтың күй өнері жаңа деңгейде дамып, шыңдала түссе, шәкірттері арқылы домбырашылық шеберлігі жалғастық тапты. Бұрын басқа домбырашыларда байқалмаған орындаушылық шеберлік Құрманғазы күйлерінің ерекшелігін айқындап, жаңа леп, соны тәсіл әкелді. Оның күйлерінде өз заманының болмысын сипаттайтын тарихи мазмұн да, терең ойға жетелейтін саздылық та толы.
Күйшінің «Аман бол, шешем, аман бол», «Кішкентай», «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешен», «Перовский марш», «Қызыл қайың», «Көбік шашқан» т.б. күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар. Мысалы, «Кішкентай», «Көбік шашқан» атты күйлері Исатай-Махамбет көтерілісіне арналса, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың» т.б. күйлер сазгердің өз өміріне қатысты туған, патша үкіметі, билік иелері тарапынан көрген қуғын-сүргінге байланысты шыққан. Құрманғазы күйлері түрлі тақырыпты қамти отырып тыңдаушысын ерекше әсерге бөлейді. Бойға жігер, көңілге шаттық ұялатады. Оның «Бас Ақжелең», «Ұзақ Ақжелең», «Серпер», «Алатау» тәрізді күйлері өзге халықтың симфониялық шығармаларынан бірде кем емес ұлттық мұра болып қалды. Құрманғазы алғашқы кезде Ұзақ күйшіден, кейін Байжұма, Баламайсан, Есжан, Шиіркеш тәрізді күйшілерден білім алып, ұстаз тұтса, өзі де күйшілік өнерде өзіндік мектеп қалыптастырған ұлы ұстазға айналды. Сазгер ретінде артына қалдырған мол мұрасы арқылы сан ұрпаққа рухани тәрбие беріп, халық рухын көтеруге қызмет етіп келеді. Алматыдағы ұлттық консерваторияға және бір көшеге Құрманғазы есімі берілген. Сондай-ақ Ахмет Жұбанов 1934 жылы ұйымдастырған қазақтың тұңғыш академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Атырау облысындағы бір аудан Құрманғазы атымен аталады. Құрманғазының зираты Ресейдің Астрахань облысында жатыр.
Қ.Алпысбаев
