Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Райымбек

(1705 – 1785)

Райымбек – елін, жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде көрсеткен батырлығы мен ерлік істері аңызға айналған тұлғалардың бірі. Оның жасаған ерліктері халық жадында жатталып, ауыздан ауызға көшіп, ұрпақтан ұрапққа ауысып, қазақтың қас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай секілді ғасырлар бойы есімі ерекше аталып келеді.

Айтушылардың бүгінге жеткізген әңгімелеріне қарағанда, Райымбектің нағашысы Жалайыр Орақ батыр болса керек. Ал өз әкесі Түкенің батырлығы болмағанмен атасы, яғни Түкенің әкесі Қангелді әйгілі батыр, ел басшыларының бірі болған. Осы тұрғыдан келгенде Рйымбекке батырлық өз атасынан да, нағашы жағынан да дарыған.

Райымбектің жас кезінен-ақ көріне бастаған болашақ батырға тән ерекше іс-әрекеті мен әулиелік қасиетін сипаттайтын аңызбен аттасқан әңгімелердің бір парасы мынадай: Райымбек үш жасында ат басын алып жүреді, бес жасқа келгенде өзі ат ұстап мініп, жылқы айдайды. Жеті жасында жігіт ретінде жылқы бағуға жарайды. Болашақ батыр жеті жасқа келгенде нағашы атасы бір көк тай, садақ, айбалта, қылыш, найза, қалқан, сауыт, болат семсер даярлап алып келіп, Қангелді батырға тапсырады. «Менің жиенім Райымбек өсіп жігіт болады, ел қорғау үшін жорыққа аттанады. Сонда мінетін аты, асынатын құралдары» депті. Сол сәттен бастап Райымбек көк тайды иемденіп, оны өзі айтқанын ұқтыруға, түрлі жағдайға икемдеп дағдыландырып үйрете бастайды. Өзі он бес жастан асқанша садақ тарту, қылыш шабу, атпен ойнау әдістерін, суда атпен жүзу, жеке өзі суға сүңгіп малып өту әдістерін меңгереді. Жастайынан дағдыланып, әбден бойына сіңірген бұл қасиеттер кейін жорықтарда жеңіске жетуіне зор мүмкіндік туғызады. Ержүрек батылдығы мен соғыста жеңіске жетудің түрлі амал, айла-тәсілдерді қолдана білумен ұштасқан іс-әрекеті Райымбекті ерекше даңққа бөлеп, аты аңызға айналады. «Іле өзені қақ жарылып жол беріпті» деген аңызбен астасқан әулиелік қасиеті дәріптеледі. Райымбектің әулиелігі жайында айтылатын мына бір аңыз соның дәлелі: «Менің өлігімнің өзі бір қазан, ошақ», - дейді екен тірісінде батыр баба: «Мен өлгенде денемді түйеге артып жүріңдер. Түйе шөккен жерді қазып жерлеңдер. Сол жерден бір қазан, ошақ шығады» дейді. Шындығында батырдың айтқанын орындап, түйе шөккен жер қазылғанда қазан мен ошақ шығыпты дейді аңыз желісі. Ол жер қазір Алматы қаласындағы Райымбек батырдың есімімен аталатын даңғылдың бойы. Батыр жерленген жерде шөккен түйе мүсіні қоса салынған үлкен ескеркіш тұрғызылған. Халықтың құран оқып, тәу ететін қасиетті орынның бірі саналады. Алматы облысында бір аудан, Астанада бір мектеп Райымбектің атымен аталады. Белгілі жазушы Жолдасбай Тұрлыбаевтың батыр баба өмірі мен ерлік ісін арқау еткен екі кітаптан тұратын «Райымбек» романы жарық көрді. Оның алғашқы томы қазақтың өткен ғасырлардағы батырларын ашық дәріптеуге болмайтын кеңес өкіметі тұсында 1987 жылы «Тамыз таңы» деп аты өзгертіліп шыққан.

Бұл тарихи батырлар жеке кейіпкер етіп алынған қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман еді.

Қ.Алпысбаев

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]