- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Жәнібек тархан
(1693 – 1752)
Заманның зауалды шақтарында елге ес болатын, тізгінді берік ұстап, не қиындықтан болса да тайсалмай, алға шығатын тұлғалар болады. Көп пенде ақылдылығынан емес, менмендік, іштарлық, байлық, өзімшілдің кернеуімен билікке ұмтылады. Алайда билікке жеткенімен, ел билеп жетістіре алмайды. Бас пайдадан басқаны ойламайтын ондайлардың халықты сорлатқаннан басқа бітірері жоқ, елді-жұртты ұшпаққа жеткізу орнына, сорға батыратынына тарихта дәлел аз емес. Ал ел деп туған ерлер болса, билік пен байлыққа өкпектемей, ерлікке, ел намысын қорғауға ұмтылып, халық келешегін ойлауды мұрат тұтқан.
Қазақтың сондай бір кісісі – Жәнібек, Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек Тархан. 1693-1752 жылдары өмір сүрген тұлғаның тұсы қазақ халқының аса бір ауыр шағы, «Ақтабан - шұбырынды, Алқакөл - сұлама» аталған жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы Отан соғысы жүріп жатқан заман-ды. Елді азат ету, халықты сақтау, жерді ұстау – жан пидалыққа дейін баруға теңелген кез-ді. Ерлік те керек еді, соған қоса ақыл-айла мен табандылық та қажет-ті. Осының бәрі бойынан да, ойынан да табылған кісінің бірі – Шақшақ Жәнібек болды.
16 жасында қатардағы сарбаз болып соғысқа кіріп, 17 жасында жекпе-жекке шығып, содан былай шешуші сәтте жоңғардың айтулы батырларымен ылғи жекпе-жекке шығып, жеңісті болып Алғадай атанған батыр Жәнібек қол бастауға дейін жеткен. Тәуке ханның қолынан бастап батыр-хандар Әбілқайыр, Абылайларға серік те, ақылшы да бола білген, ел билігінің ішкі де, сыртқы да саясатында өз орны болған тұлға.
«Генералы Казахстана» деген ҚР генералдар кеңесі қоғамдық бірлестігі шығарған кітапта (Алматы - 2006):
«Указ императрицы Элизаветты Петровны о присвоений звания Тархана Жаныбек батыру был опубликован второго июля 1743 года:
Батыра Жаныбека следует считать первым, признанным соседними народами, военным главнокомандующим казахского происхождения», - дейді.
Осы кітапта А.И.Левшиннің 1723 жылы:
– «Не будь Жаныбека, вся Северная часть казахской степи очутилась бы под копытами войска Сыбана Раптана», - деген сөзі де берілген. (үзінділер 18 бетте).
Ал, 1742 жылы Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюев Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Ол ықпалы мен беделі жағынан халық арасында хандар мен сұлтандардан кем саналмайды.
Хан немесе Сұлтан тұқымынан болмаса да, Жәнібек өте ақылды, өзін басқа ел ағаларынан артық санайды», - деп жазған. («Абылай хан» өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Астана-2005. 128-129 беттер).
Шақшақ Жәнібек Тархан туралы В.Вартольд, И.Крафт, И.Рычковтар да бағалы пікірлер айтқан. Шоқан, Ахмет Байтұрсынұлы, Абай төңірегіндегі ақындар да шығармаларына қосқан. Ал сол заманның куәсі Бұқар жырау:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаздауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек –
Ормандай көп Орта жүз,
Содан шыққан төрт тірек, - десе, Тәтіқара ақын:
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза.
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда, - деп бағалаған.
Көне жазбаларда Шақшақ Жәнібекке қатысты мұндай деректер жеткілікті. Дастандар да бар. Бүгінгі сөз емес, өз уақыты және сол заманның табы басылмаған шақта хатқа түскен сөздер құр мақтан емес, тарихи шындық, ер еңбегіне берілген әділ баға. Бергі заман қабырғалы шығармасы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» және «Үркер» романында да Шақшақ Жәнібектің қайраткерлігі келісті бейнеленген. Тәуелсіздіктен бері де шыққан еңбектер бар. Шақшақ Жәнібек батыр – ұлт тарихында өз орны бар тұлға.
С.Шүкірұлы
