- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Әйтеке би
(1683 – 1739)
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері – Әйтеке Байбекұлы. Ол – жаратылысында әйгілі адам: Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының бесінші ұрпағы, бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ халқы «жаны пәк жан» деп атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әйтеке Байбекұлы – Қоқан ханы Ақшаның немересі, Жалаңтөс баһадүрдің немере туысы.
1644 жылы 23 наурызда Өзбекстанның Қазбибі тауында, Қызылша ауылында дүниеге келген Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Шешендік қасиеті әкесі Байбек пен Қосуақ бидің ықпалынан болған. Жеті жасынан бастап Әйтекені аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр өз тәрбиелеріне алады. Ол Самарқандағы Ұлықбек медресесінде оқып, оны бітірген соң, ел басқару ісіне араласады. Тілге шешен, істе шебер Әйтеке 21 жасында бүкіл Бұхара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болады. 25 жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. Әйтекенің атсалысуымен 1680 жылы Салқам Жәңгірдің кіші баласы Тәуке хан болып сайланады да, ол шешенді ресми түрде айрықша құқылы «Хан кеңесінің» мүшесі жасайды. Осы кезде жаңа заң үлгісіндегі «Жеті жарғы» қабылданады.
Әйтеке шешен «қара қылды қақ жарған әділ» ғана емес, жоңғарлармен ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 жылы Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан Бошақтының он мың жасағына бес мың қол әскерімен қарсы аттанған. Қырғын соғыс бір күнге созылады. Әйтекеге Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан Бошақты Сайрам төңірегіне шегініп кетеді. Сайрам талқандалып, ендігі жиын Күлтөбеде емес, Түркістанда өтетін болады.
Қазақ сахарасына көз тіккен көрші елдерден қауіптенген Әйтеке 1698-1699 жылдары жиында бірнеше ұтымды ұсыныстар жасайды: шекара аймақтарында өз жасақтарымызды ұстау; қару-жарақты көптеп сатып алу және оған қаражатты ауқатты адамдардан жинау; қазақ жасағын басқаратын қолбасшының қарадан шыққан шешен, көсем, батыр және елшілік жұмысты жақсы білетін адам болуы және оны Ресей, Қытай, Түркия немесе Еуропа елдерінің бірінде оқытып алу. Бұл Әйтекенің мемлекеттік саяси мәселелердегі көрегендігін көрсеткен еді. Әйтекенің бұл ұсынысын Төле, Қазыбек сынды ел басқарған билер қолдайды да, мол шығынды ауырсынған байлар қолдамайды.
Ел аузында Әйтеке би айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар мен баталар, ол туралы аңыз-әңгімелер, жырлар көп сақталған. Соның бірі – «Әйтеке би» атты ұзақ дастан.
Әйтеке би 1700 жылы Өзбекстанның Нұрата ауданы Сейітқұл қорымында қайтыс болады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір «Әйтеке ауданы» деп аталады.
А.Мұсабекова
Қабанбай батыр
(1692 – 1770)
Тұлғаны заман шығарады. Әрі сол уақытына сай қалыптастырады. Адам қабілеті қоғам қажетсінген күрделі жағдайды шешуге бейімделеді. Бұл өз кезеңінің тұлғаға жүктер міндеті. Жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы Отан соғысы халқымыздан батырларды көп шығарды. Тіпті сол шақтағы қазақ жұртын бүтіндей батырлардан тұрады деуге де болғандай. Әлбетте, сол көп батырдың ішінде де дарасы, батырларға да батырлықтың өнегесін көрсететіндері болады. Сондай дарабоз батыр – Қабанбай. Халықта Қаракерей Қабанбай атанған – Ерасыл Қожақұлы жеке батырлықтан қолбасшылыққа дейін жеткен, ел сыйлап, жұрт сенген, қайратына халық сүйінген кісі болған.
Батыр, батыр болғанда да ештеңеден ықпайтын нағыз батыр болыпты. Замандасы Шақшақ Жәнібектен Қарақыпшақ Ерназар батыр:
- Өзіңіз білетінде кімнің ерлігін ерен деп санайсыз? – деп сұрапты. Сонда Жәнібек:
- Өткендегі, бергідегі қазақта Қабанбайдан артық батыр болған емес. Қабанбай – әруақты батыр. Бір өзі келе жатқанда екпінінен 400-500 адамның дүмпуі білінетін. Қабанбай қаранөпір жауға тиіскенде, кірген жағы – есік, шыққан жағы – жол болып қалушы еді, - депті.
Қаракерей Қабанбай батыр туралы халық әдебиетінде сол заманнан бері талай ақын жырлаған толғау, дастан, өлеңдер аз емес. Ғылыми зерттеу жазба әдебиеттен де өз орнын алған тұлға. Батырдың тұтастай толық бейнесі жасалған шығарма – Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романы. Астана қаласы іргесінде батырға арналып салынған кешенді ескерткіш тарихи-мәдени орындардың біріне айналып отыр.
С.Шүкірұлы
