- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Бұқар жырау
(1668 – 1781)
Бұқаралық ақпарат құралдары жоқ заманда қазақтың пікір алуандығын ақындар мен шешендер, билер білдіріп отырған. Әсіресе ел алдында беделді, сөзінің дуасы бар, бетті ақын-жыраулар ел тағдырына қатысты ой-пікір, көзқарастарды халық атынан билік алдына көлденең тартып отырған. Алайда бұл оңай іс емес. Оңай еместігінен де болар, Бұқар:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ, - деген екен. Енді бірде: Арту-арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп,
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп, - депті. Мұны сол замандағы сөз қадірін, оның әлеуметтік маңызы мен парызын да айқындаған пікір десек болады. Әлбетте, хан алдына ұсақ-түйек емес, елдік мәні бар әлеуметтік һәм саяси істерге қатысты ой-пікір ұсынылған.
Орыспенен соғысып,
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба...
Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді,
Соғыспа деп жырлайды...
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін
Қылмаңдар жанжал ерегес.
Бұл қылықты қоймасаң,
Құдайдың бергеніне тоймасаң,
Көрерсің сонан теперіш, - дегендей елге, жұртқа зардапты істерден сақтандырып, тежеу сөз айтып отырады.
Бұқар жырау Абылай ханға қоғамдық пікірді айта білген. Бұл ханға бұқараның ойын біліп, ел ішінің ахуалын тануға, күнделікті һәм күрделі қаракет қимылдарының оң-терісін бағамдап отыруға әрі алдағы ісін бағдарлауға ой салып отырған.
«Ай, Абылай, Абылай»-лап бетті ханға басқаның тілі жетпес ел сөзін Бұқар ғана айтқан. Бұқар сөзі ел сөзі болғандықтан да халық жадында сақталып, бізге жеткен. Абыз жыраудың дана қартқа лайықты ғибратты сөздері бүгінгі ұрпаққа да ой салардай мағыналы.
1693-1787 жылдар аралығында өмір сүріп, билік тұтқасын ұстаған әз Тәукеден – Абылай хан тұсын қоса би болып, жырау болып билік пен халық арасындағы өткелдей болған қайраткер ақын, зерттеулер дерегі бойынша «Бұқар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің аралығындағы ақын» («XVIII-XIX қазақ ақындарының шығармалары». Алматы – 1962, 386 бет). Бұқар жырлары елге кең таралған. Кезінде жұрт жатқа айтқан. Хатқа да түскен. Зерттеулер ресми түрде баспасөзде жариялана бастауын 1925 жылы «Таң» журналынан деп санайды.
С.Шүкірұлы
Бөгенбай батыр
(1678 – 1775)
Бөгенбай батыр Ақшаұлы – Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руы, есімдері елге танымал батырлар әулеті. Атасы Әлдеуік еңсегей бойлы Ер Есімнің, әкесі Ақша Әз-тәуке ханның даңқты қолбасылары болған.
Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан.
Жақын адамдардан әскер құрып, кейін елде «Қанжығалының қырық батыры» атанған. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болып, «Қанжығалы Бөгенбай» атанып, халықтың құрметіне бөленген.
Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден өтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алған казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында отыз мың қолды бастап барып, казак-орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады.
Осы кезден қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың атақты батырларымен бірігіп, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысады.
Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналды. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған «Аңырақай шайқасында» Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы береді. Ұлы жеңістен кейін Ордабасы жерінде үш жүздің әскер жасақтарының үлкен жиыны өтіп, қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне бірнеше рет соққы берілген.
1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, қалмақ әскерін асқан ерлікпен жеңеді. Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорықтарының бірі – Аягөз өзенінің бойында болған. Қазақ қолынан жеңілгенін мойындаған жоңғарлар келісімге келіп, бұдан әрі жауласпауға ант береді.
Бөгенбай батыр «Қанжығалы қарт Бөгенбай» атанып, 1775 жылы дүние салып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленеді.
Л.Серғазы
