Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Шалкиіз жырау

(1465 – 1560)

Хандық дәуірдегі қазақ поэзиясының ірі өкілі Шалкиіз ХҮ-ХҮІ ғасырлар аралығына сарай маңында жасаған тұлға әрі батыр, әрі би, әрі жырау ретінде ноғайлы дәуірінде өмір сүрген. Сондықтан да құмық ноғайлары оның бірқатар шығармаларын өздеріне теліп, төл жырлары санап жүр. Шалкиіздің әкесі қазақтың ірі феодалдарының бірі болса, шешесі – орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы. Ел аузындағы әңгімелерде Шалкиіздің батыр, әскербасы болғандығы айтылады. Шалкиіздің өз шығармаларынан да оның жауынгер, жорықшы жырау болғандығы көрінеді. Осы тұрғыдан келгенде жыраудың өлең, толғаулары – белгілі дәрежеде, жаугершілік поэзиясы. Шалкиіз жырау – әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған, қазақ әдебиетінің дербес әдебиеті ретінде қалыптасу дәуірінің көш басында тұрған тұлғалардың бірі. Ол көп уақыт Би Темірдің ордасында болған. Билікке араласумен бірге жорықтарға қатысқан. Соған орай Би Темірдің қадірлі, сыйлы ақылшыларының бірінен саналған. Алайда әділетсіз уәзірлерді өткір мінеп-сынаған жырауды көре алмаған Орда төңірегіндегілер Би Темірмен арақатынасының бұзылуына итермелеген. Шалкиіздің бізге жеткен шығармалары жырлар, толғаулар. Бұл жөнінде Қазақстан тарихында дерек те бар. Ақын хандар мен билер, сол дәуірдегі ел өміріне жырлар ғана емес, адамгершілік тәлім-тәрбие үлгісіндегі толғаулар да шығарып отырған. Шалкиіз мұралары А.Харузин, П.Распопов, С.Сейфуллин кітаптарында кездеседі. Е.Ысмайылов жырауды сол замандағы ірі әдеби тұлға деп бағаласа, М.Мағауин «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында бір топ шығармаларымен бірге, әдеби өмір жолы жайлы танымдық зерттеу мақала жазды. Сондай-ақ «Қобыз сарыны» монографиясында Шалкиіз шығармашылығы жөнінде жан-жақты талдаған. Жырау ел ынтымағын, татулығын өнегелей келе, халықтың болашағына алаңдайды. Оның ойының тереңдігі, ұшқырлығы, шешендігі, тілінің өткірлігі мен байлығы сөз өнерінің шебері екенін анықтайды. Ол адамгершілік пен ерлікті жырлап, дәріптеп, өз дәуіріндегі халық рухын көтереді. Оның толғауларының дыбыстық жүйесі, шумақ, тармақтарының үйлесімділігі, ырғақтарының өзгешелігі, салыстыру, теңеулерінің нақтылығы жыраулық талантының биіктігін дәлелдейді. Ол – адам келбетін, бейнесін жасаудың да шебері. Хан маңындағы батырлардың ерлігі мен асыл қасиеттерін жырлап, елге өнеге етеді. Әрқайсысына лайықты бейнелеулер, айшықты сөз үлгісін таба білген. Ол өз дәуіріндегі күрескер, патриот, ел мүддесін тереңнен ойлаған атақты жыраулардың бірінен саналады. Жырау мұралары орыс тіліне де аударылып басылған.

Қ.Алпысбаев

Қасым хан

(шамамен 1445 – 1518)

Қасым хан – Керей ханның немере інісі Жәнібектің ортаншы ұлы. Қазақ хандығы Қасым ханның билігі кезінде шарықтай түсті. Алғашында Керей ханның баласы, тақ иесі Бұрындық ханның атты әскеріне қолбасшылық етті. Қан майданда асқан ерлігімен көзге түсті. Бұрындық хан көз жұмғаннан кейін таққа Қасым хан отырды. Қасымның хан сайлануымен билік Жәнібек ұрпағына ауысады. Қасым көптеген шайқастарда ерлігімен көзге түскен батыр, тапқыр қолбасшы болды. Ол хандық құрған 1511-1523 жылдары қазақ қоғамы жоғары сатыға көтеріліп, ең қуатты мемлекетке айналды. Ханның басты мақсаты бейбіт өмір кешу болатын. Қасым Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен достық қатынаста болды. 1513 жылы Сұлтан Сайд Ташкентке біріккен жорық ұйымдастыруды ұсынды, бірақ Қасым бұл ұсыныстан бас тартты.

Көршілес рулар мен тайпалар Қасым ханның атақ-даңқын, кемеңгерлігін естіп, өз еріктерімен келіп қосылып жатты. Оның қол астындағы аумағы ұлғая берді.1514 жылы Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығая түсті. Осылайша хандықтың шекарасы оңтүстігінде Сырдарияға дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың едәуір бөлігін, солтүстік-батысында Жайық өзені аңғары мен солтүстік шығысында Ұлытау және Балқаш көлінен өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін кеңейді.

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық дерлік қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті. Қасым ханның қол астындағы халық саны миллионға жетті. Қасым хандығы көптеген елдерге танылды. Еуропаның бірнеше елдерімен (Қырым, Астрахан, Қазан, Мәскеу) дипломатиялық қатынас орнатты. Жан-жақты білгірлігінің, саясаткерлігінің арқасында 1516-1517 жылы Мұхамед Шайбанидың әскерін тас-талқан етіп жеңіп, мемлекетін құлатты. Қасым хан қалың қол жинап, Ташкентке жорыққа шықты. Сүйініш қожа хан әскерімен Ташкент түбінде болған шайқаста Қасым хан жарақаттанып, кейін шегінді. Қасым хан 1518 жылы (кей деректерде 1523/24 жыл) Сарайшық қаласында қайтыс болды.

Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деп енген өзі дайындаған конституциялық құжаттың көмегімен ел басқарды. Бұл қазақ ұлтында тұңғыш жасалған заң еді. Заң бес тараудан тұрды. Заңда Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи әдет-ғұрып ерекшеліктер сақталып, сол кездегі қазақ жұртының табиғатына сай етіп жасалған болатын. Қазіргі күні кейбір мәтелдер сол заңның тармақтарынан алынған.

Г.Әріпбекова

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]