Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Керей хан

(ХV ғасыр)

Керей хан – қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі, Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы.

ХV ғасырдың 50 жылдарына дейінгі тарихи мәліметтерде Керей хан туралы деректер жоқ. ХV ғасырдың 50 жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464 жж.) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған «Көшпелі өзбектер мемлекеті» халықтарының біраз бөлігінің Керей мен Жәнібектің қоластына өтуіне қарсы болмады.

Өзіне қарсы сұлтандардан саси топтың көрші болғаны үшін Әбілқайыр Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. 1468 жылы Әбілқайыр хан кенеттен қайтыс болып жорық тоқтатылады.

Әбілқайыр өлімінен кейін «Көшпелі өзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей мен Жәнібектің қоластындағы тайпалар Өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысы күшейе түсті. Соғыс басталып, Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх Хайдар қолбасшылары бағынбағандықтан жеңіліске ұшырады. Шейх Хайдарды жақтайтындардың көпшілігінің көзі жойылып, тірі қалғандары жан-жаққа босып, бытырап кетті. «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібек қолына өтті.

Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш Оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады.

Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры, қай уақытта қандай жағдайда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген.

Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.

Л.Серғазы

Қазтуған жырау

(ХV ғасыр)

Қазақ өлеңіндегі ерліктің, өрліктің, шамырқанған рухтың, шамданған кектің, буырқанып – бұрсанған ашудың, намыс қуған айбынның келісті сөзі Қазтуған жыраудан басталады. Қазтуған өз бейнесін өлеңімен өзі шебер кескіндейді:

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі,

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шәйі жібек оққа кірісті,

Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені,

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайыланған қасты орданың сырығы,

Билер отты би соңы

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл шайқаған жалғызы,

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған! («Бес ғасыр жырлайды» 1т. «Жазушы» - 1984).

Мұнда жыраудың өз сипатымен қатар, XV ғасырдағы қазақ қалпынан да дерек аламыз. Жалпы жырау өлеңдерінен уақыт табы, сөз қолданысы, салт-тұрмыс ерекшелігі айқын аңғарылады. Батырдың ашуы қуатты ақын сөзімен өршілдікпен бейнеленген. Жыраудың бізге жеткен мұрасы тым аз. Өлеңдері 1912 жылдан бастап баспа жүзіне шыға бастаған. Сөздері ноғай арасына да таралған.

Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деген өлеңін тәуелсіздік туғалы әнші Бекболат Тілеуханов жұрт мейірін қандыра жырлап келеді. Бес ғасырлық қазақ өлеңінің бастауында Қазтуған жыраудың алдында Асан қайғы ғана тұр. Қазтуған өлеңдері ғылыми зерттеуде де қамтылған.

С.Шүкірұлы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]