- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Жаркент мешіті
Жаркент атты екі қала бар. Бірі Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде. Бұл көне қалалардың бірі болып саналады. Мұнда 1858 жылы белгілі құлжа сапарында Шоқан Уәлиханов болған. Бұрын да, қазір де Қытайдағы қазақ бауырларымыз тұрады.
Жаркент атты енді бір қала өз аумағымызда. Бұл 1891 жылы патша үкіметінің Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережесі бойынша құрылған уез орталығы. 1910 жылғы дерек бойынша уезде 17 болысқа қараған 157 210 адам болған. 1918 жылы кеңес өкіметі орнағаннан кейін Жаркент уезі таратылып, Жетісу облысына қосылған.
Жаркент кеңес тұсында аудан орталығы болды. 1942 жылы ол Панфилов қаласы, Панфилов ауданының орталығы болып аталды. Қазір тарихи есімі қайтарылды. Алматы облысының құрамында.
Қаладағы мәдени-тарихи орындардың ерекше сәулеттісі де, көпке белгілі болғаны да Жаркент мешіті болып саналады. Орта Азия сәулет өнері үлгісіндегі бұл мешітті 1892-1895 жылдары ұйғырдың ірі байы Уәли Юлдашев деген кісі Хон-Пик деген қытай сәулетшісіне салдырған.
Мешіт тұтастай ағаштан, Тянь-Шань шыршасынан шегесіз қиюластырылған. Беті шығысқа қарата салынған мешіттің ауданы – 28x54 м, биіктігі – 14,5 м, ал мұнарасы – 19 метр. Ол 52 бағанамен тізбектеле айналдырыла қоршалған. Мешіттің іші-сырты ағашқа түсірілген әсем өрнектермен көмкерілген. Әрбір бағана кендірмен оралып, сыланып, қызыл жосамен сырланып, сырты лакталған. Арабша жазылған жазулардың өзі өрнекше өріліп, өте жарасымды келістірілген.
Мешіт ауласында қосымша шағын үй және медресе бар. Кешен биіктігі 2,5 метрлік тас қабырғамен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде екі үлкен қақпасы бар.
С.Шүкірұлы
Бәйтерек
Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласының жаңа орталығының орта тұсында орналасқан. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Өйткені самұрық құс өз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. Осы идея Бәйтеректің дүниеге келуіне себеп болған. Қазіргі кезде Бәйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мәдени орнына айналды. Астананың рәміздік бейнесіне айналған Бәйтерек елордада өтетін әртүрлі шаралардың, жиындардың, шығарылатын кітаптардың таңбалық белгісіне айналып отыр. «Бәйтерек» атауымен еліміздің әр түкпіріндегі нысандары аталып жүр.
Е.Тілешов
«Тарих-и рашиди»
Көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегі – XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек. Бұл кітаптың жазылу мәдениеті, ғылыми маңызы, тың әрі бізге беймәлім деректерінің молдығы, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық мәліметтерінің сонылығы, тарихи оқиғаларды нақты әрі айқын баяндауы оқырманды да, зерттеушілерді де тәнті етеді. Дулати өзіне дейін Тұраннан шыққан тарихи тұлғаларды толық дерлік қамтыған. «Тарих-и рашиди» ақындық қуат, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды. Оқырман Орталық Азия мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы танымдық мәліметтермен таныса алады. Европа жұртшылығы Мырза Хайдар шығармасымен бұдан 100 жылдан бұрын-ақ танысқан. Оның парсы тіліндегі аталмыш еңбегін ағылшын отаршылары Үндістаннан тауып, аударып, 1895 және 1898 жылдары Лондонда екі рет бастырған. Осы аударма Мырза Хайдар шығармасының әлемге таралуына кең жол ашты.
Ғалым мұрасын зерделеуге деген талпыныс бұрынғы Совет Одағы республикалары ішінде біздің елімізде де болмай қалған жоқ. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1941 жылы «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұдыз») журналында даңқты тарланбоз жайлы «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» атты арнайы мақала жазып, халқымыздың тарихының тым тереңде екеніне көңіл аударған.
Д.Мәсімхан
