- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Атамұра
«ҚҰРАН»
Жетінші ғасырда Таяу және Орта Шығыс халықтарының саяси және мәдени өмірлерінде маңызды екі үлкен оқиға болды. Оның бірі Ислам болса, екіншісі араб мемлекеті құрылды. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мекке қаласында дүниеге келген. Ол шамамен 570-580 жылдар арасында кедей хашим тайпасында туған. Пайғамбардың әкесі саудагер Абдулла ерте қайтыс болады. Ал анасы пайғамбарымыз алты жаста болғанда дүниеден өтеді. Одан кейін ағасы Абу Талибтің тәрбиесінде болады. 24 жасында саудагер Хадишаға үйленіп, біраз уақыттан кейін сауда жұмысын тастап, шамамен 610 жылдары дінді уағыздау жолына түседі.
Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» Жебірейіл періште арқылы беріліп отырған деген аңыз бар. Сонымен қатар «Құранның» 53-сүресінде пайғамбарымыз Алла Тағаланы көргенін айтады «ол көрінді де аян бере бастады», - дейді.
Сонымен «Құран» – адамдарға арналған пайғамбарымыз арқылы жеткен Алла сөзі. Ол 114 сүреден тұрады. Сүрелер мөлшерлерінің азаю реті бойынша берілген. «Фатиха» сүресі кіріспе рөлін атқарады. Әрбір сүре аяттардан тұрады, бір сүреде аяттардың саны әртүрлі болып келеді. 114 сүреде 77,934 сөзден тұратын 6,616 аят бар.
Діни тұрғыдан алғанда «Құранның» мақсаты ерте заманда арабтар арасында тараған пұтқа табынушылықты жою, олардың имандылық қасиеттерін оятып, жақсы жақтарын, заңдары мен діни ғұрыптарын, жол-жораларын қалыптастыру, сол секілді яһудейлердің дініне қарсы тұру, Алла тағаланың өзі сүйген құлдарын адастырмай түзу жолға салу болатын.
Саяси тұрғыдан алғанда, «Құран» арқылы жаңа ақиқат дінді таратып, жалғыз Аллаға ғана құлшылық қылуды, рухани және азаматтық хұқықтарды біріктіре отырып, тағдыр мен ерікті тек Аллаға байланысты ету арқылы мұсылмандарды мойынсұндыру еді. Осы негізде жаңа дінге Ислам деген ат берілді. Оның мәні жаратушы хақ тағала әміріне еркімен бас июшілер дегенді білдіреді.
Құран аят-аят болып, 23 жыл бойы әр кезде, нақтылы жағдайларға байланысты, не болмаса бір қарар-шешім қабылдағанда Мұхамед (ғ.с.) пайғамбарға көпшілік алдында немесе өзіне жеке келіп түскен. «Құран» Мұхаммедтің (ғ.с.) тірі кезінде топталып жиналмаған. Сүрелер оның жолын ұстанушылар арасына тұтас-тұтас күйінде таралған еді. 634 жылы, яғни һижраның 13 жылы Әбу Бәкір халифа Зәйд ибн Сәбитті алдырып, көпшілік қолында барлық сүрелерді жинақтауды, сөйтіп бір кітап етіп дайындауды тапсырған болатын. Содан бастап «Құран» жер жүзіне кітап түрінде тарап келеді.
Бүгін де «Құран» әлемнің барлық тілдеріне аударылған. Қазақ тілінде де қасиетті кітаптың Халифа Алтай, Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ғазез Ақытұлы тәржімалаған нұсқалары бар.
Д.Мәсімхан
Күлтегін
Күлтегін (684-731) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұғ қағанның кенже баласы. Ол 7 жасында жетім қалып, 16 жасында қару-жарақ асынып, ел мүддесі үшін өмірінің соңына дейін күресті. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712-713 жылдары түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап, араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан. Одан жеңіліс тауып, кері шегінеді. 712 жылы Алтайды мекендеген қарлұқтар мен түркілердің бір бөлігі бұларға қарсы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасақпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалды. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп, қарлұқтар мен олардың одақтастарына соққы берді. 715 жылы Күлтегін азаларды Қаракөл өзені төңірегінде ойсырата жеңді. Қытай жазбаларына сүйенсек, 715-716 жылдары Шығыс Түрік қағандығы ішкі дағдарыс жағдайында болған. 716 жылы бүлікшілер хан ордасын басып алмақ болғанда, Күлтегін қорғанысты ұйымдастырып, оларға тойтарыс берген.
716 жылы бүлік шығарушылардың бірі иер-байырқу халқы шабуылынан Қапаған қаза табады. Оның таққа иегер баласын Күлтегін өлтіреді де, билікке ағасы Білге қағанды отырғызады. Күлтегін қағандықтың сол қол шады және бас қолбасшысы болып тағайындалады. Олар дана Тоныкөкті ел басқару ісіне қайта шақырады. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты. 718 жылы қас жауы табғаштар шабуылын тоқтатты. Қағандық шамамен 721-722 жылдары Қытайға, 722-723 жылдары татабыға жорықтар жасаған. Өздерін толығымен іргелес мемлекеттерге мойындатқаннан кейін көрші елдермен саяси қатынастарын жақсартты. Ішкі-сыртқы саясатқа Күлтегін тікелей араласып отырған. 723-733 жылдар аралығында мемлекет ешбір елмен соғыспай, халық бейбіт өмір сүрді. Күлтегін қой жылы ақпан айының 27-күні 47 жасында дүние салады. Оның құрметіне жазылған Күлтегін жазуы тек түркі халықтарының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы болып табылады.
Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының жанына орнатылған (8 ғ.). Ескерткіштің биіктігі – 3,15 м, ені – 1,34 м, қалыңдығы – 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап жырлауға арналған қаһармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (VІІІ ғ.).
Ж.Әскербекқызы
