Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында

1941 жылы 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Соғыстиың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан соғыс арсеналына айналды. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылды. Балқаш, Қарсақпай кен орындары соғыс жылдары өндірілген қара мыстың жартысынан астамын берді. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір өндірді. Шығыс қоңырат молибден, Жезді марганец, Дөң (Дон) хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам комбинаты салынды. 1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта т.б. кәсіпорындар салынды. Бұл жылдары тылдағы еңбекшілердің жасампаз ерлігі орасан зор. Республика диқандары мемлекетке 360 млн. пұт астық тапсырды. 4 жыл ішінде Қазақстан еңбекшілері майдан мұқтажына 94 млрд. 500 млн. сом жарна өткізді. Қазақтар бірінші рет тең құқықта қазіргі заман соғысына қатысты. Алайда соның өзінде орыс үстемшілдігі білінбей қалған жоқ. Қазақстаннан майданға 1 млн. 200 мың жауынгер аттанды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, Ұ.Жұматов т.б. қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы 8-панфиловшы гвардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон ерекше көзге түсті. Сондай-ақ осында Кеңес Одағының Батырлары Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин т.б. соғысты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов кеудесімен дзотты жауып, соғыс тарихында теңдесі жоқ ерлік жасады. Сталинград үшін шайқаста Н.Әбдіров, Қ.Спатаев т.б. қазақ жауынгерлері батыр атағын алды. Қазақстандықтар Курск түбіндегі, Беларусьтегі, Украинадағы шайқастарда ерлік көрсетті. Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойған, жеңімпаз әскердің жеңіс туын тұңғыш рет желбіреткен қарапайым қазақ батыры Р.Қошқарбаев еді. Шығыстың қос шынары атанған Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова өздері сұранып, соғысқа аттанады. Соғыста жасаған ерліктері мен қызға тән өжеттіктері арқасында Кеңес Одағының Батыры атанады. Майданда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін тағы бір қазақ қызы Х.Доспанова 2006 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Белгілі қазақ ақын-жазушылары Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Әуезов өз шығармаларын халықты патриоттық рухта тәрбиелеуге арнады.

Екінші Дүниежүзілік соғыста армия қатарына 1200 мың қазақстандық шақырылды. Олардың 497-сі кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 410 мыңнан астам қазақстандық еліне оралмады. Бұл шығын ұзақ жылдар бойы елдің демографиялық жағдайына ықпал етті.

Тың көтеру

ХХ ғасыр Кеңес елдерінің тарихында оның ішінде Қазақстанда бетбұрыс кезеңі болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның алдында халық шаруашылығын дамыту мәселесі тұрды. Бұл кезеңде республикада көмір өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды. Азық-түлікке деген сұраныс жыл өткен сайын арта берді. Астық өндіру мәселесін шешу үшін елдің шығыс жағындағы ұлан-байтақ жерді жыртуға бағытталған ерекше жол таңдалынып, «Бәрі тың жерлерді игеру үшін!» деген ұран пайда болды. 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн. гектардың орнына 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Тың жерлерді осынша кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамауы, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ғалымдардың ескертулерін ешкім елемеді. 1954-1960 республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн тоннаға жетті. Қазақстан алты рет 1 млрд. немесе одан да артық пұт астық өткізді. Еліміз астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шықты.

Тың көтеруге байланысты әлеуметтік тұрғыдан бірқатар жағымсыз жағдайлар орын алды. Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін одақтың басқа аймақтарынан еңбек қорлары тартылды. Іс жүзінде бақылаусыз көші-қон қозғалысы туды. Жергілікті тұрғындар ондағы мектептердің, орталық ұжымшарлар мен кеңшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, республиканың жергілікті тұрғындарының саны 30%-ға азайды. Қазақтың ұлт ретінде дамуына, тілі мен дініне қатер төнді. Жергілікті жерлердегі ұлт мектептері жабылып, қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Жергілікті халықты орыстандыру саясаты ашық жүргізіле бастады. Сонымен қатар миллиондаған гектар жерді жырту мал жайылымы, шабындық жерлердің азаюына әкелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]