Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Кеңес үкіметінің орнауы

Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметі Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың құрған ұлттық мемлекеттік бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. 1917 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында қазақ қоғамында түрлі саяси партиялар мен ағымдар пайда болды. 1917 жылдың шілде айында Орынбор қаласында өткен бүкілқазақ сиезінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар жетекшілік еткен «Алаш» партиясы ұйымдастырылды. «Алаш» партиясы ең басты мақсат ретінде Ресей Федерациясы құрамында Қазақ автономиясын құру идеясын ұсынды. Бұл партияға қарсы Көлбай Төгісов бастаған «Үш жүз» партиясы социалистік идеяны қолдады. 1917 жылдың жазында Қазақстанға бірінші дүниежүзілік соғыстың майдан шептерінен оралған көптеген тыл жұмысшылары мен солдаттар большевиктік бағытты қолдады. Осылайша қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы екі бағытқа жіктелді. Осы екіжақты көзқарасты тиімді пайдаланған большевиктер 1917 жылы 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылған Алаш автономиясы мен оның үкіметі – «Алашорданы» тарих сахнасынан күштеп кетірді. Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін қарулы күшпен талқандады. Большевиктер халық ішінде, жұмысшылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1918 жылы кеңестік билік бұрынғы Ресей империясының құрамында болған көптеген аймақтарға орнады. 1920 жылы 12 қазанда Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы құрылды. 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы 1924 жылы 27 қазанда таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Алайда Кеңес өкіметі одақтас республикаларға дербес билік жүргізуге мүмкіндік бермеді.

Ашаршылық

Азамат соғысынан кейінгі шаруашылықтағы қиыншылықтар Қазақстан аумағының үлкен бөлігін қамтыған ашаршылыққа алып келді. Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформаға байланысты шаруалардың жекеменшігін тәркілеу, салықтардың ауылшаруашылық өнімдеріне өсуі, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру ашаршылықтың басты себептері болды. Еңбек өнімділігін шектен тыс арттырып, процент қуушылық орын алды. Ұжымдастыру процесі Қазақстанда 1932 жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланды. Ретсіз жылдамдатылған процесс Голощекиннің арандатушылық экспериментіне ұшырады.

Қазақ халқы 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырындымен» салыстырады. Бұл оқиға «Кіші қазан» деп аталатын Голощекин экспериментінің салдары еді. Ұжымдастыруда күштеу тәсілдері мен құралдарын қолдану – орасан зор адам шығынына алып келді. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға немесе бүкіл қазақтың 42%-іне жетті. Тарихи отанын 1 010 мың қазақ тастап кетуге мәжбүр болды, оның 616 мыңы біржола шет елдерде қалды.

Саяси қуғын-сүргін

Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңстік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. 1930 жылдардың басында Қазақстанда саяси айыпталғандарды қамауда ұстайтын еңбекпен түзеу лагерьлері (Казитлаг, Карлаг, Алжир) жұмыс істей бастады. Мұнда түскен тұтқындар небір азапты күндерді басынан өткерді. Бұл лагерьлерге түскен тұтқындардың жағдайы өте мүшкіл еді.

Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25 833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-і «халық жаулары» немесе халық жауларының сыбайластары ретінде айыпталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]