Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Бұланты шайқасы

1723-1725 жылдары қазақ жерінің біраз өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Азаттықты аңсаған, елдің басын қосып, бірлік болмай, тірлік болмайтынын ұғынған қазақ халқы бардың басын қосып, жиын өткізді. Ордабасы жиынында біріккен қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілхайырды хан сайлады. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілхайыр бастаған қалың қол 1726 жылдың соңы мен 1727 жылы жоңғарларға қарсы соғыс ашты. 1726 жылы Шұбартеңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңілген жоңғарлар кейін шегіне бастады. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста қазақ қолы жоңғарларды Ұлытауға жеткізбей тоқтатты. Бұл ұрыс тарихқа Бұланты-Білеуті шайқасы деген атпен енді. Осы жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмаққырылған аталып кетті.

Қазақстан ресей империясының құрамында

ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саясаты күрделене түсті. Солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекеті, шығыстан – жоңғарлар, оңтүстіктен – ортаазиялық хандықтардың саяси қысымы күшейді.

1731 жылдың 19 ақпанында Анна Иоанновна патшайым Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Кіші жүзді Ресей бодандығына алу туралы грамотаға қол қойды. Осы жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан елу алты адаммен Ресеймен келісімге қол қойды. 1740 жылы Орынборда Кіші жүз бен Орта жүздің старшындары мен сұлтандарының сиезі өтіп, Ресей бодандығының алғашқы нәтижелері қорытындыланды. Сиезге қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстанды жоңғарлардың шабуылдарынан қорғап қалу үшін Ресеймен келісімге келу керек деген пікірлер айтты. Осы жылы Кіші және Орта жүздің бір бөлігінің сұлтандары мен старшындар тобы Ресей бодандығына ант берді.

ХVІІІ ғасырдың ортасында Орта жүз бен Ұлы жүздің сыртқы саяси жағдайы күрделене түсті. 1771 жылы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иассауи мазарында ақ киізге көтеріп хан сайланғаннан кейін Абылай хан Ресей, Қытай және ортаазиялық әміршелер арасында тиімді саясат жүргізді. Абылай хан Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі үшін күресті. Патша үкіметі ұсынған хан лауазымынан және тіпті Екатерина ІІ хан етіп сайланғаннан кейін де Петропавлда Ресейге ант беруден бас тартып, патша үкіметі ұсынған сыйларды да алмады.

ХІХ ғасырда Ресей империясы қазақ жерлерін түбегейлі отырлауға кірісті. Ресей империясының Қазақстанды отырлау саясаты мынадай бағыттарда жүргізілді:

  • Қазақ мемлекетінің негізгі белгілерін;

  • Қазақ жеріндегі әскери отаршылдық және казактардың патшаның отаршылдық және әскери тірегі рөлінің өсуі;

  • Қазақстанның Каспий теңізінен Ертіске дейінгі, Есіл мен Тобылдан Арал теңізі, Сырдария мен Жетісуға дейінгі аумағын айналдыра салған жаңа қалалар, қамалдар, бекіністердің бой көтеруі;

  • Қазақ қоғамындағы барлық әлеуметтік топтардың құқығына шек қойылуы, бұл кейібр хан, сұлтан, билерді орыс әкімшілігінің ең төменгі топтағы шенеуніктеріне айналдырды; мұндай жағдаймен келіспегендер жазалау шараларына ұшырады.

ХІХ ғасырдың 60 жылдары Түркістан, Шымкент, Алматы және Ұлы жүз аумағындағы басқа да қалалар мен мекендерді ашық түрде басып алу Қазақстанды Ресейге бағындыру процесін аяқтады. Қазақ жерлері Ресей меншігіне айналды.

ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

ХVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:

Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);

Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);

Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);

Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);

Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).

Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.

Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]