
- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы
«Руханият» орталығы
Алаштың ардағы
Астана, 2008
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығында дайындалған
Пікір жазғандар: Қ.Алпысбаев, ф.ғ.д., профессор
Ж.Әскербекқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ф.ғ.к.
Алаштың ардағы / Құрастырғандар Е.Тілешов, Г.Әріпбекова. – Астана: Зерде, 2008, – 240 б.
Бұл жинақ ұлтының, елі мен жерінің тарихын, мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен салтын, халқының қоғамдық-әлеуметтік және рухани дамуына іргелі үлес қосқан тұлғалардың өмірін білгісі келетін жастарға арналған. Жинақта Алаш жұртының қасиеті мен қадірін танытатын танымдық ақпараттар ұсынылған. Жинақтың мазмұны мен құрылымы отанының кешегісі мен бүгінгісінен мағлұмат аламын деушілерге лайықталып дайындалған. Сондай-ақ жинақ мұғалімдерге, тәрбиешілерге және жалпы қызығушылық танытатын көпшілікке арналып отыр.
© «Руханият», 2008
© «Зерде», 2008
Алаштың ардағы
Редакторы
Дизайнын жасаған
Ұлтты тану – ұрпақ борышы
(Алғысөз орнына)
Алла тағала әрбір пендесін жаратқанда оның ұлтын, соған орай дінін, тілін айқындап берген. Дүниеге келген әрбір адам ұлттың бөлшегі. Адам өмірін мәнді, саналы өткізу үшін, дүниеде өз жолын табуы үшін, әрбірден соң қарапайым тіршілік ету үшін сол ұлт жасаған рухани құндылықтарды білуі, игеруі, қолынан келсе, айналасына, өзінен кейінгілерге үйретуі қажет. Ұлттық дәстүр, ата-бабадан келе жатқан салт-сана, ана уызымен жүрегің мен жадыңа тоқылған өнеге – сенің өмір жолыңды айқындайды. Ұлттың тарихы мен дәстүрінде, мәдениеті мен өнерінде, діні мен тілінде адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілері жинақталған. Ұлт перзенті ретіндегі сенің міндетің – сан ғасырлық тарихы бар осы асыл қазынаны бойыңа сіңіру. Ұлттық адамгершілік, ізгілік сабақтарын игермей, сенің шын мәніндегі адам болуың қиын. Адам бойындағы адамгершіліктің үлкені – ең алдымен сол адамгершіліктің өзіне ұмтылу. Осы орайдан келгенде, қолыңдағы осы жинақ сенің халқыңды, еліңді, жеріңді тануға жәрдемін тигізеді. Өйткені бұл жинаққа бұрыннан белгілі сарапталған дүниелер енді. Өскелең ұрпақ ұлтының тағылымына қатысты дүниелерді бір кітаптың ішінен тапса деген оймен негізгі дегендерді осы жинаққа енгіздік.
Жас дос! Бұл жинақ сенің ұлтыңа қатысты барлығын қамти алмайды, өйткені қазақтың тарихын, дәстүрін, ең көрнекті тұлғаларын т.б. жарқырата көрсету үшін ондаған, жүздеген жинақтар қажет болады. Біз негізгілерін ғана іріктеп алдық. Мақсатымыз – оқушыға бағыт сілтеу, жол сілтеу, арғы жағын зерделі жастың өзі таба бермек. Сондықтан осы кітаппен мұқият таныса отырып, бұдан да үлкен ізденістерге баратыныңа сенім білдіреміз. Өйткені шынайы, игі ізденістер ғана өз жемісін бермек. Бәлкім сен мұғалім боларсың, қаржыгер боларсың, спортшы боларсың, өнерпаз боларсың, инженер боларсың, мәселе сенің қандай мамандық иесі болғандығыңда емес, бастысы – қазақтан туып, Алаштың азаматы болғандығыңда. «Алаш» деген үлкен сөз, аталы ұғым. Оған лайық болу үшін еліңнің ертеңін ойлар азамат болуға тиіссің. Елің енді егемендік алып, өзін өзі тану жолына түскенде, одан сен де тыс қала алмайсың. Ахмет Байтұрсынұлы аталарың: «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!» деген болатын. Сондықтан кешегінің дәстүрлерін бойыңа сіңіре отырып, ертеңгі күні ұлтыңның дамуына үлесіңді қос. Оқығаныңды досыңа, құрбыңа әңгімелеп бер. Бұдан көп білсем екен, елімнің өткенін біліп, бүгініммен байланыстырсам екен деген ойды көкейіңде ұста. Қазақ халқының ұлы халық екендігін ұғын. Ұлы халықтың абыройлы ұрпағы болуға тырыс. Осы жолда ақ жол тілейміз.
Құрастырушылардан