- •Қазақстанда туризм кәсіпкерлік іс-әрекет ретінде дамуына талдау жасаңыз.
- •Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік іс-әрекет дамуының қазіргі жай-күйін талдаңыз.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекет дамуына мемлекеттік қолдауларды атаңыз.
- •Кәсіпкерлік теориясының даму тарихын сипаттаңыз, әрбір кезеңнің қандай ерекшелігін атап көрсетер едіңіз
- •Ф.Хайек, и. Шумпетер, п. Друкер еңбектерінің кәсіпкерлік әрекеттің дамуындағы маңызы қандай?
- •6. А. Смит, д. Рикардо, м. Макиавеллидің еңбектерінің кәсіпкерлік әрекеттің дамуындағы маңызы қандай?
- •7. Нарық – кәсіпкерліктің тіршілік ету ортасы ретінде сипаттама беріңіз.
- •8. Дәстүрлі және инновациялық ( жаңашылдық) кәсіпкерлік, айырмашылығын көрсетіңіз. Мысал келтіріңіз
- •9. Қазақстанда және өзге елдердегі кәсіпкерлікке деген мемлекеттің экономикалық саясаты
- •10. Кәсіпкерлік процесс және құбылыс ретінде сипаттаңыз
10. Кәсіпкерлік процесс және құбылыс ретінде сипаттаңыз
Кәсіпкерлік құбылыс ретінде кәсіпкердің өз ісін алға бастырып, оны ұйымдастыруымен байланысты болатын экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, жекелеген қатынастардың жиынтығын көрсетеді. Ол құбылыс ретінде жергілікті басқару, билік органдары, банктер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушылар, тасымалдаушылар арасындағы өндірістік факторларды (шикізат, құрал – жабдықтар, энергия, жылу және т.б.) бірігіп пайдаға жарататын әлеуметтік, қаржылық, экономикалық қатынастардың жүйесін қамтиды. Кәсіпкерлік – экономикалық құбылыс ретінде нарықтық экономиканың сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, құн секілді заңдылықтары негізінде тауарлық сипатқа ие болады.
Кәсіпкерлік – кәсіпкердің нақты бір идеяны өмірге әкеліп, оны үлкен жобаға айналдырғанға дейінгі аралықта болған әрекеттерінің күрделі «шынжыры». Кәсіпкерлік – бұл тұтынушылар үшін құны бар жаңа тауар, қызмет көрсету түрін ойлап табу процессі, қолда бар ресурстарды жақсы нәтижелерге жету жолында сарқа пайдалану процессі.
Бұл үздіксіз процесс болып табылады, ол үнемі жаңарып отырады, демек кәсіпкерлер қанағаттандыратын қажеттіліктерде өзгеріп отырады деген сөз. Бұл процесс өндіріс факторларының үлкен шығынын талап етеді, уақытша сәтсіздіктерге жиі соқтырады, бірақ нәтижесінде кәсіпкерді пайдаға, кіріске жолықтырады, оған үлкен мөлшерде қаржылай табыс әкеледі. Ендеше, кәсіпкерлік құбылыс ретінде: жаңа шығармашылық идеяларды іздеу, оларды сараптау, оған экономикалық пайда мен нарық қажеттілігі тұрғысында баға беру, идеяны жүзеге асыруға мақсат қалыптастыру, өндірісте жаңа өнім алуға, нақты нәтижеге жетуге ұмтылу секілді әрекеттерді қамтиды.
И.Шумпетердің пікірінше, өндіру – біздің қолымызда тұрған зат пен күшті ұштастырып қолдана білу, ал, өндіріс процессі дегеніміз жаңа өнім жасап шығару жолындағы өндіріс күштерінің әрекеті. Барынша жаңа нәрсе өндіру демек бұрынғы нәрседен басқа нәрсе ойлап табу.
Жаңа өнімді жасауды жүзеге асыру келесідегідей екі жағдайда қамтылады:
жаңа нәрсені дайындау, яғни тұтынушыға белгісіз нәрсені жасап, дайындау;
жаңа нәрсе енгізу, яғни аталмыш өндіріс саласында ешқашан белгілі болмаған әдіс енгізу.
