Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kasipkerlik-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.9 Кб
Скачать
  1. Қазақстанда туризм кәсіпкерлік іс-әрекет ретінде дамуына талдау жасаңыз.

Кәсіпкерлік нарықты тауарлармен және мен қызметтермен толтыруға, бәскелестікті кеңейтуге, салалық және аумақтық монополияны жеңуге көмектеседі. Кәсіпкерліктің дамуы экономиканың құрылымдық қайта құрылуын белсендендіреді, нарықтық таңдауға кең еркіндік береді және қосымша жұмыс орындарын ашады, шығынның жылдам өтелуін қамтамасыз етеді, тұтынушылық сұраныстың өзгерісіне жедел икемделеді. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі уақытқа дейін дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1.Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық , бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.

2. Ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлік қызметке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағаны туралы айтылған. Сол кезде КСРО-да Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда социалистік тауарлы өндіріс, социалистік рынокты «Экономика-деген тұжырымдамалардың, қала берді Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерге (Польша, Венгрия» жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептәуір социалистік өндіріс тәсіліне сай емес» деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі, сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.

3. 1986 жыл, яғни КСРО-ның «Жеке еңбек қызметі» туралы заңы шыққаннан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызауға болады. Бұл уақыт аралығында шағын және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасының мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылады. Үшінші кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік негізінен социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына «жат әрекет» деп қарады. Және де оны социализмнің экономикалық әлеуметтік саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің шектелген мүмкіндіктеріне қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлармен қызметтерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік жақтамағандықтан ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен негізделген болады. Осының нәтижесінде жеке дара кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілдік-әміршілдік билік ету осы заңнан да өзінің көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық қаржы мекемелері құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады.

4. 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінгі күнге дейінгі аралық жатады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]