Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8_БЕ_лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.67 Кб
Скачать

8-тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы

Пайдадан ауытқуды (сметалық және нақты пайда арасындағы айырманы), нормативті жұмсалымдар (айнымалы жұмсалым бойынша) негізінде өзіндік құнды калькуляциялау жүйесінің көмегімен есептеп, жеке құрамдас бөліктерге қалай жіктеуге болатыны 8.1-суретте көрсетілген. Енді осы ауытқуларды мысалдағы мәліметтерге есептейік.

Мысал 8.1. Өңдеуші-кәсіпорын «Алла» бір ғана – С бұйымын шығарады. Өндіріс процесі жалғыз операцияны қажет етеді.

* Егер де өндіріс циклдық сипатта болса, бұл құрама бойынша нормативтерді де, олардың ауытқуларын да өндірістік шығындар секілді есептеуге болады. Егер нормативтерін бекіту мүмкін болмаса, онда шығындарды бақылау сметалық және нақты жұмсалымдарды салыстыру арқылы жүргізілуі тиіс.

** Шығындардың өзіндік құнын толық үлестіру калькуляциялау жүйесін қолданғанда, бұл ұяшықтың орнына тұрақты үстеме шығындардың жалпы ауытқуы ұсынылады

Сурет 8.1. Айнымалы жұмсалымдар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі негізінде ауытқуларды талдау

Бұл операциядағы нормативті жұмсалымдар «Нормативті жұмсалымдар картасында» ұсынылған:

С бұйымына арналған «Нормативті жұмсалымдар картасы»

Негізгі өндірістік материалдар (шартты ақшамен):

2 кг А материалы, 1 кг 10 ш.а. 20,00

1 кг В материалы, 1 кг 15 ш.а. 15,00

Негізгі жұмыскерлер еңбегі (3 сағ., сағатына 9 ш.а.) 27,00

Айнымалы ҮШ (3 сағ. негізгі жұмыскерлер еңбегі, 1 сағ. 2 ш.а.) 6,00

Жалпы айнымалы нормативті шығындар 68,00

Пайданың нормативті маржасы 20,00

Нормативті сату бағасы 88,00

Сәуір айында «Алла» кәсіпорны С бұйымының 10000 данасын шығаруды көздейді. Нормативті жұмсалымдар картасындағы мәліметтер негізінде құрастырылған смета келесідей түрде:

Нормативті жұмсалымдар картасы мәліметтері негізінде құрастырылған смета, 10000 дана өндіріс көлемі үшін (шартты ақшамен)

Сату (10 000 дана С бұйымы, бірл. құны 88 ш.а.)

880 000

Негізгі өндірістік материалдар:

20 000 кг А материалы, 1 кг 10 ш.а.

200 000

10 000 кг В материалы, 1 кг 15 ш.а.

150 000

350 000

Негізгі жұмыскерлер еңбегі (30000 сағ, 1сағ. 9ш.а.)

270 000

Айнымалы үстеме шығындар (30000 сағ. негізгі жұмыскерлер еңбегі, 1сағ. 2 ш.а.)

60 000

680 000

Пайдаға сметалық салым

200 000

Тұрақты үстеме шығындар

120 000

Сметалық пайда

80 000

Жылдық сметалық тұрақты үстеме шығындар 1440 000 ш.а. құрады. Олар жыл бойы бірқалыпты үлестіріледі деп шамалануда. Кәсіп-орын пайдасын ішкі бағалау үшін айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесі қолданады. Өндірістік үстеме шығындар бұйымға негізгі жұмыскерлер еңбегі уақытына пропорционалды үлестіріледі. Кезең ішіндегі нақты өндіріс пен сату 9000 дана құрады.

Төменде сәуірдегі нақты нәтижелер көрсетілген:

Сату (9000дана С бұйымы, бірлік құны 90 ш.а.)

810 000

Негізгі өндірістік материалдар:

19 000 кг А материалы, 1 кг 11 ш.а.

209 000

10 100 кг В материалы, 1 кг 14 ш.а.

141 000

Негізгі жұмыскерлер еңбегі (28 500 сағ., 1сағ. 9,60 ш.а.)

273 000

Айнымалы үстеме шығындар

52 000

676 000

Маржиналдық кіріс

134 000

Тұрақты үстеме шығындар

116 000

Пайда

18 000

Материалдар бойынша ауытқу. Материалдарға жұмсалымдар екі негізгі факторға: материалдар бағасы мен өндірісте тұтынылған олардың көлеміне тәуелді. Нақты шығындар нормативтіден ерекшеленеді, өйткені қолданылған материалдардың нақты көлемі нормативті көлемнен ерекшеленетін болады және (немесе) нақты бағалар - нормативтіден. Соңынан, материалдар бағасы бойынша ауытқу мен материалдарды қолдану бойынша ауытқуды есептеуге болады.

Материалдар бағасы бойынша ауытқу материалдар бірлігінің нормативті және нақты бағалары арасындағы айырманың сатып алынған материалдар көлеміне көбейтуге тең. Мүмкін болатын ауытқу себептері келесідей. Материалдар бағасы бойынша ауытқу, әрдайым сатып алу (жабдықтау) бөлімі қызметінің тиімділігін көрсетеді деу, бұрыс шамалау болуы мүмкін. Нақты бағалар, материалдың бағаларының жаппай өсуі салдарынан нарықтағы өзгерістер нәтижесінен нормативтіден асуы мүмкін. Бұл жағдайда материалдар бағасы бойынша ауытқу жабдықтау бөлімі қызметкерлерінің жұмысына байланысты бола алмайды. Әйтседе, бағасы бойынша теріс ауытқу тиімді жеткізушілерді іздеуден бұл бөлімнің қателесу салдарынан болуы мүмкін. Бағалар бойынша дұрыс ауытқу, соңынан шығарылған өнімнің сапасының нашарлауына немесе өндіріс қалдықтарының ұлғаюына алып келетін, төмен сапалы материалдарды сатып алудан болуы мүмкін. Егер асыра шығынданудың себебі төмен сапалы материалдарды сатып алуда жатса, онда материалдарды қолдану бойынша ауытқу үшін жауапкершілік сатып алу бөліміне жүктелуі керек. Бағаның толық не жартылай ауытқуына басқа да бөлімнің жауап беруі әбден мүмкін. Мысалы, қоймадағы запастарды нашар басқару нәтижесіндегі материалдардың жетіспеушілігі, қысқартылған төлем уақтысымен, оларды жедел сатып алу қажеттілігін туғызуы мүмкін. Арнайы жедел тапсырыс бойынша жеткізушіге қосымша тиеу-түсіру және басқа да жұмыстарды орындауға тура келеді, сондықтан ол жеделдету үшін – материалдар үшін тым жоғары бағаны бекітуі мүмкін. Мұндай жағдайларда баға бойынша ауытқу үшін жауапкершілік сатып алу бөліміне емес, қоймаға жүктеледі.

Баға бойынша ауытқудың пайда болу себебі, материалдарды сатып алу мен қолданылу мерзімдерінің тура келмейтіндіктен де болуы мүмкін: материалдар бір кезеңде сатып алынып, ал басқасында қолданылады. Мысалы, егер 10000 дана материал кезең 1-де, бірлігі нормадан тыс 1 ш.а. бағамен сатып алынса және 1-5 кезеңдердің әр қайсысында 2000 данадан жұмсалса, онда баға бойынша ауытқу есептеудің түрлі варианттары болуы мүмкін:

1) баға бойынша 10000 ш.а. ауытқу толық сомасы, кезең 1 есептемесінде сатып алынған материалдар көлеміне сәйкес көрсетіледі.

2) баға бойынша ауытқу қолданылған материалдар көлеміне сәйкес есептеледі. Бірлік бағасы 1 ш.а. бойынша ауытқу шамасы × жұмсалған материалдар (2000 дана) көлеміне, 1-5 кезеңдердің әр қайсысының есептемелерінде көрсетілетін, 2000 ш.а. баға бойынша ауытқуды береді.

Әдетте 1-әдісті қолдану ұсынылады, өйткені бұл жағдайда баға бойынша ауытқу, ол орын алған кезеңнің есептемесінде көрсетілуі мүмкін, ал жалпы ауытқулар бойынша мәлімдеме материалдарды қолдану мезетінен бастап бір айда кешіктірмей жасалады. 9.1 мысалын жеңілдету үшін, нақты сатып алынған материалдардың көлемі, нақты қолданылған көлеммен бірдей деп шамалайық.

Материалдарды қолдану бойынша ауытқу нақты өнім шығару үшін, қажетті материалдардың нормативті көлемі мен нақты көлемі айырмасын, көбейту материалдың нормативті бағасына тең болады. Ауытқулардың мүмкін болатын себептері келесідей. Материалдарды қолдану бойынша ауытқуларды, әдетте, өндіріс орталығы менеджері (цех бастығы) бақылайды. Осы ауытқулардың әдеттегі себептері персоналдың материалды дұрыс пайдаланбауымен, төмен сапалы материалдарды сатып алумен, ұрлықпен, өндіріс тәсілдерінің не сапаны бақылау талаптарының өзгеруімен байланысты. Кейбір материалдарды шығындау бойынша ауытқулар қолданылған материалдың әр түрі үшін есептеліп, жауапкершілік орталықтары бойынша үлестірілуі тиіс.

Материалдар бойынша жалпы ауытқу - бұл өнімнің нақты шығарылымы үшін материалдардың нормативті шығындары мен нақты шығындар арасындағы айырма. Осы тұста, егер баға бойынша ауытқу қолданылған материалдардың нақты көлемімен емес, сатып алынған материалдардың нақты көлемімен есептелсе, онда бағалар бойынша ауытқу және қолдану бойынша ауытқудың қосындысы, ма-териалдар бойынша жалпы ауытқумен, тек сатып алынған материал-дар көлемі, есепті кезеңдегі нақты қолданылған материалдар көлеміне тең келген жағдайда ғана сәйкес болатынына назар аудару қажет.

Еңбек шығындары бойынша ауытқу. Еңбек шығындары еңбек ставкасы мен қолданылған еңбек көлемін ескере анықталады, сондық-тан ставка және еңбек өнімділігі бойынша ауытқулар пайда болады.

Еңбекті төлеу ставкасы бойынша ауытқу ­ еңбекақының нормативті және нақты ставкалары арасындағы айырма, көбейту нақты орындалған сағаттарға тең болады. Бұл ауытқу кәсіподақпен келіс­сөздер жүргізу кезінде, әлі нормативті ставкада көрсетілмеген, ставканың жоғарылауынан пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ауытқу бақыланатын болып есептеліне алмайды. Ол бірнеше түрлі ставкадағы төлемді алатын, жұмыскерлердің орындайтын операция-ларының орташа ставкасын құрайтын нормативті қолдану салдарынан да туындауы мүмкін. Бұл жағдайда еңбекті төлеу ставкасы бойынша ауытқу не оның құрамдас бөлігі, мамандандырылған жұмыскерді, әдетте мамандандырылмаған жұмыскердің орындайтын жұмысына тағайындаудан орын алуы мүмкін. Мұндай ауытқу цех бастығы (немесе шебердің) жауапкершілік ауқымында болуы мүмкін, өйткені ол міндетті орындау үшін тиісті мамандықтағы жұмыскерді таңдауы тиіс. Көп жағдайда ауытқу еңбекақы нормалары ставкаларында, нақты ставкалардың өзгерісі ескерілмеуінен туындайды, сондықтан олар, әдетте цех деңгейіндегі менеджерлермен бақылана алмайды.

Еңбек өнімділігі бойынша ауытқу негізгі жұмыскерлердің еңбек көлеміндегі өзгерістерден туындайды. Нақты өнім шығаруға жұмсалатын еңбек көлемі өндірістің нормативтік уақтымен суреттеледі. 8.1 мысалда С бұйымы бірлігін жасаудың нормативті уақыты 3 сағатқа тең. Онда 9000 дана өндіру деңгейінде 27 000 нормативті еңбек сағаттары қажет болады. Еңбек өнімділігі бойынша ауытқу, нақты өнім өндіруге жұмсалған сағаттағы нормативті уақыт пен қарастырылған кезеңдегі орындалған сағаттағы нақты уақыт айырмасын, көбейту еңбекақының нормативті сағаттық ставкасына тең болады. Еңбек өнімділігі бойынша ауытқуды, әдетте тиісті жауапкершілік орталығы (мысалы, цехтың) менеджері бақылайды. Бұл ауытқулар түрлі себептерден туындайды: материалдардың төмен сапасынан, жұмыстың түрлі күрделілігінен, станоктар мен жабдықтарға нашар техникалық қызмет көрсетуден, жаңа жабдықтарды не инструменттерді қолданудан, өндірістік процес-тердің өзгеруінен және басқаларынан. Өндіріс бойынша менеджерлер еңбек өнімділігі бойынша ауытқуды әрдайым бақылай алмайды. Ол мысалыға, өндірістің әлсіз жоспарлануынан (бұл үшін жоспарлау бөлімі жауапты) немесе сапаны бақылау нормасының өзгеруінен туындауы мүмкін.

Еңбек бойынша жалпы ауытқу - нақты өнім шығаруға кеткен нормативті жұмсалымдар мен еңбектің нақты шығындарының айырмасына тең.

Айнымалы үстеме шығындар бойынша жалпы ауытқу - өнімге жатқызылған нормативті айнымалы үстеме шығындар мен нақты айнымалы үстеме шығындар арасындағы айырмаға тең. Айнымалы үстеме шығындар негізгі жұмыскердің еңбек уақтына не жабдықтың (бастапқы ресурстардың) жұмыс уақтына байланысты өзгерген жағдайда, айнымалы үстеме шығындар бойынша жалпы ауытқу жеке немесе бірігіп әрекеттенетін келесідей себептерден туындауы мүмкін:

  1. егер нақты шығындар сметалық шығындардан ерекшеленсе, орын алатын баға бойынша ауытқу;

  2. егер негізгі жұмыскердің нақты еңбек уақыты не жабдықтың (бастапқы ресурстардың) жұмыс уақыты, норматив бойынша өндіріске жұмсалуға тиісті уақыттан ерекшеленсе, көлемі бойынша ауытқу орын алады. Бұл себептер айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқу құрамдас екі бөлігінің – жұмсалымдар мен тиімділігі бойынша ауытқулардың туындауына әкеледі.

Айнымалы үстеме шығындардың жұмсалымдары бойынша ауытқу - негізгі жұмыскерлердің нақты еңбек уақыты үшін сметалық түзетілген айнымалы үстеме шығындар мен нақты айнымалы үстеме шығындар арасындағы айырмаға тең.

Айнымалы үстеме шығындардың тиімділігі бойынша ауытқу - өнімді шығару үшін нормативті және есепті кезең ішінде нақты жұмсалған еңбек уақыттары арасындағы айырма, көбейту айнымалы үстеме шығындардың нормативті ставкасына тең.

Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқу. Айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесін қолданғанда, тұрақты өндірістік үстеме шығындар өнім бірлігіне дейін есептел-мейді, әрі шығарылған өнімге үлестірілмейді. Бұның орнына кезең ішіндегі жалпы тұрақты үстеме шығындар, олар жасалған кезең ішіндегі кезең шығындары ретінде қарастырылады. Қызмет деңгей-лері өзгерген кезде, тұрақты үстеме шығындар өзгеріссіз қалады, бірақ басқа да факторлардың ықпалымен өзгеруі мүмкін деп шамаланады. Мысалы, бағалардың шарықтауы - тұрақты үстеме шығындардың жоғарылау себебі болуы мүмкін. Сондықтан тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқу сметалық және нақты тұрақты үстеме шығындар арасындағы өзгешелікті түсіндіреді. Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқу сметалық және нақты тұрақты үстеме шығындар арасындағы айырмаға тең. Осы ауытқудың кез-келген талдауы тұрақты үстеме шығындардың әр баптары бойынша нақты жұмсалымдарды сметалық шығындармен салыстыруды талап етеді. Ауытқу түрлі себептермен туындауы мүмкін, мысалы, бақылаушы-лардың еңбекақысы өзгеруінен не қосымша бақылаушыларды тағайындау салдарынан. Бұл ауытқу – бақыланатынын немесе бақыланбайтынын білу үшін, тек жеке шығындар баптарын салыстыру және ауытқу себебін анықтау қажет болады. Жалпы айтқанда, қысқамерзімді жоспарда мұндай ауытқулар бақыланбайтын болатын секілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]