Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekoturizm-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.47 Кб
Скачать

20.Туристік табиғатты пайдаланудың функционалдық моделі

21. Рекреациялық жүйенің базис моделі

Туризм әлеуметтік құбылыс ретінде көптеген моделдермен көрінуі мүмкін. Солардың біреуі – туристік табиғатты пайдалану моделі, ол рекреациялық жүйенің базис моделімен байланасады. Рекреациялық жүйенің базис моделі әр түрлі ғылым мен пәндердің өкілдері бір тілде сөйлесіп түсіну үшін құрылған, яғни көптеген жеке жұмыстарды бір-бірімен қосып барлық рекреациялық проблемаларды

шешуде олардың орның анықтайды. Зерттеу жұмыстарының мақсатына қарай базис моделі өзгеріп тұрады, өйткені оқудың аспектілері өзгереді, проблемалардың шеңбері тарылады, ал зерттеу жұмыстары тереңдей түседі. Осындай мақсаттар үшін рекреациялық жүйенің функциональдық моделі керек. Бұл моделдің базис моделінен айырмашылығы, ол табиғи кешеннің айналасына шоғырланады. Мұнда табиғи кешен шағын жүйелердің ең бастысы болып қызмет атқарады, басқа шағын жүйелермен тығыз байланысады.

Сонымен, табиғи кешен – бұл функциональдық моделдің орталық шағын жүйесі. Табиғи кешен ретінде ландшафт, зона, аймақ, ал туристік маршрут салғанда – шатқал да болуы мүмкін. Табиғи кешеннің жағдайы мынадай көрсеткіштермен: аудан (га), сыйымдылық (адам), рекреациялық салмақ (адам/га) анықталады және мынадай ерекшеліктерімен: тұрақтылық, аттрактивтілік, сенімділік сипатталанады. Табиғатты туристік мақсатта пайдаланғанда табиғи кешендерге рекреациялық салмақтың зерттеуіне негізгі назар аударылады. Туристік табиғатты пайдаланудың функциональдық моделі шағын жүйелердің арасындағы байланысарды жүйелеуге мүмкіндік береді. Туристік ұйымдарды, маршруттарды жобалағанда табиғи кешендерге әсер ететін тұрақты халықтың антпропогендік тұрмыстық салмағын да ескеру керек. Сондықтан туристік ұйымдардың қызметкерлері, жобалаушылар туризмнің материалдық базаларына қойылатын экологиялық талаптарды сауатты құрастыру керек. Басқару шешімдерді қабылдағанда табиғи кешеннің тұрақтылығы, сыйымдылығы, комфорттылығы туралы толы мәліметтер болуы тиіс. Табиғатты туристік мақсатта пайдаланғанда кейбір жобалаушылар

қателер жіберу мүмкін. Мысалға, зерттеушілер есептеп шығарған, табиғи ресурсы мол бір аумақтың бірден 25 мың шаңғышыларды қабылдауға мүмкіндігі бар екен. Сол жерде 25 мың орны бар таушаңғы кешені жобаланған. Бірақ жоба жасағанда мынадай жағдайларды ескермеген: бір шаңғышыға 0,8 адам қызмет көрсетеді, яғни 25 мың шаңғышыларға 20 мың қызметкерлер керек екен. Ал әрбір қызметкердің отбасысы бар, оларды ескергенде тұрақты халықтың саны 60 мыңға дейін жетеді. 60 мың адамға да қызмет көрсету керек қой. Оларға қызмет көрсету үшін тағы да 40 мың адам керек. Сонымен, таушаңғы кешеннің қасында 100 мың адамы бар қала салынады. Тау экожүйелеріне әсер ететін тұрмыстық антропогендік салмақтар күшеіп, табиғи кешеннің тұрақсыздығына әкеліп соғады.

2 – тапсырма. Экологиялық туризмнің қауіпсіздігі

Тапсыру формасы – эссе

- Қауіпсіз туристік табиғатты пайдаланудың әдістемелігі

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.

Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;

2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;

3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.

Табиғи қауіп-қатерлері:

жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері; ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.

Мұздықтар. Мұз құлауы мүмкін болатын кулуарлар мен жыралардан аулақ болу керек. Жабық мұздық үстімен 3-4 адам қосылып арқанмен байланып байламмен, тізбекпен жүру керек. Бірінші келе жатқан мұзды тексеріп жүреді. Қалғандары оның ізімен жүруге міндетті.

Тас көшкіні. Қар мен мұз жапқан жартастардың қауіпі төмен. Күн шыққаннан кейін жартастар жылынып, мұз болып жабысып тұрған тастар жібіп құлай бастайды. Тас құлауы таудың шығыс және оңтүстік беткейлерінен басталады. Тас түске таман ең көп құлайды. Түнге қарсы тастар тағы да қатып қалады да құлауын аяқтайды дерлік. Ең қауіпті жерлер – клуарлар, тар сайлар, басқа да арна тәрізді жерлер. Ең қауіпсіз жерлер – суайрықтар таудың жотасы, жоны.

Сел. Селдің алдында су күрт көбейе бастайды, судың түсі топырақ түсімен теңдесіп кетеді. Сел жақындағанда қатты гуілдеу дыбысы шығады. Сел қауіпі күннің жылуымен ұлғаяды. Ең жиі сел болатын мезгіл – мамырдан қыркүйекке дейін. Қысты күні сел болмайды. Селдің жолына түсіп қалсаң, тек арна бауырайымен жоғары қарай зытып аман қалуға болады. Түнеу орнын биік жерлерде, суайрықтарда, тас құлауы мен сел болмайтын жерде жасау керек.

Күннен болатын күйіктер. Күннің жарығынан күн ашық болса да, тұман, бұлт болса да, мұз бен қардың үстімен жүргенде күйіп кету қауіпі бар. Тіпті уақытша көз көрмей де қалуы мүмкін. Ең қауіпті жерлер – желі жоқ сая жерлер, қарлы цирк, ойпаттар мен кулуарлар. Күйіп кетпеу үшін қара көзілдірік, мазь, крем, бас киім, бет жабатын мата қолданады.

Жел. Жел тас пен қар көшкінінің басталуына үлес қосады. Жел температураны өзгертеді. Таудың жоғары тұсында, әсіресе шыңдарда, жондарда, асуларда жел ерекше қатты соғады. Қарлы боран болса қар құйындары болуы мүмкін. Қатты жел палатканы, басқа құралдарды жұлып алып кетуі мүмкін. Қар мен жел болса дым көрінбеіді, адасып кету ғажап емес. Туристер адасып қауіпті жерге жақындап кетуі мүмкін. Адам ағзасы үшін желдің 1 м/с күшеюі ауаның 10 С төмендеуіне тең. Қатты жел адамды құлатып жіберуі мүмкін.

Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:

1. Маршрут қатысушылардың қабілетіне сәйкес болуы керек.

2. Алдын ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін, маркировканы, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу қажет.

3. График қозғалыс тәртібін әзірлеу.

4. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау.

5. Алдын ала ауа райы болжамын біліп алу.

6. Өте қолайсыз табиғи жағдайларда жолға шықпау.

7. Қараңғы уақытта жолды өте жақсы білгенде және құтқару жұмыстары кезінде ғана шығу.

8. Құрал-жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу.

9. Беделді жетекшісіз жолға шықпау.

10. Таңертең ерте шығу.

13. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.

14. Киім, аяқ киім бүтін, кебу болу керек.

- Экологиялық туризмге кедергі болатын факторларды анықтау

- Қандай қауіптер Қазақстанға келетін шетелдік экотуристерде болуы мүмкін?

3 – тапсырма.

Тапсыру формасы – жазбаша

Қазақстанның аймақтары бойынша (студенттің таңдауымен) экотуристік маршрут жасау – маршруттың бағдарламасы, экскурсиялық объектілері және т.б.

Алматы облысы шекарасында орналасқан төмендегідей аудандарды ерекше атауға болады:

1. Ұлы Алатауының баурайына орналасқан (Алматы қаласы, Түрген, Есік қаласы, Қаскелен қаласы, Ұзынағаш, Қапшағай қаласы)

2. Солтүстік Тянь-Шаньда орналасқан (Кеген, Жалаңаш, Нарын-қол, Шонжы, Қалжат)

3. Жаркент – Талдықорғанға қарайтын (Жаркент қаласы, Көктау ауылы, Текелі қаласы, Жаркен арасан Курорты)

4. Солтүстік жоңғар ауданында орналасқан (Дружба ауылы, Лепса өзені, Қапал арасан, Сарқанд қаласы, [25] )

Туристік фирма

Маршрут

Транспорт түрі

Ұзақтығы

Құны

«Жаңа-Нұр»

Бартоғай Көлсай көлі

Автобус-жаяу, автобус

3 күн

3 күн

45200

41300

«Зея»

Түрген сарқырамасы

Чарын Шымбұлақ Ақсай ущельесі

Автобус жаяу

Автобус

Автобус

Автобус

Автобус

8 сағат

15сағат

12сағат

10сағат

550

750

750

660

«Ольга»

Көлсай көлі

Ақсай ущельесі

Автобус

Автобус

3күн

10сағат

6750

700

«Asia Discovery»

Шарын

Маралсай ущельесі

Үлкен Алматы ущельесі

Автобус

Автобус

Автобус

15 сағат

10сағат

8 сағат

700

500

550

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]