Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekoturizm-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.47 Кб
Скачать

19. Туризм арқылы табиғатты қорғау

Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың, тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Туристік жорықтарда адамның психо-физиологиялық қасиеттері мен пайдалы білімдері қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, алдына қойылған мақсатты орындауға тәрбиелейді. Көрсетілетін туристік қызметтерге экологиялық жағынан қарау адам

мен қоршаған ортаның өзара әсерлерінің механизмін нақты ұғынуды керек етеді. Сондықтан «туризм және экология» проблемасы кең түрде «адам және қоршаған орта» проблемасында қаралуы жөн. Ол үшін антропоэкологиялық жүйенің әр деңгейінің иерархиясын, олардың мақсаттық функциясы мен

шектелуін қарастырамыз.

Біріншіден, бұл күрделі жүйе, оның дамуы қоғамдық және жаратылыс заңдарына тәуелді, сондай-ақ табиғат пен қоғамның өзара әсер ету заңдылығына да байланысты.

Екіншіден, бұл иерархиялық жүйе, яғни мұнда бірнеше бір-біріне тәуелді (соподчиненный) деңгейді бөлуге болады: глобальді, жергілікті және шектеулі (регламентирующий).

Глобальді деңгей – адамның биосферамен өзара әрекеттерін көрсетеді. Биосфера – адамның үйі, онда ол үнемі даму процесінде болады.

Ноосферогенез – биосфераның революциялық даму кезеңі. Мұнда биологиялықпен салыстырғанда әлеуметтік даму қатынасының озып алға шығу сипатында болады. Глобальді деңгейдің мақсатты функциясына халық денсаулығының максималді өсуін жатқызуға болады. Сонымен, антропоэкологиялық жүйенің глобальді деңгейі табиғатта жәнеқоғамда болатын биологиялық және әлеуметтік қозғалыстарды бейнелейді.Сонымен, адамның денсаулығының жақсаруы оның қажеттіліктерін қанағаттандырудың арқасында жүреді. Ал қажеттіліктерін қанағаттандыру еңбек пен рекреациялық іс-әрекетіне байланысты.

Антропоэкологиялық жүйенің екінші деңгейі – жергілікті - "іс-әрекет- орта" жүйемен ұсынылады. Адамға белгілі бір іс-әрекеттерін жүргізу үшін биосфераның ерекше бір жағдайы керек, яғни іс-әрекет ортасы. Бұл адамның еңбек іс-әрекетінде болсын, семьялық-тұрмыс жағдайында болсын, рекреациялық шаруашылығында болсын бәріне де керек. Әрқайсысының өзінің мақсаты бар: еңбектік – өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын кең өндіру; семьялық-тұрмыс - кең түрде тұтынушылық және халықтың орналасуын жетілдіру; рекреациялық - адамның физикалық, психологиялық және рухани күш-қуатын кең түрде жетілдіру. Осындай көрсеткіштер антропоэкологиялық жүйенің жергілікті деңгейдің мақсатын құрайды.

Адамның табиғатпен өзара әрекеттестік проблемасын шешу бағыты – бұл деген өндіріс сферасында да және рекреациялық сферасында да технологияны жетілдіру. Бәрінен де оңайы туристердің орманға, өзенге бару жолына шлагбауым қою. Бірақ, ондай жол қате болып саналады, өйткені табиғаттан кеткен адам табиғатпен байланысын жоғалтып, оны түсінбейді де, сүймейді де. Туризм экологиялық тәрбие мен білім беруде маңызды функция атқарады. Оның әрі қарай дамуы қоршаған ортаны қорғау ісіне жәрдемін тигізеді. Бірақта, көп туристерді қабылдау үшін алдын ала технологиялық шаралар жүргізу керек. Осыған байланысты, антропоэкологиялық жүйенің шектеулі деңгейінде "технология-ресурстар" жүйесі қаралынады. Бұл жүйенің мақсаты – адамдардың қажетін барынша қанағаттандыру үшін және табиғи кешендерге жағымсыз әсерлерін бәсеңдету үшін технологияларды жетілдіру. Сонымен, біздер антропоэкологиялық жүйенің үш деңгейіне талдау жасап көрдік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]