Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekoturizm-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.47 Кб
Скачать

17. Туризмнен табиғатты қорғау

Туристік базалардың салынуы және туристік ағымның шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік құндылығын төмендетеді. Жыл сайын күшейіп отыратын туристік миграция, туристік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп төндіреді, оның әсерін өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болады. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаған ортаға тигізетін әсерін "агрессивті" деп те атайды.

Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз әсердің байқалуы әр түрлі, олардың кейбіреулері өте қауіпті. Егер де туризм нашар басқарылып, жоспарланатын, дамитын болса, мұндай әсерлер күшейіп тереңдей түседі. Ол экологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкін, олардың ішіндегі өте қауіптілері келесілер:

– туристік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандалуы;

– туризм жүйесіндегі мекемелер мен ұйымдар іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның ауасының ластануы. Ол көбінесе көлік құралдарымен және коммуникация жүйесімен байланысты. Туристердің қолданатын ұшақтары белгілі бір мөлшерде ауаны бұзады (шуылмен ластану);

– туристік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен, машина жуудан және тағы басқалардан сулардың ластануы;

– туристердің көп шоғырлануынан, радиоқабылдағыштардың қатты сөйлеуінен және көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;

– туристік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы ландшафт эстетикасының нашарлауына, мүлдем жойылып кетуіне әсерін тигізеді;

– табиғи орындарда туристерден қалатын қоқыстар мен қалдықтарды тазарту мәселесі;

– белгілі бір туристік ауданда туристердің немесе туристік объектңлердің шамадан тыс шоғырлануы табиғи зоналардың экологиясын бұзады. Әсіресе, туристерді қызықтыратын жағажайлар, тау, шөлдала экожүйелер тез арада бұзылуы мүмкін;

– археологиялық және тарихи ескерткіштері бар туристік аудандарда туристердің шамадан тыс шоғырлануы оларға (ескерткіштерге) зиян келтіреді;

– туристік мекемелерді дұрыс жобалап орналастырмау экологиялық қауіптерді туғызуы мүмкін. Соғыстан кейінгі жылдары мұндай процестер өте қауырт жүрді, оны батыс еуропалық және солтүстік америкалық географтар табиғи ортаның "туристік урбандалуы" деп атады.

18. Туризм үшін табиғатты қорғау

Экотуризмнің пайда болуын және оның дамуын адамдардың табиғатпен тілдесуімен, олардың объектілері мен құбылыстарын түсінуге ынталануымен түсіндіруге болады. Таза қоршаған орта – туристік объект болып табылады, сондықтан қоршаған ортаның ресурстарын пайдалана білу және оны сақтақтау өте маңызды мәселе. Есте сақтау керек: нашарлаған орта туризмнің дамуына зиян келтіреді, олай болса, ол сол аймақтың экономикасының дамуын төмендетеді. Экологиялық туризм дамығанда табиғи кешен толық сақталынады, яғни табиғи кешен экологиялық туризмнің объектісіне айналады. Қоршаған ортаның сапасы мен туризм сапасының арасында екі жақты тікелей келісімді байланыс болады. Экологиялық туризмді дамыту барысында табиғатты сақтауға туристер де және туристік ұйымдар да атсалысады. Туристік ұйымдар, өздерінің қызметтерін жандандыру үшін, табиғи территорияларды жақсарту үшін, сапалы қызмет көрсету үшін, аңдар мен өсімдіктердің популяциясын қалпына келтіру үшін (өйткені жаратылыс табиғи орта туристер үшін үлкен сұраныста болады) табиғатты қорғауға бар күшін салу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]