Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekoturizm-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.47 Кб
Скачать

10. Экологиялық туризмнің дамуын ақпараттық-жарнамалық жағынан қамтамасыз ету

Экологиялық туризм саласының дамуын ақпараттық-жарнамалық жағынан қамтамасыз ету

Экологиялық туризмнің дамуында жеткілікті түрдегі ақпарат пен жақсы жасалынған жарнама негізгі роль атқарады. Жарнама арқылы мекеменің барлық туристік қызметтері көрсетіліп таратылынады.

Экологиялық туризм қызметтерін тұтынушыларға жеткізіп тұратын ақпарат ұйымдары:

- туристік ақпарат орталықтары. Орталықтар тұрақты (туристік ақпараттың офистері мен бюросы) және уақытша (сату жәрмеңкелері, көрме, стенділер, экспозициялар) болуы мүмкін.

Туристік ақпарат орталықтарының басты міндеті – тұтынушылардың көңілін Қазақстан Республикасының туристік

жетістіктеріне аудару, әсіресе оның табиғи байлықтарына;

- газеттер және журналдар шығару;

- жазба және картографиялық ақпараттар: брошюралар, буклеттер, туристерге арналған жолкөрсеткіштер, Қазақстанның көрікті жерлері туралы кітаптар;

- афиша, листовкалар, витриналар;

- халықаралық және мемлекеттік электронды ақпарат желісі – Интернет, лазерлы анықтама дискілері.

Негізінен экологиялық туризмді жарнама-ақпараттық қамтамасыз ету бағыты болатындар:

- республикада туристік ақпараттық орталықтар құру;

- экологиялық туризмнің туристік фирмалары, турлары мен маршруттары туралы ақпараттық банктер құру;

- экологиялық туризмге арналған отандық және халықаралық көрмелерді, жәрменкелерді ұйымдастырып өткізуге қатысу;

- экологиялық туризм туралы жарнама мақсатында Интернет жүйесінде арнайы сайттарды пайдалану.

11. Экотуристік іс-әрекеттерді басқарудың халықаралық тәжірибиесі

Экологиялық туризмді қолдап және оны дамытуға арналған арнайы құрылған ұйымдар мен ірі халықаралық құрылымдар қатысады. Олар экологиялық туризмнің дамуына экономикалық жағынан көмектеседі. Мұндай ұйымдар былай бөлінеді:

1) Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары;

2) Экологиялық туризмнің даму бағдарламасын қаражаттандыратын халықаралық ұйымдар;

3) Мамандандырылған экотуристік ұйымдар;

4) Дүниежүзілік туристік ұйым

12. Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әлемдік қауымның күшін біріктіріп планетаның табиғи ресурстарын қорғау үшін үлкен роль атқарады. ЮНЕСКО (UNESCO – Unіted Natіons Educatіonal, Scіentіfіc and Cultural Organіzatіon) – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет туралы бағдарламасы, 1946 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол оқу ағарту, ғылым және мәдениет облысында мемлекет аралық қатынастарды дамыту жолымен, әлемге және халықаралық қауіпсіздікке әсер ету мақсатымен құрылған.

1) Территорияларға ерекше қызықты және дүниежүзілік құндылығы бар "Дүниежүзілік мұра ескерткіші" деген статус беруге ЮНЕСКО-ның ескерткіштер туралы дүниежүзілік мұра комитетінің құқығы бар.

ЮНЕП (UNEP - Unіted Natіons Envіroment Program) – БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасы. 1972 жылы құрылған, штаб-пәтері Кенийде. Құрылы мақсаты - қоршаған ортаны басқару облысындағы бағдарламаны іске асыру, жер бетіндегі экожүйелерді сақтау, жердің құрғап, тозып шөл далаға

айналуымен, климаттың өзгеруімен қарсы күресу.

ПРООН (UNDP - Unіted Natіons Development Program) – БҰҰ-ның даму бағдарламасы. 1965 жылы құрылған, штаб-пәтері АҚШ-та. Құрылы мақсаты – дамушы елдерге экономикасын әсерлі етіп құруға және табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға көмек көрсету.

МСОП – халықаралық табиғатты қорғау одағы - Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағы (ІUCN – Іnternatіonal Unіon for Nature Conservatіon). 1948 жылы құрылған. Одақты құрудың мақсаты – әлемнің ұйымдарына табиғаттын әртүрлілігін, бұзылмауын сақтаудағы жұмыстарына көмек беріп, сүйемелдеу. Ұйымның штаб-пәтері Швейцарияда.

2) Экологиялық туризмнің даму бағдарламасын қаражаттандыратын халықаралық ұйымдар. Ең ірі халықаралық ұйымдарға жататындар:

- Дүниежүзілік банк - Халықаралық даму және қайта құру (реконструкция) банкісі. 1945 жылы құрылған, әлемнің 180 елін біріктіреді. Банкіні құрудағы мақсат - қоршаған ортаны қорғаудың бағдарламасын орындау.

- Жабайы табиғатты қорғаудың Дүниежүзілік қоры. 1961 жылы құрылған. Қорды құрудың мақсаты – табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың моделін қамтамасыз ету. Жабайы табиғатты қорғаудың дүниежүзілік қоры зерттеулер жүргізеді, дамушы елдердегі экотуризмге лайықты жерлерді анықтауға

бағытталған және экотуризмге байланысты жобаларды қаржыландырады.

- Глобальды экологиялық қор. 1990 жылы құрылған, әлемнің 142 елінің басын қосады. Қоршаған ортаны қорғаудың жобаларын қаржыландыруды сүйемелдейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]