Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekoturizm-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.47 Кб
Скачать

8. Экологиялық туризмді ұйымдастыру мен басқарудың әдістері

Жаңа талаптар мен жағдайларға сәйкес келетіндей экологиялық туризмнің дамуы саланы жаңа әдістермен ұйымдастырып және басқармайынша мүмкін емес. Экотуризм саланың басқаруы туризмдегі маркетинг және менеджмент жүйесіне негізделген. Туристік қызметтерге сұраныс динамикалық жағынан құбылмалы, сондықтан да туризм үшін маркетинг өте қажет. Экологиялық туризмнің маркетингтік стратегиясы мыналарды қамтиды:

- өз елдің (аймақтың) туристік потенциалың, экотуристік ресурстарын анықтау;

- басқару қызметтерге және туристерге керекті экологиялық ақпараттарды жинау;

- экологиялық туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін, шетелдік инвестицияны тарту үшін ғылыми және мәдени қорлар жасау;

- экологиялық туризм сферасында сирек кездесетін тауарлар мен қызмет нарығын құру;

- экологиялық туризм саласының жарнамасын жасау (әлемнің негізгі тілдерінде кинолар, буклеттер, проспектілер шығару);

- табиғатты пайдалану проблемасы және экологиялық туризмді дамыту туралы әлемдік ақпараттық интернет желісіне кіру;

- қосымша қызметтер көрсету үшін барлық жағдайларды зерттеу.

Экологиялық туризмде менеджменттің дамуы туристік мекемелердің іс- әрекеттерін басқаруды икемдірек жасауға, әсерлі болуға бағытталған, оның ішінде әсіресе:

- жарнамада көрсетілген туристік маршруттар мен көрсетілетін қызметің сапасы шын мәнінде сәйкес келуін қамтамасыз ету;

- күрделі және өмірге қауіпті маршруттарда саяхатшылардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету;

- турды өткезгенде қоршаған орта мен территорияның мәдени құндылықтарын барынша сақтауды қамтамасыз ету.

Халықаралық қарым-қатынас облысындағы жұмыстарды жүргізу мемлекеттің туристік саясатының тапсырмаларына жатады, оның ішінде ең бастысы:

- экологиялық туризм сферасында халықаралық туристік ұйымдар мен компаниялар арасындағы қарым-қатынасты кеңейтіп, одан әрі нығайту;

- туризм саласына шетелдік және отандық инвестицияларды тарту;

- экологиялық туризм бойынша әлемдік нарықтағы Қазақстанның орнын анықтау үшін маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізу.

9. Экотуризм дамуындағы концептуалдық бағыттар

Басқарудың иерархиялық құрылымы үш деңгейді қамтиды:

1. Макроэкономикалық деңгей – экологиялық туризм жүйесін мемлекет деңгейінде басқару екі басқару ұйым жүргізу керек: Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі және табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі.

2. Мезоэкономикалық деңгей – онымен Республиканың орталық экономикалық ведомствалары айналысады. Туристік индустрия облысындағы мемлекеттік көзқарастарды сақтауды бақылау функциясын Орталық банк, Мемлекеттік Кеден комитеті және басқалар атқарады. Мезоэкономикалық деңгейді облыстық құрылымдар да қамтиды: туризм және спорт бойынша территориялық басқарма, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, орман-тоғай, балық және аң аулау шаруашылықтары.

3. Микроэкономикалық деңгейді экологиялық туризм қызметтерін атқарушы ұйымдар мен ортадағы байланыстырушы ұйымдар ұсынады. Қазақстан нарығында туристік қызметтерді тікелей көрсететін ұйымдарға жататындар:

- маршруттарда қызмет көрсететін туристік фирмалар (туроператорлар);

- туристік нарықта барлық қатысушыларға қызметтер көрсететін туристік фирмалар (турагенттер);

- орналастыру орындары (қонақ үйі, мотелдер, кемпингтер, турбазалар, демалыс үйі, жеке пәтерлер ж. б.);

- тасымалдаушылар (көлік мекемелері, темір жол ведомствалары);

- сувенир бұйымдарын шығаратын мекемелер;

- сауда ұйымдары;

- туристерге қосымша қызмет көрсететін ұйымдар (валюта айырбастау пунктері, гидтер және т. б.);

- туризмнің жарнама ұйымдары (СМИ, ТВ);

- туристерді сақтандыру ұйымдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]