
- •1. Елдердің тұрақты даму концепциясы
- •2. Экологиялық туризм туралы түсінік
- •3. Қазіргі туризм классификациясында экотуризмнің алатын орны
- •4. Экологиялық туризмнің мақсаттары, міндеттері, негізгі қағидалары
- •5. Экологиялық туризмнің ерекшеліктері
- •6.Экологиялық туризмнің объектілері
- •7. Ерекше қорғаудағы табиғи территориялар, негізгі түсініктер
- •8. Экологиялық туризмді ұйымдастыру мен басқарудың әдістері
- •9. Экотуризм дамуындағы концептуалдық бағыттар
- •10. Экологиялық туризмнің дамуын ақпараттық-жарнамалық жағынан қамтамасыз ету
- •11. Экотуристік іс-әрекеттерді басқарудың халықаралық тәжірибиесі
- •12. Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары
- •13. Мамандандырылған экотуристік ұйымдар
- •14. Экотуризмге арналған халықаралық құжаттар
- •15. Туризм мен табиғи ортаның өзара байланысы
- •16. Табиғи кешендерге тиетін туризмнің әсері
- •17. Туризмнен табиғатты қорғау
- •18. Туризм үшін табиғатты қорғау
- •19. Туризм арқылы табиғатты қорғау
- •20.Туристік табиғатты пайдаланудың функционалдық моделі
- •21. Рекреациялық жүйенің базис моделі
5. Экологиялық туризмнің ерекшеліктері
Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы:
– экотуризм табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды пайдаланады;
– бұл туризм түрі қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, яғни экологиялық жағынан тұрақты;
– экотуризм экологиялық білімділік және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке бағытталған;
– экологиялық туризм жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын қамтамасыз етеді;
– туризмнің бұл түрі экономика жағынан әсерлі болып, жүзеге асырылатын жерлердің, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Жалпы айтатын болсақ, экологиялық туризм қазіргі таңда әлемде болып жатқан экологиялық мәселелерді шешуге ат салысатын, мемлекеттің тұрақты дамуына жетуінің бір жолы бола алатын туризм саласының бір бағыты болып табылады.
6.Экологиялық туризмнің объектілері
Экологиялық туризмнің объектісіне уникалді табиғи кешендер, негізінен Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) жатады.
ЕҚТТ-дың түрлері
Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың статусы мен режим ерекшеліктерін ескере отырып оларды мынадай түрлерге бөледі:
- ұлттық парктер;
- табиғи парктер;
- мемлекеттік қорықтар;
- мемлекеттік қорықшалар;
- табиғи ескерткіштер;
- дендропарк пен ботаникалық бақшалар;
- емдік-сауықтыру орындар мен курорттар.
7. Ерекше қорғаудағы табиғи территориялар, негізгі түсініктер
Ұлттық паркке экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылығы бар табиғи кешендер мен объектілер жатады. Ұлттық паркте табиғатты қорғау мақсаттары экологиялық білім берумен, туризммен және халықтың демалуымен үйлеседі. Яғни ұлттық парк рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Әлемде 2000-дай ұлттық парк бар, ал Қазақстанда – 8-ғана. Ұлттық паркте экотуристерді жаратылыс ландшафт, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар қызықтырады.
Ұлттық парктер – табиғи қорғаудағы, экологиялық ағарту және ғылыми- зерттеу мекемелері, оның территориясына экологиялық, тарихи және эстетикалық ерекше құнды табиғи кешендер мен объектілер кіреді, олар табиғатты қорғау, оқұ-ағарту, ғылыми және мәдени мақсаттар үшін пайдалануға арналған және реттеліп тұратын туризмге де арналған жерлер.
Табиғи парктер табиғатты қорғайтын рекреациялық мекемелерге жатады, оның территориясына экологиялық және эстетикалық едәуір құндылығы бар табиғи кешендер мен объектілер кіреді, олар рекреациялық мақсаттар үшін пайдалануға арналған.
Мемлекеттік қорықтар – экотуризмнің негізгі объектісіне жатпайды, бірақ экотуризмді буферлық зонасында дамытуға болады. Қорықтар шаруашылық айналымнан толық алынады. Мұнда тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге болады. Қорықтардың негізгі мақсаты – табиғи құбылыстардың
жаратылыс процесін сақтау және оқып-білу.Мемлекеттік табиғи қорықтар – бұлар табиғи қорғаудағы, ғылыми-зерттеу және экологиялық оқу-ағарту мекемелері, алдына қойған мақсаттарытабиғи процестер мен құбылыстардың жаратылыс жолдарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемнің генетикалық қорларын, өсімдіктер мен аңдардың жеке түрлерін қауымдастарын, типтік және уникальді (қайталанбайтын) экологиялық жүйелерді сақтап, оны оқып білу.
Мемлекеттік табиғи қорықшалар – бұл табиғи кешендерді немесе оның компоненттерін сақтау немесе қалпына келтіру үшін және экологиялық балансқа көмегін тигізіп тұруға ерекше маңызы бар территориялар (акваториялар). Мемлекеттік қорықшаларда шаруашылық әрекеттердің кейбір түрлері уақытша тоқтатылған. Мұнда барлық табиғи кешен емес, оның жеке бөліктері ғана қорғауға алынады. Мысалы, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар.
Табиғи ескерткіштер – бұл экологиялық, ғылыми, мәдени, эстетикалық жағынан уникалді, құндылықты объектілер. Табиғи ескерткіштерге сирек кездесетін ағаштар, геологиялық тастар, сарқырамалар, минералді сулар жатады. Барлық табиғи ескерткіштер экотуризмнің объектісі болып келеді.
Дендрологиялық парктің және ботаникалық бақшаның негізгі мақсаты - өсімдік әлемінің әртүрлілігін сақтау үшін өсімдіктердің арнайы коллекцияларын жасау, сонымен қатар ғылыми, оқу ағарту әрекеттерді жүргізу.
Емдік-сауықтыру орындар мен курорттардың негізгі мақсаты – ауруларды емдеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін, сонымен қатар халықтың демалысың ұйымдастыру үшін арналған арнайы табиғи емдік ресурстары (минералді су, емдік балшық, емдік климат, жағажай) бар жерлер.