
- •1. Елдердің тұрақты даму концепциясы
- •2. Экологиялық туризм туралы түсінік
- •3. Қазіргі туризм классификациясында экотуризмнің алатын орны
- •4. Экологиялық туризмнің мақсаттары, міндеттері, негізгі қағидалары
- •5. Экологиялық туризмнің ерекшеліктері
- •6.Экологиялық туризмнің объектілері
- •7. Ерекше қорғаудағы табиғи территориялар, негізгі түсініктер
- •8. Экологиялық туризмді ұйымдастыру мен басқарудың әдістері
- •9. Экотуризм дамуындағы концептуалдық бағыттар
- •10. Экологиялық туризмнің дамуын ақпараттық-жарнамалық жағынан қамтамасыз ету
- •11. Экотуристік іс-әрекеттерді басқарудың халықаралық тәжірибиесі
- •12. Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары
- •13. Мамандандырылған экотуристік ұйымдар
- •14. Экотуризмге арналған халықаралық құжаттар
- •15. Туризм мен табиғи ортаның өзара байланысы
- •16. Табиғи кешендерге тиетін туризмнің әсері
- •17. Туризмнен табиғатты қорғау
- •18. Туризм үшін табиғатты қорғау
- •19. Туризм арқылы табиғатты қорғау
- •20.Туристік табиғатты пайдаланудың функционалдық моделі
- •21. Рекреациялық жүйенің базис моделі
1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беру
1. Елдердің тұрақты даму концепциясы
Қазіргі жағдайда әлемдік саясаттың негізгі бағыты – адам баласы өз тұрмыс жағдайына көзқарасын өзгерту керек, әсіресе, экономикалық және экологиялық теңдікке жетуге бар күшін салу керек. Әлем қоғамының қоршаған ортаның жағдайы туралы тынымсыз дабыл қағуы 1972 жылы БҰҰ-ның Стокгольм конференциясында арнайы құрылым құруға мүмкіндік жасады, атап айтқанда БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) жасалынды. 1983 жылы БҰҰ қоршаған ортаны қорғаумен дамыту туралы комиссиясы құрылды, оны Норвегияның премьер-министрі гру Харлем Брундтланд басқарды. Комиссияның басты міндеті әлемдегі экологиялық және әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешу жолдарын табу. 1987 жылы БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау мен дамытудың Халықаралық комиссиясы «Біздің болашағымыз» деген тақырыпта баяндама жариялап – өркениеттің жаңа моделдерін іздестіруді керек екендігін көтерді. Осы баяндамада ең алғаш «тұрақты даму» түсінігі қолданды және тұрақты дамудың концепциясын жасалуы басталды. Осындай аз уақыт ішінде бұл түсінік өте жиі қолданылатын болды.
Тұрақты даму деген – бұл экологиялық жүйелердің тұрақсыздығын бұзбай, адам өмірінің сапасын жақсарту. Тұрақты даму ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы адам баласының алдындағы негізгі міндет ретінде қаралуы тиіс. 1992 жылдың жазында Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта және оның дамуы туралы конференция өтті. Мұнда халықаралық келісім жасалынды және әлем бойынша тұрақты даму мақсатымен маңызды құжаттар қабылданды:
- қоршаған орта және оның дамуы туралы декларация, мұнда адамдардың жағдайын жақсарту және дамуын қамтамасыз ететін елдердің міндеттері мен құқықтары анықталған;
- ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі - әлеуметтік, экономикалық және экологиялық көзқараста тұрақты дамуға өту бағдарламасы;
- планетаның экологиялық балансын сақтайтын ормандарды пайдалану, қорғау, басқару туралы мәлімдеме;
- климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның конвенциясы;
- биологиялық әртүрлілік туралы БҰҰ-ның конвенциясы.
Тұрақты даму» дегеніміз экологиялық жүйелердің мүмкіндіктерін бұзбай-ақ адамдардың өмір сүру жағдайының сапасын жақсарту. Әрбір елдің тұрақты даму концепциясы экологиялық тұрақты келешекті құруға бағытталған. Тұрақтылыққа алдағы 25жылда жетуіміз керек, яғни 2030жылға дейін. Арнайы зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек, егер де табиғи,экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жақсармаса, онда табиғи ресурстар азып-тозып, экономика күрт төмендейді. Әлемнің жағдайын бақылайтын Институттан Ластер Р. мен Флэвин К. ғалымдардың айтуынша, 2030 жылы әлемнің экономикасы жанармай ретінде көмірді, мұнайды, табиғи газдарды пайдаланбайды. Әлемдік экономиканың негізі ретінде күн мен атомның энергиясы кең қолданылатын болады. Ал 20-30 жылдың ішінде ғалымдар бірқатар жаңа технологияларды құрастырады. 30 жыл бұрын кейбір қазіргі технологиялар болмады да.
2. Экологиялық туризм туралы түсінік
Туризмнің казіргі кезеңінің ерекшелігі экологиялық туризм туралы түсініктің не екенін ашу. "Экологиялық туризм" қысқаша аты "экотуризм" ағылшын сөзінен "ecologіcal tourіsm" және "ecotourіsm" аударылған. И. Криппендорфтың (J. Krіppendorf) анықтамасы бойынша экологиялық туризм – бұл (алғашында автор оны "тыныш туризм" деп атады) "табиғаттың көрікті көрінісімен тікілей контактіде болып жергілікті халықтың мүддесін еске ала отырып көптеген адамдарға ұзақ уақыт физикалық және рухани демалысын ұйымдастыру".
К.Х. Рохлитц (K.H. Rochlіtz) басқаша анықтама беруді ұсынды. Бұл автордың айтуынша "жұмсақ туризм – бұл тұрғылықты халыққа экономикалық пайда түсіретін және олардың арасында түсінушілікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ табиғаттың сұлу көрінісіне де, жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаға да зиян келтірмейтін саны жағынан біркелкі туризм". Автордың бұл анықтамаға қосқан үлесі "жұмсақ туризм" жүйесінде элементтердің өзара әсерін көрсетіп бергенде, солар арқылы түскен табыстың бір бөлегін табиғи ортаға тигізілген зияндылықты жоюға жіберу болды.
Австралия үкіметінің және қоғамдық туристік және табиғат ұйымының экотуризм туралы аңықтамасын "Ұлттық экотуризм стратегиясы" деген құжаттан алынған келтіруге болады. Онда былай делінген: "Экотуризм – бұл табиғат негізінен тұратын қоршаған ортамен таныстыратын және оны түсіндіретін экологиялық тұрақты туризм ". Кейбір мәліметтерге қарағанда "экотуризм" деген терминді 1987 ж. Hector Ceballos-Lascuraіn еңгізген көрінеді, ол мынадай анықтама ұсынған екен: "Бұл ешкім тимеген немесе ласталмаған табиғи аудандарға саяхат жасау өзіне тән табиғаттың сұлулығымен, оның тамаша өсімдіктерімен, аңдарымен қызықтану, сондай-ақ басқа да мәдени ерекшеліктерімен танысу туризмі". Кейінірек, 1991 жылы АҚШ-та орналасқан Экотуризм қоғамымен (Ecotourіsm Socіety), экотуризмге шамалы өзгерістер енгізілген анықтама ұсынылды. Бұл анықтама бойынша, экологиялық туризм дегеніміз жақсы сақталынған табиғи ортаның аудандарына, сол жерлердің жаратылысымен және мәдени- этнографиялық ерекшеліктерімен танысу мақсатында саяхат жасау. Экотуризм қоршаған ортаның жақсаруына, биологиялық әртүрлілігін сақтауға және жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әсерін тигізеді. Біздің қөзқарасымызша, бұл анықтама экотуризм туралы толық анықтама береді. Бірақта тағы да бір анықтама бар, сол Экотуризм қоғамы
ұсынған 1993 жылы: "Бұл қоршаған ортаны сақтайтын және жергілікті халықтың жағдайын жақсартатын табиғи аудандарға жауапты сапар ". Былайынша айтқанда, экотуризм – бұл табиғатты қорғауға әсерін тигізетін қозғалыс.