Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_vebmidterm_udachi_nam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.47 Кб
Скачать
  1. Css құру. Css- пен жұмыс қалай жасалады?

CSS (Стильдердің сатылы кестелері) HTML тілімен қосыла отырып, гипермəтіндік парақтарды кəсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнімдерден айнымайтын динамикалық əрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Сценарийлер енгізілген CSS статикалық HTML-тілін динамикалық жаңа күйге келтіретін қосымша мүмкіндіктер жиыны.

STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:

- Жеке тəг стилі

- Жеке HTML-файлы стилі

- Бірнеше HTML-файлдарына арналған стиль

- Аралас стильдерді пайдалану

CSS арқылы мыналар атқарылады:

· өрістер, шегіністер, қаріп мөлшері (көлемі) жəне типі, мəтін түсі мен фоны, т.б. парақтың жекелеген элементтері (абзацтар, сөздер, əріптер) үшін беріледі.

· жүздеген файлдардан тұратын толық сайт үшін оның безендірілуін HTML-кодқа тимей, тек бір ғана CSS файлын түзету арқылы өзгерту;

· HTML-құжаттың ішкі тəгтері санын азайтып, оның ішкі ақпараттық мазмұнын браузер экранының сыртқы түсінен бөліп жеке стильдер түрінде жазып шығу.

Əдетте бірнеше файлдарға арналған стильдер басқа бір жеке файлға бөлек жазылады. Мұндай файл типі (кеңейтілуі) css болып жазылады. Мысалы, style.css файлына мынадай стильдерді жазайық:

BODY {margin-left: 40рх;}

Hl,H2,H3,H4,H5,H6

{ text-align: right;

color: red;

font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif;

}

Осы стильдерді іске қосу үшін HTML-файлдың тақырып <head>...</head> бөлігіне мынадай сілтеме орналастыру керек:

<LINK rel=stylesheet type="text/css“ href=style.css>

Осы стильдік файлға бірнеше HTML-құжаттар сілтеме жасай алады. Осы файлға бір өзгеріс енгізу ішкі сілтемелері бар ондаған парақтарға əсер етеді.

Мынадай стильдік анықтау

body {margin-left: 40рх;}

барлық жолдар үшін сол жақ шеттен 40 пиксель шегініс береді. Міне, HTML тіліндегідей кесте қолданбай, өріс көрсетпей, стиль арқылы ғана осындай мүмкіндіктер жасауға болады екен.

Мысалы,

<HTML>

<HEAD>

<STYLE type="text/css">

<!--

H1,H2,H3

{

color: blue;

}

-->

</STYLE>

<TITLE> 3 мысал </TITLE>

</HEAD>

<BODY bgcolor=white text=black>

<H1> 1 тақырып</H1>

<H2> 2 тақырып </H2>

<H3 style="color:red"> 3 тақырып </H3>

</BODY>

</HTML

  1. Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қандай логикалық стильдерді білесіңдер?

HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мəтіннің физикалық стилі - мəтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарайтылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсетуге болады. Логикалық стиль – мəтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез-келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерекшелеу түрін браузер өзі анықтайды.

1. Физикалық стиль

Физикалық стиль деп қаріптің сызылымы жайлы браузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Мысалы, <B> жəне </B> белгілерінің арасындағы мəтін қарайтылған қаріппен жазылады. <І> жəне </І> белгілерінің арасындағы мəтін курсив қаріппен, ал <U> жəне </U> белгілерінің арасындағы мəтін асты сызылған қаріппен жазылады. <TT> жəне </TT> белгілерінің қызметі ерекше. Бұл белгілердің арасындағы мəтін жазба машинкасымен жазылған тəрізді болып көрінеді, демек, символдарының тұрақты өлшемі бар.

2. Логикалық стильдер Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түрде көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильдің белгілерін əр баузер əр түрі қабылдайды. Кейбір браузерлер белгілерді мүлдем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасындағы мəтін экранда жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:

<EM> – </EM> ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, демек курсив.

<STRONG> – </STRONG> ағылшынның strong emphasіs – ерекше ақцент деген сөзінен, демек қарайтылған.

<CODE> – </CODE> бастапқы мəтін фрагменттері үшін пайдалануға негізделген.

<SAMP> – </SAMP> ағылшынның sample- нұсқау (образец). Экранға шығарылатын мəліметтердің нұсқауларын көрсету үшін қолданыуға ыңғайлы.

<KBD> – </KBD> ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура). Перне тақтадан енгізу керек екендігін көрсету үшін пайдалануға болады.

<VAR> – </VAR> ағылшынның varіable – айнымалы (переменная). Айнымалылардың атын жазу үшін пайдаланылады, бұл қаріп курсивке ұқсайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]