- •2. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
- •Интернет қызметтері
- •3.1. Фреймдер құру тəсілдері
- •7. Компьютерлік желілер. Глобалды желі.
- •8.Css құру. Ол қалай жұмыс істейді? Оның қасиеттері.
- •9 Қазіргі заманғы интернет технологияларының мүмкіндіктері?
- •10 Іздеу серверлары
- •Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз.
- •Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Браузер объектілері мен оқиғалары.
- •14. Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
- •Css құру. Css- пен жұмыс қалай жасалады?
- •Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қандай логикалық стильдерді білесіңдер?
- •Атауалар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі?
- •19.Html-құжат құрып оған css файлды қосыңыз.
- •Java Script –те тілі. Құжат құрып түсіндіріңіз.
- •21. Гипперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
- •22. Сырғымалы жолдар және кестелер, суреттер мен мультимедялық файлдарды парақтарда жүктеу.
- •23. Каскадты стильдік таблицалар деген не?
- •24.Java Script жайында на айтасыз?
- •25. Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
- •Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
- •26. Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру
- •27. Java Script –те қосымшалар құруға болама? Дәлелдеңіз мысалмен?
- •29. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
- •Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
- •30. Интернет конференция қалай өткізіледі?
- •31.Интернет семинар, вебинар технологиясы?
Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз.
Форматтау Интернетте көп тараған HTML 3.2 гипермәтін құжаттарды «физикалық форматтау» атты әдіспен ұйымдастырады. Web-форматтаудың бұл әдісінде тэгтер мен олардың атрибуттары әрбір жаңа абзацта қайталанады. Бұл Web-құжаттардың бастапқы кодтағы мәтін көлемінің ұлғаюына әкеледі. «Физикалық форматтауда» Web-құжаттың құрылымына талдау жасау, браузерлерге, ақпаратты іздеу жүйелеріне көп уақыт талап етеді, нәтижеде Web-құжат монитор терезесінде өте жай бейнеленеді. Қазіргі таңда Web-құжат құруда «логикалық форматтау» әдісін қолданған қолайлы. Бұл әдісті Интернет консорциум ұсынған HTML 4.0 тілінде қарастырамыз. «Логикалық форматтау» Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуге әкеледі. Нәтижеде Web-құжаттың көлемі мен оның жедел жадыға жүктелу уақыты қысқарады және Интернеттегі ақпаратты іздеу жүйелері оларды жеңіл талдай алады, қажетті гипермәтін мультимедия-жобаға берілген форматта жеткізіледі. Интернет немесе локалдық жүйеде Web-сайттар ұйымдастыруда Web-құжаттардан пайдаланамыз. Егер Web-құжаттар бір-біріне тәуелсіз компьютерлерде сақталатынын және оларды виртуал жинақтау керектігін еске алсақ, онда Web-құжаттарға жалпы стильдерді, шрифттерді, форматтарды, фильтрлерді, т.с.с. енгізуге қажеттілік туады. Web-құжаттарда барлық гипермәтіндер бір түрлі форматта, стильде болуы тұтынушыға қолайлылық тұғызады. Web-құжаттардағы дизайн мен анимация да көп роль ойнайды. Әрине бұл айтылғандар Web-құжаттарды құруда «классикалық әдіс» болып есептеледі. Бірақта Интернетте Web-сайттарды құруда, коллекциядағы гипермәтіндерді жинақтауда, басқа әдістер қолданған жөн. Web-кеңістікті дұрыс пайдалану мәселесіне де көңіл бөлу қажет. Визуалды Web-редакторлар Web-құжаттарды құруда тэгтерден өте көп пайдаланады, бірақ оларды тиімді пайдаланбайды. Web-құжаттардың бастапқы кодтағы мәтіндерін тұтынушының өзі қарапайым редактормен тиімділейді.
детте Web-құжаттардың негізгі бөлімдерінде жалпы стильдерден пайдаланылады. Мысалы: гипермәтіннің барлық абзацтары 12 пункт өлшемді, Times New Roman шрифтты, жасыл реңді болсын. Бұл үшін негізгі форманың тегіне Style атрибутын енгіземіз: <body Times New Roman",serif; font-size: 12 pt; colour: green;"> Жоғарыдағы мысалда Times New Roman шрифты Serif эффектімен берілген. Егер пайдаланушының компьютерінде бұл шрифт болмаса, онда ол браузермен Serif эффекті бар басқа шрифтпен алмастырады. Браузер Times New Roman шрифтіне сәйкес шрифтты автоматтық түрде таңдайды.
Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Браузер объектілері мен оқиғалары.
Браузер экранын өзгерту немесе жаңа терезелер жасау үшін браузердің ішкі
мүмкіндіктерімен танысып, оның ішкі объектілерін пайдалану керек. Браузер тəгтерді экранда көрсетіп қана қоймай, ол құжаттың иерархиялық моделіне сəйкес объектілер тұрғызады. Браузер жұмыс кезінде модельді тұрақты түрде бақылап отырады. Егер объект қасиеті өзгерсе, экрандағы бейне де өзгереді. JavaScript тілі арқылы объект қасиеттерін өзгертуге болады, сондықтан ол экран динамикасын жүзеге асыра алады. Кез келген құжаттың объектілік моделі əрқашанда нақты сайттың бейнесінен тəуелсіз түрдегі бір құрылымда болады
window
event
frames
history
documentnt
navigator
screen
location
links
images
anchors
forms
elements
Схемада көрсетілген барлық «объектілер» негізінде бір объектінің экземплярлары,
яғни даналары болып табылады. Браузер əр нақты құжат үшін сол даналарды жеке-жеке түрде құрастыра алады. Сол даналарды бұдан кейін «объектілер» деп атаймыз.
Window иерархияның жоғарғы жағында орналасады. Бұл қалған объектілердің
одан төмен орналасып, соның қасиеттері түрінде қарастырылатынын білдіреді. Үш тəсілді біз бұрыннан білеміз, олар: alert, prompt жəне confirm. Егер тəсіл келесі түрде жазылса:Window.alert ("alert функциясы – бұл window объектісінің тəсілі болып табылады "}; онда браузер осы хабарламаны шығаратын қосалқы терезе ашады.Біз бұрын былай жазатынбыз: alert("alert функциясы – бұл window объектісінің тəсілі болып табылады"); Негізгі объект болып саналатын window объектісінің атын жазбауға да болады. Келесі жолдардың нəтижелері бірдей болады: window.alert("Ат айналып қазығын табар");alert("Ат айналып қазығын табар"); Браузер тұтынушы əрекеттерін қадағалап, соларға сəйкес əрекет ете алады. Егер терезеде тышқанды шерту сілтемеге сəйкес келсе, браузер жаңа құжат жүктейді. “Alt +←” пернелерін қатар басу терезені бұрынғы қалпына қайтарады.
Егер тұтынушы тышқан курсорын суретке алып барса, онда браузер шағын
терезеге сол <img> тəгіне, яғни суретке сəйкес alt-мəтінді шығарады. Тұтынушы
бағыттауыш пернелерді басса, браузер сəйкесінше терезедегі мəтінді жылжытады.
Бұлардың бəрі тышқан мен пернетақтаның браузерге тұтынушының не істеп
жатқаны жайлы «хабар беріп» отыратынын білдіреді. Оған қоса, браузер құжаттың
жүктелуі жайлы да толық хабардар болып отырады. Егер сурет жүктелмесе (дискіде жоқ,сервермен байланыс үзілді), браузер оның орнына тіктөртбұрыш қояды. Осындай ақпараттық хабарламалар оқиғалар деп аталады. Кейбір оқиғаларға браузер бірден жауап береді, ал басқаларына жайбарақат қарап тұра беруі де мүмкін. Мұндайда браузерге не істеуі керек екендігі айтылмаған деп ұққан жөн. Мысалы: Қабырғасының ұзындығы берілген жағдайда квадраттың ауданын анықтау программасын жазайық. Ауданның мəні қабырғаның мəні өзгерген сəтте есептелуі тиіс.Екі мəтіндік өріс енгізілген форма құрайық: оның бірі квадрат қабырғасының мəнін енгізу үшін, ал екіншісі ауданның есептелген мəнін шығару үшін қажет. Жаңарту батырмасы форма өрістерін тазалайды. Квадрат ауданы change оқиғасы туындаған мезетте,формадағы numl деген элемент мəні өзгергенде жəне элемент фокусын жоғалтқанда есептеледі.
<HTML><HEAD>
<title> Change -элемент мəнін өзгерту оқиғасы </title>
<script>
function srec(obj){ obj.res.value=obj.numl.value* obj.numl.value}
</script>
</HEAD>
<BODY>
<h2> Квадрат ауданын есептеу </h2>
<FORM name="forml">
Қабырғасының ұзындығы: <input
type="text" size=7 name="numl"
onChange="srec(forml)">
<hr>
Аудан: <input type="text" size=7
name="res"> <hr>
<input type="reset" value = Жаңарту>
</FORM></BODY></HTML>
