- •2. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
- •Интернет қызметтері
- •3.1. Фреймдер құру тəсілдері
- •7. Компьютерлік желілер. Глобалды желі.
- •8.Css құру. Ол қалай жұмыс істейді? Оның қасиеттері.
- •9 Қазіргі заманғы интернет технологияларының мүмкіндіктері?
- •10 Іздеу серверлары
- •Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз.
- •Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Браузер объектілері мен оқиғалары.
- •14. Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
- •Css құру. Css- пен жұмыс қалай жасалады?
- •Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қандай логикалық стильдерді білесіңдер?
- •Атауалар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі?
- •19.Html-құжат құрып оған css файлды қосыңыз.
- •Java Script –те тілі. Құжат құрып түсіндіріңіз.
- •21. Гипперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
- •22. Сырғымалы жолдар және кестелер, суреттер мен мультимедялық файлдарды парақтарда жүктеу.
- •23. Каскадты стильдік таблицалар деген не?
- •24.Java Script жайында на айтасыз?
- •25. Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
- •Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
- •26. Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру
- •27. Java Script –те қосымшалар құруға болама? Дәлелдеңіз мысалмен?
- •29. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
- •Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
- •30. Интернет конференция қалай өткізіледі?
- •31.Интернет семинар, вебинар технологиясы?
29. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әркашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютсрмен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC(Internet Society — Internet коғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық еш нәрсе жоқ.. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінін APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең, үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET -тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET -пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
- почталық байланыстар.
30. Интернет конференция қалай өткізіледі?
Қазіргі таңда IP-телефония ретінде қолданыла алатын алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы және қарым - қатынастың ыңғайлы әдісі - Skype (http://www.skype.com.) болып табылады. IP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен сандық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады.
Скайп - дауыстық, видео қоңырау шалуға мүмкіндік беретін және интернет арқылы чат қызметін қамтыған бағдарламалық жабдық. Skype арқылы басқа қолданушыларға қоңырау шалу тегін, ал стационарлы телефон мен ұялы телефондарға қоңырау шалу қолданушының есеп шотын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Skype жедел хат алмасу, файл жіберу және видеоконференция сияқты функцияларымен қолданушылар арасында кең танылды. 2011 жылдың қыркүйегінде Skype-қа тіркелгендердің саны 929 миллионға жетті. Желінің жұмыс кеңсесі Люксембургта орналасқан Skype Limited арқылы басқарылады. Құрастырушылардың басым бөлігі және барлық қызметкердердің 44% Эстониядағы Таллинде және Тарту қалаларында орналасқан
Скайптың жалпы сипаттамасы:
Skypе-тың қоңыраулары –мұнда кәдiмгi телефонның барлық функциясы бар,сондықтан оның көмегімен байланысу өте оңай.
Бейнеқоңырау - әңгiмелесушiні естіп қана қоймай, көруге де болады.
Топ құру – дербес атауы бар бiрнеше адамды топтастыруға және жасалған тiзiмді басқа адамдармен айырбастауға болады.
Чат және смайлшелер – сөйлесуге ыңғайсыз уақытта лездік хабарлама жiберуге болады.
Ортақ чат - барлық жора-жолдастарыңа қажетті мәлiметтi бiрден хабарлау керек болған жағдайда қолданылады.
Конференция – бiрнеше адамға бiр уақытта қоңырау шалу.
Скайптын негізгі артықшылықтары:
- Skype тағы досыңызбен тегін сөйлесу;
- Ұялы байланыстарға немесе қалалық телефондарға арзан бағамен телефон шалу;
- Чатта тегін сөйлесу;
- Дауысты хабарлама;
- Тегін бейнеқоңырау;
- Егер сізде микрофон және құлаққап болса, онда сіз көрші қаладан досыңызға қоңырау шала аласыз;
- Егер сізде микрофон, құлаққап және веб-камера болса, онда сiзге видеоконференция өткiзуге, әңгiмелесушiнi көруге болады, оны "бейнетелефон" деп айтуға болады, бірақ шын мәнінде мәліметтер интернет желісі арқылы жіберіледі;
- Skype 100 адамға дейiн қатыса алатын онлайн конференцияны бiр уақытта өткiзуге мүмкiндiк бередi;
- Skype сізге ешқандай да жарнама ұсынбайды, сондықтан сiздi қалқып шығатын терезелер және баннерлер мазаламайды;
- Skype барлық мәлiметтердi автоматты түрде шифрлайды(қоңыраулар, SMSтар, чаттар, файлдар).
Қорытындылайтын болсақ Skype қазіргі таңда ең жақсы VoIР – қызметінің бірі.
