Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_vebmidterm_udachi_nam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.47 Кб
Скачать

27. Java Script –те қосымшалар құруға болама? Дәлелдеңіз мысалмен?

JavaScript программалау тілін Netscape пен Sun Microsystems фирмасы бірлесіп ұсынған, ол интерактивті HTML-құжаттарды құруға арналған. JavaScript тілін қолданылатын аймақтары:

  • Динамикалық, яғни құжат жүктелгеннен кейін мазмұнын өзгертуге болатын парақтарды құру.

  • Серверге жөнелтілгенге дейін пайдаланушының форманы дұрыс толтырылғандығын тексеру.

  • Сценарийлер көмегімен «жергілікті» (локальный) және басқа да мәселелерді шешеу.

JavaScript клиент және сервер жағында да орындалатын қосымшаларды құру мүмкіндігін береді. Екі түрлі қосымшаларды құру кезінде де, стандартты объектілерді анықтаулардан тұратын, ядро қолданылады. Пайдалынушы компьютерінде клиенттік қосымшаларды браузер орындайды.

JavaScript тіліндегі программа (сценарий) браузерге ендірілген интерпретатор арқылы өңделеді. Сценарийлерді кез-келегн брузерде орындалатындай түрде жазуға тырысу керек.

JavaScript тілінде жазылған программалар (сценарий) операторлар тізбегінен тұрады. Егер бір жолға бірнеше операторлар жазылса олардың арасына нүктелі үтір (;) қойылады. Егер әрбір оператор жеке жолға жазылса онда ешнәрсе қоймауға болады. Бір операторды бірнеше жолға жазуға болады.

Құрылымдық програмалау принципіне сәйкес, программаны бөліктік құрылым болатындай түрде жазу ұсынылады. Бұл программаны зерттеу мен қателерді іздеуді жеңілдетеді.

JavaScript программаларында түсініктемелерді қолдануға болады.Бір жолға сиятын түсініктеме беру үшін екі қиғаш сызықты қолдануға болады (//). Егер түсініктеме мәтіні бірнеше жолға жазылса, онда оларды /* және */ символдарының ішінде жазу керек. JavaScript тілінде бас әріптер мен кіші әріптер әр түрлі символ болып саналады.

28.<TEXTAREA>, <SELECT>, <INPUT> <OPTION> тəгтерінің қызметі мен атрибуттары жəне олардың мүмкін мəндері.

<ТEXTAREA> тəгі

Бұл тəг бірнеше жолдан тұратын мəтіндік ақпарат енгізуге арналған өріс құру үшін қажет. <TEXTAREA> …</TEXTAREA> тəгтері арасына, алдын ала келісім бойынша, енгізу өрісіне шығарылатын кез келген мəтін жолдарын орналастыруға болады. Бұл тəгтің атрибуттары:

NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;

ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;

COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.

Мысалы, əр жолына 15 символ мəтін сиятын, екі жолдан тұратын өріс былай жасалады:

<HTML>

<BODY>

<FORM>

<TEXTAREA Name="Студент" ROWS=2 COLS=15>

Қабдиева Əйгерім

</TEXTAREA>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

SELECT тəгі

Бұл тəг суырылып шығатын меню немесе айналдыру жолағы бар опциялар (командалар) тізімін құру үшін қолданылады. Опциялар тізімі мен меню пункттері SELECT контейнерінің ішінде орналасады. <TEXTAREA> тəгі сияқты <SELECT> тəгінде де берілген атты анықтайтын NAME атрибуты міндетті түрде болуы тиіс. Опциялар саны SIZE атрибутында көрсетіледі. Төменгі кестеде <SELECT> тəгінің атрибуттарының атқаратын қызметтері жайлы айтылған..

Атрибут

Атқаратын қызметі

NAME

Ақпарат атын анықтайды

SIZE

Таңдау опциялары үшін терезенің биіктігін (вертикаль көлемін) анықтайды. Егер атрибут көрсетілмесе немесе оның мəні 1-ге тең болса, онда қалқымалы опциялар тізімі шығады. Егер оның мəні 1--ден артық болса, онда опциялар айналдыру жолағы бар терезеде көрінеді. Ал егер атрибут мəні тізім элементтерінің нақты санынан артық болса, онда бос жолдар қосылады. Оларды таңдаған кезде, бос жолдар қайтарылады.

MULTIPLE

Бірден бірнеше опциялар таңдауға мүмкіндік береді.

Опциялар тізімі <OPTION> тəгі арқылы <SELECT> контейнеріне кіргізіледі.

<OPTION> тəгінің екі атрибуты болады, олар төмендегі кестеде сипатталған.

Атрибут

Атқаратын қызметі

VALUE

Тұтынушы опцияны таңдаған жағдайда, өңдеу бағдарламасына (скриптіге) қайтарылатын мəнді көрсетеді

SELECTED

Алдын ала келісім бойынша таңдалған опцияны көрсетеді

<INPUT> тəгі <TEXTAREA> мен <SELECT> тəгтеріндей контейнер емес, жалқы тəг болып есептеледі. Ол əр түрлі тəсілдерді пайдаланып, ақпарат жинақтауға арналған. Сол тəсілдерге мəтіндік өрістер, пароль енгізу өрісі, ажыратып-қосқыштар, жалаушалар, мəліметтерді жөнелту (Submit) жəне формаларды тазарту батырмалары (Reset) жатады.

INPUT тəгінің төмендегі кестеде көрсетілгендей бірсыпыра атрибуттары болады.

5 кесте Атрибут

Атқаратын қызметі

NAMESIZE

Енгізу өрісінің символдар санымен берілген енін көрсетеді

MAXLENGTH

Өріске енгізуге болатын ең үлкен символдар санын (максимальды) анықтайды

VALUE

Мəтіндік өріс үшін алдын ала келісім бойынша шығарылатын мəтінді анықтайды. Жалаушалар мен ажыратып-қосқыштар үшін өңдеу программасына қайтарылатын мəнді көрсетеді. Формаларды жөнелту мен тазарту батырмалары үшін батырма үстіндегі жазуды анықтайды.

CHECKED

Жалауша немесе ажыратып-қосқыштың, алдын ала келісім бойынша, іске қосылған жағдайын орнатады.Басқа тəг түрлерінде <INPUT> қолданылмайды.

TYPE

Енгізу өрісі типін (түрін) орнатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]