Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_vebmidterm_udachi_nam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.47 Кб
Скачать

23. Каскадты стильдік таблицалар деген не?

CSS (Стильдердің сатылы кестелері) HTML тілімен қосыла отырып, гипермəтіндік парақтарды кəсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнімдерден айнымайтын динамикалық əрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Сценарийлер енгізілген CSS статикалық HTML-тілін динамикалық жаңа күйге келтіретін қосымша мүмкіндіктер жиыны.

STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:

- Жеке тəг стилі

- Жеке HTML-файлы стилі

- Бірнеше HTML-файлдарына арналған стиль

- Аралас стильдерді пайдалану

Жеке HTML-файлына арналған стиль

Стильді тек бір тəг үшін немесе бірнеше тəгтер үшін бір рет жазылған анықтаулар HTML-құжатының басынан соңына дейін əсер ететіндей етуге болады.

Мысалы, барлық тəгтер атауларын тізіп, стильдік анықтауларды құжаттың тақырып бөлігіне орналастыру қажет.

Стильдік анықтаулар немесе селекторлар мынадай блок ішіне жазылады

<style>. . . </style>

жəне HTML-комментарий ретінде жазылады.

Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль

Əдетте бірнеше файлдарға арналған стильдер басқа бір жеке файлға бөлек жазылады. Мұндай файл типі (кеңейтілуі) css болып жазылады. Мысалы, style.css файлына мынадай стильдерді жазайық:

BODY {margin-left: 40рх;}

Hl,H2,H3,H4,H5,H6

{

text-align: right;

color: red;

font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif;

}

Осы стильдерді іске қосу үшін HTML-файлдың тақырып <head>...</head> бөлігіне мынадай сілтеме орналастыру керек:

<LINK rel=stylesheet type="text/css“ href=style.css>

Осы стильдік файлға бірнеше HTML-құжаттар сілтеме жасай алады. Осы файлға бір өзгеріс енгізу ішкі сілтемелері бар ондаған парақтарға əсер етеді.

HTML-кодтары үшін стильдерді пайдаланудың үш тəсілі бар екен:

• жеке тəг үшін анықтау;

• HTML-файлының тақырыбында анықтау;

• басқа CSS файлында стильді анықтау.

24.Java Script жайында на айтасыз?

JavaScript программалау тілін Netscape пен Sun Microsystems фирмсы бірлесіп ұсынған, ол интерактивті HTML-құжаттарды құруға арналған. JavaScript тілін қолданылатын аймақтары:

  • Динамикалық, яғни құжат жүктелгеннен кейін мазмұнын өзгертуге болатын парақтарды құру.

  • Серверге жөнелтілгенге дейін пайдаланушының форманы дұрыс толтырылғандығын тексеру.

  • Сценарийлер көмегімен «жергілікті» (локальный) және басқа да мәселелерді шешеу.

JavaScript клиент және сервер жағында да орындалатын қосымшаларды құру мүмкіндігін береді. Екі түрлі қосымшаларды құру кезінде де, стандартты объектілерді анықтаулардан тұратын, ядро қолданылады. Пайдалынушы компьютерінде клиенттік қосымшаларды браузер орындайды.

JavaScript тіліндегі программа (сценарий) браузерге ендірілген интерпретатор арқылы өңделеді. Сценарийлерді кез-келегн брузерде орындалатындай түрде жазуға тырысу керек.

JavaScript тілінде жазылған программалар (сценарий) операторлар тізбегінен тұрады. Егер бір жолға бірнеше операторлар жазылса олардың арасына нүктелі үтір (;) қойылады. Егер әрбір оператор жеке жолға жазылса онда ешнәрсе қоймауға болады. Бір операторды бірнеше жолға жазуға болады.

Құрылымдық програмалау принципіне сәйкес, программаны бөліктік құрылым болатындай түрде жазу ұсынылады. Бұл программаны зерттеу мен қателерді іздеуді жеңілдетеді.

JavaScript программаларында түсініктемелерді қолдануға болады.Бір жолға сиятын түсініктеме беру үшін екі қиғаш сызықты қолдануға болады (//). Егер түсініктеме мәтіні бірнеше жолға жазылса, онда оларды /* және */ символдарының ішінде жазу керек. JavaScript тілінде бас әріптер мен кіші әріптер әр түрлі символ болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]