Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_vebmidterm_udachi_nam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.47 Кб
Скачать

21. Гипперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?

HTML-да мəтіннің бір фрагментінен екіншісіне ауысу үшін

<A HREF="[ауысу адресі]"> мəтіннің белгіленген фрагменті </A>

тəгінің көмегімен орындалады. [ауысу адресі] параметрінің орнына аргументтердің бірнеше түрін қолдануға болады. Ең қарапайымы – ауысатын HTML-құжаттың атын беру. Мысалы:

<A HREF="pr2.htm"> Мазмұн </A>

Бұл мысал HTML-құжатта Мазмұн белгіленген фрагмент пайда болады, оған тышқан курсорын апарып басқанда келесі терезеде pr.htm. құжаты ашылады.Егер адресте каталог көрсетілмесе, онда ауысу ағымдағы каталог ішінде орындалады.

Қажет болған жағдайда сілтеуді қандай да бір құжатқа емес сол құжаттың ішіндегі белгілі бір сөзге де жасауға болады. Ол үшін сілтеу барысында ашылатын құжатта қандайда бір сүйеніш нүктесін немесе анкер ашу керек. Мысалы: pr1.htm құжатынан pr2.htm құжатының “Ауысу аяқталды” (құжаттар бір буманың ішінде орналасқан) деген сөзіне көшу керек болса, алдымен, pr2.htm файылында мынадай анкер ашу керек:

<A NAME="AAA">Ауысу аяқталды</A>

“Ауысу аяқталды” сөзі мəтінде ешқандай белгілеусіз жазылады. Енді pr1.htm файылында осы анкерге көшуді анықтау керек:

<A HREF="2.htm#AAA"> Переход к анкеру (Анкерге ауысу)AAA</A>

Анкерге ауысуды pr2.htm құжатының ішінде де орындауға болады, ол үшін құжат ішіне мынадай фрагмет қосу жеткілікті:

<A HREF="#AAA">Переход к анкеру (Анкерге ауысу) AAA</A>

Бұл үлкен құжаттар жасағанда өте қолайлы. Құжаттың басына бөлімдердің тақырыбында орналасқан анкерлерге сілтеу жасайтын мазмұнды орналастыру керек.

HTML-құжатта ресурстардың басқа да түрлеріне сілтеу жасауға болады:

<A HREF="ftp://server/dіrectory/fіle.ext">Файылды түсіру</A>

Бұндай сілтеу, орындалған жағдайда, файлдарды беру протоколын іске қосып, server серверінің dіrectory бумасында орналасқан fіle.ext файлын тұтынушының экранында көрсете бастайды.

<A HREF="maіlto:user@maіl.box">Хат жіберу</A> 10

Бақытқа <a href="hands-on.html">барар жол </a>

сонымен бірге гипертекстік сілтеуде көрсетілген құжаттың ішіндегі қайсыбір нүктені анықтау үшін, мысалы:

<h2> <a name=mіt> Сквер 545 - хакерлер пейіші </a> </h2>

Name – анкердің атын анықтайтын жол. Бір құжаттың ішінде анкерлердің аттары қайталанбау керек.

Href – гипермəтіндік сілтеме бойынша ауысатын ресурстың адресін білдіреді. Бұл басқа HTML-құжат, PDF-файл немесе сурет болуы мүмкін.

Tіtle – сілтеу жасалған ресурстың аты.

22. Сырғымалы жолдар және кестелер, суреттер мен мультимедялық файлдарды парақтарда жүктеу.

<MARQUEE> жəне </MARQUEE> тəгтері броузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші шетіне жылжып отыратын “сырғымалы жол” жасайды жəне оның мынадай параметрлері болады:

<MARQUEE [ALІGN=”alіgn’] [BEHAVІOR=’behavіor”] [BGCOLOR= #rrggbb]

[DІRECTІON=”dіrectіon”] [HEІGHT=”іnteger”] [HSPACE=”іnteger”]

[LOOP=”іnteger”] [SCROLLAMOUNT=”іnteger”] [SCROLLDELLAY=”іnteger”]

[VSPACE=”іnteger”] [WІDTH=”іnteger”]> Кез келген мəтін </MARQUEE>

ALІGN – "сырғымалы" мəтінді жолдың жоғарғы шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру параметрін береді жəне де ол мына мəндердің (сөздердің) біреуін қабылдайды: TOP, MІDDLE, BOTTOM.

DІRECTІON – жол бойынша жылжу.

BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды.

HEІGHT – “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.

LOOP - “сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын бүтін сан, ІNFІNІTE (шексіздік) мəнін қабылдауы да мүмкін.

SCROLLAMOUNT – жылжудың бір қадамында мəтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан.

SCROLLDELAY – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисекундпен көрсететін бүтін сан.

WІDTH – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.

Кесте тұрғызу <TABLE> жəне </TABLE> тəгтері көмегімен орындалады, оның əрбір жолын анықтау – <TR> жəне </TR> тəгтері арқылы, ал сол жолдардағы бағаналар – <TD> жəне </TD> немесе <ТН> жəне </ТН> тəгтері арқылы анықталады. <TD> жəне <ТН> тəгтерінің жұмысы ұқсас, бірақ <ТН> тəгтерімен қоршалған мəтін қарайтылған бағана тақырыптары болып табылады да, <TD> тəгтерімен одан кейінгі қарапайым бағаналар жазылады.

Кесте тақырыбы <CAPTION> жəне </CAPTION> тəгтерімен қоршалып жазылады. Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгімен беріледі:

<TABLE ALIGN="align" BGCOLOR="#rrggbb" BORDER="integer"

BORDERCOLOR="#rrggbb" WIDTH="integer"> 6

</TABLE>

Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар браузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді.

Фреймдер құру үшін <FRAMESET> жəне <FRAME> тəгтері қолданылады да, мұнда əдеттегідей <BODY> тəгі пайдаланылмайды. <FRAMESET> тəгі броузер терезесіндегі фреймдердің көлемдері мен олардың орналасу тəртібін сипаттайды, <FRAME> тəгінде фрейм-дердің əрқайсысына шақырылатын құжаттар аттары көрсетіледі. Екі фреймнен тұратын экран құрайтын программа бөлігінен мысал келтірейік:

<html>

<frameset rows="50%,50%">

<frame src="1 файл.htm">

<frame src="2 файл.htm">

</frameset>

</html>

<html>

<frameset rows="50%,50%">

<frame src="dog.jpg">

<frame src="cat.jpg">

</frameset>

</html>

Мұндағы екі фрейм жолдар (rows) бойынша көлденеңнен бірінің астына бірі орналасады, олар экранды 50 %-дан бөліп алады. Үстіңгі фреймде "1 файл.htm" құжаты ашылады да, төменгісінде – "2 файл.htm" орналасады (1 сурет). Осындай файлдар жұмыс бумасында болуы тиіс. Оң жақтағы программада фреймдерде сурет орналастыру мысалы көрсетілген.

Броузерлердің (Netscape Navigator, Internet Explorer) мультимедиялық файлдарды іске қосатын қосымша программалық модульдері бар. Олар LiveAudio (WAV, AU, AIFF жəне MIDI форматтарындағы дыбыстық файлдар), Live3D (VRML), LiveVideo (АVI бейнелік файлдары) жəне QuickTime (дыбыс пен мəтін қосылатын MIDI түріндегі MOV форматындағы файлдар) тəрізді технологияларды сүйемелдей алады. Осылардың бəрін web-құжатқа <EMBED> тəгі арқылы іске қосуға болады. <EMBED> тəгінің бірсыпыра параметрлерін келтіре кетейік:

Атрибут

Атқаратын қызметі

SRC

Іске қосылатын объектінің толық маршруты көрсетілген файлының аты. Бұл параметр міндетті түрде жазылуы тиіс.

PALETTE

Іске қосылатын объектінің палитралары типтері (түстер палитрасы), мəндері: foreground, background

HIDDEN

Объектінің экранда көрсетілу типі, мəндері: false – объект көрсетілмейді (келісім бойынша), true – объект көрсетіледі

TYPE

Объект файлының типі

Бұл тəгтің басқа атрибуттары <IMG> тəгінің атрибуттарына ұқсас (жалпы HTML құжаты ортасына объект енгізу тəсілі бірдей десе болады), сондықтан NAME, ALT, BORDER, HEIGHT, WIDTH, ALIGN, HSPACE, VSPACE сыяқты атрибуттарды қарастырмаймыз.

Мультимедиялық мүмкіндіктерді сүйемелдей алмайтын басқа броузерлер үшін <NOEMBED> элементі көрсетіледі де, оның ашылу жəне жабылу тəгтері арасында түсініктеме мəтін жазылады.

Мысалдар:

<EMBED SRC=nature.wav>

тəгі nature.wav музыкалық файлын фон ретінде тыңдауға мүмкіндік береді. Құжатқа PDF (Adobe Portable Document Format) форматындағы JS.PDF файлын енгізу үшін мынадай жолды жазу керек:

<EMBED SRC=JS.PDF WIDTH=500 BORDER=0 ALIGN=left>

Web-құжатты көру барысында өзіңіз ұнататын əнді тыңдап отырғыңыз келсе, мұнан басқа да <BGSOUND> тəгін төмендегідей түрде жазып пайдалануға болады:

<BGSOUND SRC=”əн аты” LOOP= “қайталану саны”>

<A HREF=”Ақбақай.mp3”> өлең </A>

Мұнда экранға “өлең” атты гиперсілтеме шығып тұрады, соны тышқанмен шерткен кезде ғана əн ойнала бастайды.

Web-парақ ішіне бейнероликтерді қою жай сурет орналастыру тəрізді орындалады. Мұны жүзеге асыру тəгінен мысал келтірейік:

<IMG DYNSRC=”FILE1.AVI” START=OPENFILE LOOP=2>

Мұнда DYNSRC атрибуты бейнеролик файлының атын береді, ал START параметрі бейнероликті іске қосу тəсілін тағайындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]