
- •2. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
- •Интернет қызметтері
- •3.1. Фреймдер құру тəсілдері
- •7. Компьютерлік желілер. Глобалды желі.
- •8.Css құру. Ол қалай жұмыс істейді? Оның қасиеттері.
- •9 Қазіргі заманғы интернет технологияларының мүмкіндіктері?
- •10 Іздеу серверлары
- •Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз.
- •Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Браузер объектілері мен оқиғалары.
- •14. Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
- •Css құру. Css- пен жұмыс қалай жасалады?
- •Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қандай логикалық стильдерді білесіңдер?
- •Атауалар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі?
- •19.Html-құжат құрып оған css файлды қосыңыз.
- •Java Script –те тілі. Құжат құрып түсіндіріңіз.
- •21. Гипперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
- •22. Сырғымалы жолдар және кестелер, суреттер мен мультимедялық файлдарды парақтарда жүктеу.
- •23. Каскадты стильдік таблицалар деген не?
- •24.Java Script жайында на айтасыз?
- •25. Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
- •Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
- •26. Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру
- •27. Java Script –те қосымшалар құруға болама? Дәлелдеңіз мысалмен?
- •29. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
- •Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
- •30. Интернет конференция қалай өткізіледі?
- •31.Интернет семинар, вебинар технологиясы?
CSS- стильдік таблицалары?
Интернеттің негізгі қызметтері?
Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
CSS және оның қасиеттерін құжатқа қолдану.
Гиперсілтеме бойынша ауысу тəгі. Мысал келтіріңіз?
Іздеу серверлерімен жұмысын сипаттаңыз. Гиперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
Компьютерлік желілер. Глобалды желі.
CSS құру. Ол қалай жұмыс істейді? Оның қасиеттері.
Қазіргі заманғы интернет технологияларының мүмкіндіктері?
Іздеу серверлерімен жұмысын сипаттаңыз.
Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз.
Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Браузер объектілері мен оқиғалары.
Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
CSS құру. CSS- пен жұмыс қалай жасалады?
Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қандай логикалық стильдерді білесіңдер?
Атауалар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі?
Java Script –те оперцияларды қолданып математикалық есептеулер жасау.
HTML-құжат құрып оған CSS файлды қосыңыз.
Java Script –те тілі. Құжат құрып түсіндіріңіз.
Гипперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
Сырғымалы жолдар және кестелер, суреттер мен мультимедялық файлдарды парақтарда жүктеу.
Каскадты стильдік таблицалар деген не?
Java Script жайында на айтасыз?
Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру
Java Script –те қосымшалар құруға болама? Дәлелдеңіз мысалмен?
<TEXTAREA>, <SELECT>, <INPUT> <OPTION> тəгтерінің қызметі мен атрибуттары жəне олардың мүмкін мəндері.
Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
Интернет конференция қалай өткізіледі?
Интернет семинар, вебинар технологиясы?
1.CSS- стильдік таблицалары?
CSS (Стильдердің сатылы кестелері) HTML тілімен қосыла отырып, гипермəтіндік парақтарды кəсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнімдерден айнымайтын динамикалық əрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Сценарийлер енгізілген CSS статикалық HTML-тілін динамикалық жаңа күйге келтіретін қосымша мүмкіндіктер жиыны.
STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:
- Жеке тəг стилі
- Жеке HTML-файлы стилі
- Бірнеше HTML-файлдарына арналған стиль
- Аралас стильдерді пайдалану
Жеке бір тəг үшін жазылған стиль
Мысалы, <P> тəгі арқылы нақты бір абзац қалай бейнеленетінін былай көрсете аламыз:
<Р style="font-size:1.5cm; color:green">
Бұл абзацқа стильдік анықтау тəсілі қолданылып отыр.
Стиль style атрибутымен берілген. Мұнда браузерге абзацты көлемі 1.5 сантиметр болатын жасыл əріптермен жазуға нұсқау берілген.
Стильді анықтау мынадай түрде жазылады:
сипаттама:мəні;
font-size:1.5cm;
color:green;
Жеке HTML-файлына арналған стиль
Стильді тек бір тəг үшін немесе бірнеше тəгтер үшін бір рет жазылған анықтаулар HTML-құжатының басынан соңына дейін əсер ететіндей етуге болады.
Мысалы, барлық тəгтер атауларын тізіп, стильдік анықтауларды құжаттың тақырып бөлігіне орналастыру қажет.
Стильдік анықтаулар немесе селекторлар мынадай блок ішіне жазылады
<style>. . . </style> жəне HTML-комментарий ретінде жазылады.
Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль
Əдетте бірнеше файлдарға арналған стильдер басқа бір жеке файлға бөлек жазылады. Мұндай файл типі (кеңейтілуі) css болып жазылады. Мысалы, style.css файлына мынадай стильдерді жазайық:
BODY {margin-left: 40рх;}
Hl,H2,H3,H4,H5,H6
{ text-align: right;
color: red;
font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif; }
Осы стильдерді іске қосу үшін HTML-файлдың тақырып <head>...</head> бөлігіне мынадай сілтеме орналастыру керек: <LINK rel=stylesheet type="text/css“ href=style.css> Осы стильдік файлға бірнеше HTML-құжаттар сілтеме жасай алады. Осы файлға бір өзгеріс енгізу ішкі сілтемелері бар ондаған парақтарға əсер етеді.
Мынадай стильдік анықтау body {margin-left: 40рх;} барлық жолдар үшін сол жақ шеттен 40 пиксель шегініс береді. Міне, HTML тіліндегідей кесте қолданбай, өріс көрсетпей, стиль арқылы ғана осындай мүмкіндіктер жасауға болады екен.
Аралас стильдерді пайдалану
Сонымен HTML-кодтары үшін стильдерді пайдаланудың үш тəсілі бар екен:
• жеке тəг үшін анықтау;
• HTML-файлының тақырыбында анықтау;
• басқа CSS файлында стильді анықтау.
Мысалы:
<HTML>
<HEAD>
<STYLE type="text/css">
<!--
H1,H2,H3
{
color: blue;
}
</STYLE>
<!-- prim.css файлын іске қосу -->
<LINK rel=stylesheet type="text/css" href=prim.css>
<TITLE> 5 мысал </TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=white text=black>
<H1> 1 тақырып </H1>
<H2> 2 тақырып </H2>
<H3 style="color:red"> 3 тақырып </H3>
</BODY>
</HTML>
2. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
Интернет қызметтері
Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері: Бүкіләлемдік тор
Веб-форумдар
Блогтар
Уики-проекттер (Уикипедия)
Интернет-дүкен
Интернет-аукцион
Электронды почта
Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet)
Файл-алмасу желілері
Интернет-радио
Интернет-теледидар
Электронды кітап
IP-телефония
Мессенджерлер
FTP-серверлер
IRC (веб-чаттар)
Іздеу жүйелері
Интернет-жарнама
Өшірілген терминал
Төлем жүйелері
3. HTML тілі броузер программасы терезелерін бірнеше бөліктерге бөлу мүмкіндігін береді жəне олардың əрқайсысында жеке web-құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктерді фрейм немесе кадр деп аталады. Мұнда əрбір фрейм экрандағы жеке тіктөртбұрышты аймақты алып тұрады. Əр фрейм ішінде бір-бірінен тəуелсіз құжат орналастыра аламыз.
3.1. Фреймдер құру тəсілдері
Фреймдер құру үшін <FRAMESET> жəне <FRAME> тəгтері қолданылады да, мұнда əдеттегідей <BODY> тəгі пайдаланылмайды. <FRAMESET> тəгі броузер терезесіндегі фреймдердің көлемдері мен олардың орналасу тəртібін сипаттайды, <FRAME> тəгінде фрейм-дердің əрқайсысына шақырылатын құжаттар аттары көрсетіледі. Екі фреймнен тұратын экран құрайтын программа бөлігінен мысал келтірейік:
<html>
<frameset rows=”50%, 50%”>
<frame src=”1 файл.html”>
<frame src=”2 файл.html”>
</frameset>
</html>
Мұндағы екі фрейм жолдар (rows) бойынша көлденеңнен бірінің астына бірі орналасады, олар экранды 50 %-дан бөліп алады. Үстіңгі фреймде "1 файл.htm" құжаты ашылады да, төменгісінде – "2 файл.htm" орналасады
тиіс. Оң жақтағы программада фреймдерде сурет орналастыру мысалы көрсетілген.
<FRAMESET> тəгінің ROWS=... (қатарлар) атрибуты терезені горизонталь – көлденең бағыт бойынша жолдарға бөледі де, COLS=... (бағаналар) атрибуты тіке – вертикаль бағыттағы бағана түріндегі фреймдерге бөледі. Егер осы атрибуттың екеуі де берілсе, терезеде тіке жəне көлденең төртбұрыштардан тұратын торларға бөлінеді.
Енді бес тордан – алғашқы бағанасы биіктіктері бірдей екі жолдан, ал екінші бағанасы – бірдей үш жолдан тұратын тұратын фреймдер тұрғызатын программа бөлігін келтірейік.
<frameset cols="50%,50%">
<frameset rows="50%,* "> <frame src="1 тор.htm"> <frame src="2 тор.htm">
</frameset>
<frameset rows="33%,33%,* "> <frame src="3 тор.htm"> <frame src="4 тор.htm">
<frame src="5 тор.htm">
</frameset>
</frameset>
4. Стильдік əр түрлі анықтаулар жазуда 70-тен аса оның түрлі қасиеттерін көрсетуге болады. Жалпы жұмыс атқару кезінде кітаптар соңында берілетін анықтамаларды пайдалану қажет.
Стильдегі оның қасиеттерін мынадай топтарға бөліп беру қалыптасқан:
· қаріп (қаріп);
· түстер;
· мəтін;
· өрістер мен жақтаулар (поля и рамки);
· сыртқы түрлері. Стильдерде қолданылатын өлшем бірліктері: in - дюйм -<P style=”font-size:1in”>, cm -сантиметр -<P style=”font-size:1cm”>, mm - миллиметр -<P style=”font-size:1mm”>, px -пиксел -<P style=”font-size:1px”>, pt -пункт -<P style=”font-size:1pt”>, pc - пики -<P style=”font-size:1pc”>, % - процент -<P style=”font-size:1%”>
font-family қаріп түрі (шрифт типі)
Бұл стильдік қасиет қаріптің гарнитурасы атын (мысалы, Arial) немесе оның топ атауын (родовое имя) көрсетеді:
serif – шығыңқы қаріп (с засечками – серифный);
sans-serif – жұмыр қаріп (без засечек – рубленый);
monospace – ені бірдей қаріп (моноширинный қаріп – символдарының ендері бірдей). font-family қасиеті үшін бір емес, бірнеше қаріп көрсеткен абзал (үтір арқылы бөліп), мысалы:
Н1,Н2,Н3,Н4,Н5,Н6 { font-family: "Arial Cyr", Geneva, Helvetica, sans-serif; }
Браузер алдымен Arial Cyr қаріпін іздейді, таба алмаса - Geneva, соңынан - Helvetica, ешқайсысы да болмаса, əйтеуір бір жұмыр қаріп табады (sans-serif).
Егер қаріп аты бірнеше сөзден тұрса, ол міндетті түрде қос тырнақшаға алынады.
font-size. font-size қасиеті қаріптің абсолюттік немесе салыстырмалы мөлшерін береді. Салыстырмалы түрде бергенде, пайыздық өлшем қолданылады (ағымдағы қаріп - негізгі) немесе мынадай түйінді сөздер қою керек:
Мынадай түйінді сөздерді де пайдалануға болады: xx-smali |
– өте майда |
– сверхмелкий; |
x-smail |
– майдалау |
– очень мелкий; |
small |
– майда |
– мелкий; |
medium |
– орташа |
– седний; |
large |
– ірі |
– купный; |
х-large |
– ірілеу |
– очень крупный; |
xx-large |
– өте ірі |
– сверхкрупный. |
Түстерді тағайындау
Стильдік қасиеттер түстерді тағайындаудың үш түрлі тəсілін береді:
· түйінді сөз, мысалы, white;
· он алтылық RGB-код, мысалы, #eee5d8;
· ондық RGB-код, мысалы, rgb(255,64,0);
color – элемент түсін анықтайды.
background-color – элемент шығарылатын маңайдағы фон түсін анықтайды.
5. HTML-да мəтіннің бір фрагментінен екіншісіне ауысу үшін
<A HREF="[ауысу адресі]"> мəтіннің белгіленген фрагменті </A>
тəгінің көмегімен орындалады. [ауысу адресі] параметрінің орнына аргументтердің бірнеше түрін қолдануға болады. Ең қарапайымы – ауысатын HTML-құжаттың атын беру. Мысалы:
<A HREF="pr2.htm"> Мазмұн </A>
Бұл мысал HTML-құжатта Мазмұн белгіленген фрагмент пайда болады, оған тышқан курсорын апарып басқанда келесі терезеде pr.htm. құжаты ашылады.
Назар аударыңыз: егер адресте каталог (бума) көрсетілмесе, онда ауысу ағымдағы каталог ішінде орындалады. Ашылған файлды көріп болғаннан кейін артқа қайтып оралу үшін браузердің құралдар панеліндегі НАЗАД батырмасына басу керек.
Осыған дайін біз тек HTML-құжатқа сілтеу жасауды сөз еттік, алайда ресурстардың басқа да түрлеріне сілтеу жасауға болады:
<A HREF="ftp://server/dіrectory/fіle.ext">Файылды түсіру</A>
Бұндай сілтеу, орындалған жағдайда, файлдарды беру протоколын іске қосып, server серверінің dіrectory бумасында орналасқан fіle.ext файлын тұтынушының экранында көрсете бастайды.
<A HREF="maіlto:user@maіl.box">Хат жіберу</A>
Егер тұтынушы жоғарыдағыдай сілтемеге ауысса, онда экранда пошта программасының шығу мəліметтерін енгізу терезесі ашылады. Пошта программасының To: ("Қайда" ) жолында user@maіl.box адресі көрсетіледі.
Байланыстар жайлы білетініміздің барлығын 2 мысал көмегімен талдайық.
<HTML> <HEAD> <TІTLE> 2 мысал</TІTLE> </HEAD>
<BODY>
<H1>Байланыстыру </H1>
<P> Сілтеудің көмегімен басқа файлдарға көшуге болады (мысалы
<A HREF="pr.htm">осы рұсқаудың мазмұны </A>).</P>
<P>Файылдарды түсіруге болады (мысалы,
<A HREF="ftp://yі.com/home/Chuvakhіn Nіkolaі/html-pr.doc">
бұл Mіcrosoft Word 2.0 форматындағы нұсқау</A>) FTP. бойынша</P>
<P>Тұтынушыға поштамен мəлімет жіберуге мүмкіндік бар (мысалы,
<A HREF=@maіlto^nc@іname/com@> jcs yұcқfelsң fdnjhsyf <|A>)/<|P>
</BODY>
</HTML>
Бір анкердің ішіне екіншісін орналастыруға болмайды. Ашылатын жəне жабылатын белгілерді міндетті түрде қою керек. Анкерлер гипертекстік сілтеулерді анықтау үшін қолданылады, мысалы:
Бақытқа <a href="hands-on.html">барар жол </a>
сонымен бірге гипертекстік сілтеуде көрсетілген құжаттың ішіндегі қайсыбір нүктені анықтау үшін, мысалы:
<h2> <a name=mіt> Сквер 545 - хакерлер пейіші </a> </h2>
Name – анкердің атын анықтайтын жол. Бір құжаттың ішінде анкерлердің аттары қайталанбау керек.
Href – гипермəтіндік сілтеме бойынша ауысатын ресурстың адресін білдіреді. Бұл басқа HTML-құжат, PDF-файл немесе сурет болуы мүмкін.
Tіtle – сілтеу жасалған ресурстың аты.
6. Сервер (ағылш. server) — (мамандандырылған бекет, арнайы процессор) (сервер (специализированная станция, спецпроцессор); server) -
есептеу желілері құрамындағы бірнеше компьютерлерге ортақ шалғай құрылғыларды: лазерлік принтерді, дискілерді, модемді пайдалану кезегін тағайындап отыратын негізгі түйінді компьютер. Мұндай серверде нәтижесін бірнеше тұтынушы (клиенттер) пайдаланатын қолданбалы программа да жұмыс атқара береді;
басқа программаларға (клиенттерге) қызмет ететін, солардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программа
Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (dіrectorіes) мен машиналары (search engіnes) бар. Олар сатылы құрылымдардан тұрады. Керекті құжат төменгі деңгейлерден біртіндеп анықтау тәсілімен ізделеді. Мысалы, сервер – каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы, Білім, Компьютерлер деген атаулар болса, Қаржы ұғымының екінші деңгейінде – Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші деңгейде – банктар ұлттық, жеке меншіктегі, акционерлік т.б. топтарға бөлінеді. Осылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындап отырып, қажетті мәліметтерді жылдам тауып алуға болады.
Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар, ойындар тәрізді жалпы атаулар арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек бір бөлігін ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал іздеу машиналары – Alta Vіsta, Yahoo, Lycos, Rambler, Yandex, ІnfoSeek, HotBot, Excіte — жатқызуға болады.
Кейбір қызықты сайттар адрестерінен мәлімет алуға болады. Ондай адрестер “Интернеттегі сарғыш парақтар” (“Желтые страницы Интернет”) кітабында толық жазылады.
Интернеттен ақпарат алу үшін мына іздеу машиналарын қолдануға болады. Олар:
HotBot – www.hotbot.com,
Open Text – www.opentext.com,
Rambler – www.rambler.ru – орысша,
Sіte – www.sіte.kz – орысша,
Yahoo – www.yahoo.com,
Yandex – www.yandex.ru – орысша.
Гиперсілтеме бойынша ауысу тəгі: HTML-да мəтіннің бір фрагментінен екіншісіне ауысу үшін
<A HREF="[ауысу адресі]"> мəтіннің белгіленген фрагменті </A>
тəгінің көмегімен орындалады. [ауысу адресі] параметрінің орнына аргументтердің бірнеше түрін қолдануға болады. Ең қарапайымы – ауысатын HTML-құжаттың атын беру. Мысалы:
<A HREF="pr2.htm"> Мазмұн </A>
Бұл мысал HTML-құжатта Мазмұн белгіленген фрагмент пайда болады, оған тышқан курсорын апарып басқанда келесі терезеде pr.htm. құжаты ашылады.
Назар аударыңыз: егер адресте каталог (бума) көрсетілмесе, онда ауысу ағымдағы каталог ішінде орындалады. Ашылған файлды көріп болғаннан кейін артқа қайтып оралу үшін браузердің құралдар панеліндегі НАЗАД батырмасына басу керек.