- •Буддизм
- •Хрестшншылдъщ
- •Ислам діні
- •1)Хинаяна
- •2) Махаяна қалыптасты.
- •2)Христианшылдық
- •Христиан шіркеулерінің бөлінуі
- •Исламның негізгі багыттары.
- •Суниттер
- •Шиидтік секталар
- •Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).
- •3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.
- •4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.
- •5. Сабақтан тыс іс-әрекет.
- •Оқушының портфолиосы Портфолионы құру бойынша ұсыныстар
1)Хинаяна
2) Махаяна қалыптасты.
Хинаяна манахтық өмір салтын ұстанып, будда ілімін терең игеруге басты назар аударады.
Махаянада кез-келген адам Нирванаға жете алады делінеді.
II мыңжылдық басындағы мұсылман шапқыншылығы буддизмді Үндістаннан түпкілікті ығыстырып шықты. Олар буддалық білімділіктің соңғы тірегі болған монострь-Университеттерді қиратты.
Аман қалған монахтар өздерімен бірге баға жетпес қол жазбаларды сақтапқалу үшін Непал мен Тибетті паналады.
Кеңес дәуірінде буддизм діні орны толмас шығынға ұшырады. Билік тарапынан оған тыйым салында. Бірақ соңғы жылдардағы ұлттық сананың оянуы дәстүрлі құндылықтардың жаңғыруына жол ашты.
Буддизм дәстүрі кең таралған аймақтардан басқа жерлерде де махаяна мен хинаянангың әртүрлі бағыттарын ұстанатын қауымдар құрылды.
2)Христианшылдық
Христианшылдық діні б.з 1ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Ресей империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Христиан діні - құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талыпынанды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдайлық ақиқатты тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идечлық күшке айналды.
Христианшылдықтың идеялық негіздерінің қалыптасуы
Христиан апологетикасы христиан діні адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.
Хрисиан ілімі Қасиетті жазу Библия мен Қасиетті Аңызға - шіркеу әкелерінің айтқандарына соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ.
Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер «игі хабарлар» арқылы таралды.
Христиан шіркеулерінің бөлінуі
Христианшылдық біртұтас діни ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына таралу барысында әр елдің жағдайына қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға жергілікті дәстүрлерге бейімделді. Рим мемлекетінің орталықсыздануының (ыдырауының) нәтижесінде алғашық төрт автокефальды (тәуелсіз) Константинопольдық, Александриялық, Антиохиялық, Иерусалимдік шіркеулер пайда болды. Христиан дінідегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың проваславия мен католизмнің пайда болуы болды.
Православия
Католизм
Православиелік ілім дүниенің пайда болуы, мақсаты мен ақыры адам мен оның күнәкәр табтиғаты, құдайшылық шарап туралы догматтарды қамтиды. Осы догматтардың барлығын шіркеу сөзсіз ақиқат, беделді, қарсылық тудырмайтын, өзгермейтін деп жариялайды. Православиелік культтің маңызды элементтерінің бірі - мейрамдар. Олардың ішіндегі ең салтанаттысы Пасха болып табылады.
Католиктік ілім мен Католик шіркеуі ерте христиандық аясында біртіндеп қалыптасты. «Католикос» ұымы грек тілінен «әлемдік», «жалпы» деп аударылады. Алғаш рет антиохиялық епископ Игнатий Богоносец II ғасырдың ортасында қолданған бұл ұғым Батыс христиандығының атауы ретінде сақталып қалды.
Ислам
Ислам (араб, өзін Аллаһқа тапсыру, мойынсұну) - үшінші, ең жас әлемдік дін. Ислам жер бетіндегі ең көп таралған діндерге жатады.
Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін ұстанады. 35 мемлекетте мұсылмандар тұрғындардың басым көпшілігін құрайды. 28 елде ислам мемлекеттік дін деп жарияланған (Египет, Сауд Арабиясы, Марокко, Кувейт, Иран, Пәкістан және т.б) 120 елде мұсылман қауымдары бар. Ислам - қуатты әлеуметтік-мәдени, белсенді саяси күш.
Исламның негізін қалаған Мұхаммед 570 жылы, исламға дейінгі Арабияның ең ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. ол күреіш тайпасының кедейленген хашім руынан шықты.
