- •1 Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Тарихы дәуірге дейінгі материалдық мәдениет.
- •2 Сабақтың тақырыбы: Ежелгі әлемнің (Мысыр, Мессопотамия) материалдық мәдениеті.
- •3 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Азияда орналасқан Үндістанның материалдық мәдениеті.
- •4 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Қытайдың материалдық мәдениеті.
- •5 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Жапон елінің материалдық мәдениеті.
- •6 Сабақтың тақырыбы: Көшпенділердің материалдық мәдениеті.
- •7 Сабақтың тақырыбы: Антикалық мәдениет (Грекия).
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •12. Хх ғасыр мәдениеті
- •Глоссарий
- •13. Қазақ мәдениетінің теориясы тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
- •14. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
- •15. Қазақстан Республикасының мәдениеті тақырыбын оқытудың методикалық мәселелері
- •Адамзат мәдениетінің арналы саласы ретінде қазақ өнерінің әлемдік б. Ө-нде өзіндік орны бар, қ. Қазақ бейнелеу өнері.
4 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Қытайдың материалдық мәдениеті.
Ежелгі Қытайдың материалдық мәдениетіне қысқаша шолу.
Ежелгі Қытайдың материалдық мәдениеті: архитектуралық ерекшіліктері.
Ежелгі Қытайдың материалдық мәдениеті: үй, жихаз ерекшіліктері.
Адамзат мәдениетінің ең бір ежелгі ошақтарының бірі — Ежелгі Қытай өнері (б.з.б. 3 ғ-ға дейін). Бұл дәуірдегі өнердің дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар, билеушілер сарайларының құрылысы, т.б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген.
Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі — б.з.б. 11 — 3 ғ-лардағы Чжоу дәуірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған діни-филос. ілімдер — конфуцийлық пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне ықпал етті. Осы кезеңде Қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты, аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың безендірілу үлгілері күрделене түсті, Қытай Б. ө. үшін классикалық стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің (б.з.б. 221 — 207) өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар мен жүйрік қиял астасып жатыр.
Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі – ежелгі Қытай елінің тұрғындары – ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді – құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысымен нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне замандық тарихта жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады.
Табиғат пен адам жанының үндестігі, табиғатты аялау, оған деген сәбилік махаббат сезімі халықтық мәдени туындыларды одан әрі нәрлендіре түсті. Демек, қытай халқының түсінігіндегі дүние бейнесі өзінің тұтастығымен, өзара үйлесімділігімен таң қалдырады. Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын бес қасиетпен байланыстырады. Олар – адамгершілік (жень), парыз сезімі (и), әдепті қылық (ли), ізгілік (синь) және даналық (чжи).
Ұлы уағыздар Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Орта ғасырларда латын жазуы Еуропа елдерінде қандай рөл атқарса, қытай иероглифтері де Шығыс Азия мемлекеттерінде дәл сондай дәрежеге көтерілді, вьетнамдықтар мен корейлер ұлттық жазу жүйелеріне көшкенге дейін қытай иероглифтерін кеңінен пайдаланған, ал жапондар болса күні бүгінге дейін қытай жазуын пайдаланып келеді.
Қытай - әсем де, нәзік «гүлдер мен құстардыңң, «шөптер мен жәндіктердіңң отаны. Қытайлықтар өсімдіктер дүниесінің мән-мағынасын түсіне білуге үлкен мән берген. Осы орайда өмірге мынадай қағида келген: «Гүлге зат деп қарау тағылық, ал жүрегінде гүлдер әлеміне жылылығы жоқ адам- хайуанң. Көне заманның ақын-жазушылары өздерінің құпия сырларын тек гүлдермен ғана бөлісетін болған. Атақты қытай суретшісі Ци –Бай-шидің өзінің шәкіртіне арнап салған «Сырласуң атты суреті. Жан тебірентерлік бұл табиғи көрініс екі гүлдің бір-бірімен сырласуы, шын жүректен шыққан сұхбаты іспеттес.
Бүгінгі таңда Конфуций идеялары қытай мәдениетінде кеңінен орын алып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Талай жантүршігерлік қоғамдық-саяси күйзелістерді бастарынан кешірген Қытай, Корея, Жапония, Оңтүстік-шығыс халықтары даосистік-конфуцийлік мәдениеттен рухани азық алуда. Жапонияның, Қытайдың, Тайваньның, Оңтүстік Кореяның қазіргі замандағы таңқаларлық мәдени жетістіктерінің сыры осында болса керек. Керек десе, Қытай елінде Конфуций ілімі тағы да елдің рухани өмірінің негізі деп жарияланып отыр. Олай болса, конфуцийлік-даосистік мәдениеттің тамыры тереңде жатыр, ол қоғамның шығармашылық мүмкіндіктерінің қозғаушы ұлы факторына айналып отыр.
Ұсынылған әдебиеттер:
Древние цивилизации. – М.: Мысль, 1989.
Габитов Т. Культурология.- А., 2001.
Габитов Т. М. Мәдениеттануға кіріспе. - А., 2001.
Ғабитов Т., Алимжанова. Мәдениеттану. Оқу құралы. - А. 2003.
Тимошинов В.И. Культурология. Учебное пособие. - М., 2003.
