Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 дәріс тақырыбы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150.57 Кб
Скачать

3 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Азияда орналасқан Үндістанның материалдық мәдениеті.

Дәріс сұрақтарының мазмұны:

1. Ежелгі Үндістанның материалдық мәдениетіне қысқаша шолу.

2. Ежелгі Үндістанның материалдық мәдениеті: архитектуралық ерекшіліктері.

3. Ежелгі Үндістанның материалдық мәдениеті: үй, жихаз ерекшіліктері.

Ежелгі дәуірдің Б. ө-нде Солт. Қара теңіз жағалауының мәдениеті, Урарту мемлекетінің, Үндістанның, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеттері секілді ірі мәдениет ошақтары болды. Соғда, Бактрияның, кейін Ахемендер патшалығының Б. ө. сақтардың “жануарлық стилінің” ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті.

Б. ө-нің ғажайып ескерткіштері Үндістанда б.з.б. 4-мыңжылдықтан б.з.б. 5 ғ-ға дейін жасалды. Үндістан өнері көне дүниенің түрлі мәдениеттерімен тығыз байланысты болды. Одан, сондай-ақ, Орталық Азия мәдениетінің де ықпалы байқалады. Ежелгі Үндістан мәдениетінің орталығы Синдтағы Мохенджо-Даро мен Пенджабтағы Хараппа елді мекендері болды. Ойылып бейнеленген абыз бен еркін де ырғақты қимыл-қозғалыс үстіндегі биші қыз, үшкелбетті құдай, киелі саналған жануарлар — бұғы, буйвол, мүйізтұмсық, піл, т.б. мүсіндері жасалу шеберлігімен, пластикалылығымен, санқилылығымен ерекшеленеді. Үндістан мәдениетінің келесі кезеңі бүкіл Ганга жазығына билік жүргізген Магадха мемлекетінде өріс алды. Бұнда брахманизм идеологиясы үстемдік етіп тұрды. Үндістанның Б. ө-нде мыңжылдықтар бойына Брама (жаратушы), Вишну (қорғаушы), Шива (қиратушы) және Индра (патша билігін қолдаушы) бейнелері, түрлі рухтар мен данышпандардың мүсіндері тұрақты кейіпкерлерге айналды.

Үндістан өнеріндегі бай, пластикалық, өмірлік күш-қуат пен динамикаға толы образдар Үндістанның мифтері мен аңыздары арқылы дүниенің сұлулығы мен адамға арналған мадақ ретінде қызмет етті. Үндістанда б.з.б. 3 ғ-да Ашок патша тұсында кең таралған буддизм мүсіндік рельефтермен безендірілген ғибадатханалардың, мемориалдық құрылыстардың салынуына себепші болды. Аса көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі — Аджанта ғибадатханалары. Вагхора өз-нің сұлу алқабындағы жартастардан қашалған Аджанта ғибадатханаларының (барлығы 29 үңгір) қасбеттері мүсіндермен безендірілген. Будданың сансыз көп мүсіндері қабырғалардың етегіне жағалай тізіліп, олардың арасы оюлармен және Будданың шәкірттері мен серіктерінің бейнелерімен бедерленген. Құжыралардың іші түгелдей монументальді ою-өрнектер мен жазбаларға толы. Аджанта сұңғаты мен мүсіндерінің сән-салтанаты қайран қалдырады.

Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Үндістан – адамзат баласының ең көне мәдениет ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар.

Б.з.б. бірмыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің дамуы қарқыны жоғарылады, бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға тағы да болмайды. Үнді мәдениеті мен өнері, әсіресе Маурья дәуірінде (б.з.б ІV- ІІ ғ.) айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл кезеңдегі мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтандырылған мемлекеттің құрылуы зор ықпалын тигізді.

Қушан дәуірінде (б.з. І-ІІІ ғ.) үнді мәдениеті өз дамуында жаңа арнаға түсіп, өзіндік сипатқа ие болды. Қушан империясы ұлан байтақ империяны: Солтүстік Үндістанды, Орта Азияның бір бөлігін, қазіргі Ауғанстан мен Пәкістан жерлерін алып жатты. Бұл үлкен саяси одаққа қоғамдық – саяси, мәдени дамуы жағынан әркелкі және түрлі діндегі толып жатқан халықтар мен тайпалар кірді. Қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты Қушан мемлекеті бұл елдердің арасындағы біртұтас жүйені саяси салада ғана емес, мәдени өмірде де орнықтыруға барынша күш салды.

Б.з.б. бірінші мыңжылдықта индуизм дамуының басталуында – брахманизм тұрды. Дін ендігі жерде қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін қолданыла бастады, сөйтіп “Құдайлар иерархиясы” қалыптасты. Олардың ішінде ең мәртебелілері – Брахма (әлемді жаратушы), Вишна (оны сақтаушы) және Шиба (оны талқандаушы) құдайлары болды.

Б.з.б. VІ ғ. Буддизм діні – дамыған құлдық қоғамның идеологиясына айнала бастады.

Үнді - будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде.

Өз тарихына немқұрайды қарау, нақты өмірден алшақтау, өмірге көзқарастардың көмескілігі сияқты келеңсіз жағдайлардың орын алуы мәдениеттің дамуына нұсқан келтірді. Қоғамдық өмірді тұрақтандыруда дін қаншама рөл атқарғанымен де, үнді мемлекеті ғылым мен білім жолына, яғни өркениетті ел болу жолына түсуі- тарихи қажеттілік болды. Заман ағымында бұл асқаралы міндеттері біртіндеп жүзеге асырыла бастады .

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Древние цивилизации. – М.: Мысль, 1989.

  2. Габитов Т. М. Мәдениеттануға кіріспе. - А., 2001.

  3. Ғабитов ., Алимжанова. Мәдениеттану. Оқу құралы. - А., 2003.

  4. Тимошинов В.И. Культурология. Учебное пособие. М.2003.

  5. Хачатурян В.М. История мировых цивилизации. /10-11 классы/. М., 1997.

  6. Литература и культура древней и средневековой Индии. - М., 1979.