Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мандел флеминг дамок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.51 Кб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе.........................................................................................................................3

1.Мандел-Флеминг моделі, оның шарттары...........................................................4

2.Мандел-Флеминг моделі (тіркелген айырбас бағамы).......................................5

Бюджет-салық саясатының тіркелген валюта бағамына әсері

Ақша-несие саясатының тіркелген валюта бағамына әсері

3.Мандел-Флеминг моделі (қалқымалы айырбас бағамы)....................................7

Бюджет-салық саясатының қалқымалы валюта бағамына әсері

Ақша-несие саясатының қалқымалы валюта бағамына әсері

Қорытынды.................................................................................................................9

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................................10

Кіріспе

Мандел - Флеминг моделі – кіші ашық экономика моделі және IS-LM моделінің экономикада дамыған түрі. Сондықтан пайыздық ставка мөлшері мұндай экономикада әлемдік пайыздық ставкаға тең болады. Ол өзінің әсер ету ауқымы бойынша кішкентай, себебі әлемдік қаржылық нарыққа елеулі әсер ете алмайды. Мысалы, әлемдік пайыз бағамын өзгерте алмайды. Ашық экономикалық модел дейтін себебіміз, елдер арасында капитал айналымы еркін жүреді.

Бұл модель Маркс Джеймс Флеминг және 1999 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған Роберт Манделлмен ұсынылды.Манделл мен Флемингтің басты жетістіктері ретінде «халықаралық капитал қозғалысы» факторының іске асуын айтуға болады. Пайда болған жаңа модель салықтық-бюджеттік және ақша – несиелік саясаттың тиімділігіне өте пайдалы болды.Дегенмен, бұл модель экономистер тарапынан сынға ұшырады,уақыт өте Мандел-Флеминг моделі жалпы экономикалық теориялардың дамуымен модификацияланып, толықтырылды.

  1. Манделл-Флеминг моделі, оның шарттары

Моделді қолдану шарттары мыналар болып табылады:

• экономиканың ашықтығы, яғни капитал және тауар еркін қозғалыста болады

• капиталдың жұмылғыштығы, яғни пайыздың төмен мөлшерлемелері бар экономикалардан анағұрлым пайдалысына кете отырып, елден елге кедергісіз ағыла алады;

• экономика шағын болуы тиіс, яғни елдің жалпы әлемдік экономикалық параметрлерге әсер ететін мүмкіндігі болмауы тиіс.

• экономика мерзімінің қысқа болуы

Тіркелген айырбас бағамы кезінде монетарлық саясат абсолютті тиімсіз бола бастайды, ал фискалдық саясат, керісінше, экономикалық көрсеткіштерге тиімді әсер етуі мүмкін деген қағида Манделла-Флеминг моделінің басты түйіні болып табылады.

IS – LM моделінің ерекшеліктері:

1) пайыз ставкасы тұрақты және әлемдік пайыз ставкасына тең;

2) IS қисығының орналасуы валюта бағамына байланысты. Өйткені ішкі пайыздық ставка әлемдікке тең. Валюта бағамының жоғарылауы IS қисығының солға жылжуына әкеледі және керісінше валюта бағамының төмендеуі IS қисығын оңға жылжытады.Кіші ашық экономикада пайыз ставкасының деңгейі ( ішкі пайыздың әлемдің пайыздан ауытқу мүмкіндігі) валюта бағамымен тығыз байланысты. Ішкі пайыз деңгейі төмен болса, «капиталдың елден қашуы» болады, яғни резиденттер өзінің ақшасын шетелдік активтерге сала бастайды. Яғни шетелдік валютаға сұраныс жоғарылайды. Сәйкесінше валюта бағамы төмендейді де елде өндірілген тауарлар мен қызметтер шетелдіктер үшін арзандайды. Сондықтан таза экспорт өсіп, IS қисығы оңға жылжып, ішкі пайыз ставкасы жоғарылайды. Егер ішкі пайыз деңгейі әлемдік пайыз деңгейінен жоғары болса керісінше жағдай орын алады.

Графиктен көріп тұрғанымыздай, IS қисығы төмен, ал LM жоғары бағытталып тұр. Көлденең сызығы әлемдік пайыздық қойылымды сипаттайды. Графиктің екі ерекшеліктері бар:

1)IS қисығының көлбеуі айырбас бағамының деңгейімен шартталған.Айырбас бағамының жоғарылуы қисықты солға жылжытады.

2)Барлық үш сызық бір нүктеде қиылысады.

Графикте тігінен айырбас бағамдарының мәндері, ал көлденең табыс деңгейі көрсетілген. Пайыздық қойылым тұрақты және әлемдік пайыздық қойылымға тең деп ұйғарылады.

Бұл жағдайда графикте мынадай теңдіктер көрсетіліп тұр:

Y= Y = C(Y – T*) + I(r) + G* + NX(e) (Тауарлар нарығындағы тепе-теңдік)

M*/P* = LM(r,Y) (Ақша нарығындағы тепе-теңдік)

r = r* (Сыртқы сектордағы тепе-теңдік)​

Модельдің графикалық сызбасы 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Манделл-Флеминг моделі

Экономикалық тепе-теңдік екі IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде орын алады. Осы қиылысу нүктесі айырбас бағамы мен табыстың деңгейін сипаттайды Біріншіден, пайыздық қойылым өзгеріссіз және ол IS қисығына тең. Екіншіден, IS қисығы валюталық бағамға тәуелді болады. Валюталық бағамның артуы IS қисығын солға жылжытады және керісінше.