Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

17. Микроб антагонистерді бөліп алу әдістері қандай жолмен жүргізіледі,анықтап беріңіз.

Микроб антогонистер - бір микроб түрлерінің екінші микроб түрлерін жою қатынасына негізделген микробтар.

Әр түрлі микрооорганизмдердің өсіп жетілуінде басты табиғи субстрат ретінде топырақ қолданылады. Әсіресе тыңайтылған топырақ микроб антогонисттеді бөліп алуға болатын микроорганизмдерге бай болады. Табиғи ортадан антогонистерді бөліп алу кезінде микроорганизмдердің антибиотикалық заттарының түзілуіне қажет көптеген жағдайларды қарастыру керек. Бұл процесс продуценттің зат алмасу ерекшелігіне байланысты. Олар:

Азот, көмірсу, фосфор және т.б элементтердің қоректік ортада болуы. Олардың концентрациясы, ph, сонымен қатар аэрациясы және температурасы маңызды фактор болып табылады.

Микроорганизмдердің әртүрлі тобына бұл жағдайлар әр түрлі әсер етеді. Яғни, қоректік орта құрамы және спецификалық жағдайлар антогонисттерді бөліп алу үшін әртүрлі.

Әдістер:

Жинақтап егу әдісі – топырақтың сулы суспензиясын немесе басқа субстратты аз мөлшерде араластырып, ЕПА- ға немесе басқа ортаға микрофлораның жинақталған өсімін алу үшін егеміз. Осы ортадан антогонисттердің колониясының жан жағынан басқа колониялар өспейді.

Топырақты байыту әдісі – антибиотикалық қасиетке ие оргонизмдерді алу мақсатында алынған топырақты антагонист алуға негізделген микроорганизмдерге қарсы микроорганизмдермен байытамыз.

Өскен микроорганизмдердің газонына топырақты егу әдісі – Петри табақшасындағы қоректік агарға бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б организмдерді егу арқылы, соларға қатысты антагонист алу мақсат етіледі.

Топырақ пластинкаларының әдісі – микроб- антагонистерді топырақтан бөліп алу әдісі. Әдістің маңызы – 100г жаңа себілген топырақты 5г ұнтақ тәрізді крахмалмен араластырамыз. Бұл қоспаны Петри табақшасына саламыз. Қоспаның бетін сулы шыны пластинкамен тегістеп, табақшаны термостатқа қоямыз. Осы әдістен антагонистерді топырақ микрофлорасының бетінің езілу аймағынан байқаймыз.

18. Бактерия антагонистерге жалпы сипаттама беріңіз,ерекшелігін көрсетіңіз.

Бактериялық микроорганизмдердің ішінде антагонистік формалары көбінесе споралыларда кездеседі. Олардың көпшілігі топырақтан, ағынды судан, көң және т.б субстраттардан алынады. Бактериялардың ішінде басты антибиотик түзушілерге: Bacillus subtilis, Bac. Mycoides, Bac. Mesentericus, және т.б.

Г.А Тренинаның зерттеулері бойынша споралы бактериялардың біршама штамдары антагонисттік қасиетке ие. Споралы бактериялардың 6497 штамының ішінен 1574 немесе 25% Staph aureus, Bact coli, Bac mycoides ке қатысты антоганистік қасиетке ие.

Әр түрлі мемлекеттердің топырақтарын зерттей келе, Орталық Азияда антагонисттік қасиетке ие бактериялар көптеп кездесетіндігі мәлім болған. Себебі бактерияның Bac mesentericus тобының осы елдердің топырақтарында көп кездесетіндігінде.

Споралы бактериялардың антибиотиктеріне: тиротрицин, грамицидин С, полимиксин, субтилин және т.б.

Бактериялардың антагонистік формалары споралы емес түрлерінде де кездеседі. Олардың ішінде флюоресцирлеуші жасыл және қызыл пигмент түзушілер жатады. Алайда, пигмент түзбеуші бактерияларда антагонисттік қасиетке ие екендігі дәлелденді. Оларға стрептококкалар және стафилококкалар жатады.

Антибиотикалық заттарға: пиоцианин, гемипиоцианин, колицин, лактоцидин, низин және т.б жатады. Осылардың ішінде ең маңыздысы низин.

Жалпы, бактериялардың антагонистік қасиетке ие түрлері толық зерттелмеген. Солардың ішінде ең аз зертелген термофильді және анаэробты бактериялар.