Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

15.Антибиотиктерді алу қандай сатылармен кезеңдерден тұрады,сипаттап көрсет.

Антибиотиктердің биотехнологиялық өндірісінің технологиясы өте күрделі үдеріс және бірнеше кезеңдерден тұрады:

1.Антибиотик алудың биосинтез кезеңі:

Антибиотикалық затты алудың күрделі процесстің ең маңызды кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты - продуценттің өсуі және антибиотик биосинтезі үшін оптимальды жағдай жасау болып табылады. Бұл кезеңнің қорытындысы антибиотик түзуші продуценттің биосинтездік белсенділігіне тығыз байланысты болып келеді және антибиотикалық заттар түзуші продуценттің дамуына жұмсалатын энергия мөлшері.

2.Алдын ала өңдеу кезеңі:

Культураларды сұйықтықты, микроорганизм клеткаларын (мицелий) және фильтрден өткізу (продуцент биомассасын культуралды сұйықтықтан ажырату). Бұл кезеңнің эффективтілігі антибиотик түзуші продуцентті өсіруші қоректік ортаның құрамы, өсу ерекшелігі болып табылады.

3.Антибиотикті бөліп алу және тазарту кезеңі:

Бұл кезеңде антибиотиктің химиялық құрамына және антибиотикалық заттардың түзілу орнына қарамастан әр түрлі бөліп алу және тазарту әдістерін қолданады.

Негізгі әдістерге:

- Экстракция,

- Тұнбалау,

- Ионалмасушы материалдар,

- Булау,

- Құрғату.

4.Дайын өнімді алу, дәрілік түрлерін анықтау және қораптау:

Бұл кезеңнің ерекшелігі дайын өнімге қатаң талаптар қажет етуінде. Антибиотикалық заттарды химиялық жолмен тазарту кезінде бөлмелерді, құрал-жабдықтардың таза болуы керек, мерзімді дезинфекция жасау қажет. Антибиотиктерден алынатын дәрілік препараттар түрлері қатаң асептикалық жағдайларда шығарылуы тиіс.

Ол үшін қажет жағдайлар:

- Антибиотик өндірісіне жоғарғы өнімді продуцент - микроорганизмді пайдалану;

- Арзан қоректік орта ,қолайлы жағдайлар жасап антибиотик продуценттерін өсіру;

- Антибиотиктің шығымын жоғарылату үшін математикалық жоспарлау әдістерін пайдаланып дақылдау жағдайларын жақсарту;

- Технологиялық үрдістің барлық сатыларында қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды пайдалану.

16.Антибиотиктерді жүйелеу негіздерін сипаттаңыз.

Антибиотиктер әр түрлі химиялық қосыластар кластарына жатады. 14000 астам антибиотик микроорганизмдермен түзіледі. Олардың 200 дей ғана медицинада қолданылады. Антибиотик –төменгі молекулалық заттарға жатады, оның молекулалық массасы бір мың дальтонды құрайды.

Антибиотик микроорганизм үшін стерстік жағдайдан арылу заты деп айытылады. Мысалы, қоректік заттың бітіп қалуы немесе жетпеу, конкурент дықылдардың көбейуі т.б.

Антибиотиктерді шығу тегі бойынша 5 топқа жіктейді:

- Саңырауқұлақтар мен қыналар түзетін антибиотиктер,

- Актиномицеттер түзетін антибиотиктер,

- Бактериялардан бөлініп алынған антибиотиктер,

- Жануарлар шығу тегі бар антибиотиктер,

- Өсімдік шығу тегі бар антибиотиктер.

Антибиотиктерді антимикробтық әсері бойынша 2 топқа жіктейді:

- Кең ауқымды (грам оң және грам теріс бактерияларға қарсы белсенділік);

- Аз ауқымды (полиенді антибиотиктер, леворин);

Микроорганизмдерге әсер етуі бойынша бактерицидтік және бактериостатикалық деп бөлінеді.

Антибиотиктер химиялық құрамы бойынша да жіктеледі:

- Ациклді құрылысы бар антибиотиктер;

- Алициклді құрылысы бар антибиотиктер;

- Ароматты антибиотиктер;

- Хинон антибиотиктер;

- Құрамында оттегі гетероциклді қосылысы бар антибиотиктер;

- Макролидтер;

- Аминогликозидті антибиотиктер;

- Азотты гетероциклді қосылысы бар антибиотиктер;

- Антибиотиктер - полипептидтер;

- Антибиотик - олигомицин;

Сонымен қатар, антибиотиктерді әсер етуі бойынша келесі топтарға жіктеп бөлуге болады:

- Грам теріс бактерияларға белсенді әсер ететін, белгілі бір аумақты бактерияларға қарсы антибиотиктер;

- Бактерияларға қарсы кең ауқымды әсерге ие антибиотиктер;

- Туберкулезге қарсы әсерге ие антибиотиктер;

- Саңырауқұлақтарға қарсы әсерге ие антибиотиктер;

- Ісікке қарсы антибиотиктер;

- Антипротозойлы әсерге ие антибиотиктер;