
- •1.Дәрілік препараттар биотехнологиясы өндірісіндегі биообъектінің рөлі.
- •2.Антибиотиктердің ашылу тарихын сипаттаңыз, басты кезеңдерін қарастыр.
- •4.Микроорганизмдер әлеміндегі антагонизм құбылысының мәні неде.
- •5.Паразитизм және метабиозға сипаттама беріңіз
- •6. Антагонизм және симбиоз құбылыстарына сипаттама беріңіз.
- •8.Антимикробтық заттар түсінігі,олардың алу механизмі қалай іске асады түсіндіріңіз.
- •11. Химиотерапевтикалық заттар деген не, оларға сипаттама беріңіз.
- •13. Антибиотиктердің ашылу тарихы қалай ерекшеленеді?
- •14.Маңызды антибиотиктердің биотехнологиялық өндірісінің технологиясы қалай іске асады,сатыларын көрсетіңіз.
- •15.Антибиотиктерді алу қандай сатылармен кезеңдерден тұрады,сипаттап көрсет.
- •16.Антибиотиктерді жүйелеу негіздерін сипаттаңыз.
- •17. Микроб антагонистерді бөліп алу әдістері қандай жолмен жүргізіледі,анықтап беріңіз.
- •18. Бактерия антагонистерге жалпы сипаттама беріңіз,ерекшелігін көрсетіңіз.
- •19.Актиномицет – антагонистерге жалпы сипат-а
- •20.Саңырауқұлақ - антагонистерге жалпы сипат-а.
- •21.Антибиотиктердіхим-қ құр-сы б/шақалайжүйелейсіз.
- •22.Антибиотиктерді биол-қ шығу тегі б/ша қалай жүйелейсіз.
- •24.Микроб-антогонистер бөліп алу әдістері
- •25.Антибактериалды препараттар өндірісіндегі отандық биотехнологияның үлесі.
13. Антибиотиктердің ашылу тарихы қалай ерекшеленеді?
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді.Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.Орыс ғалымы Гартье (1905) жылы асқазан-ішектегі бұзылыстарды емдеу үшін сүтқышқылды өнімдерді пайдаланған болатын. (1939) жылы Дюбо тироцидин мен грамицидиннен құралған тиротрицин антибиотигін бөліп алды.Ал Гаузе мен Бражников 1942 жылы Дюбоның тапқан грамицидинінен айырмашылық жасайтын грамицидин С-ні синтездеп алды.1939 жылы . Н. А. Красильников пен А. И. Кореняко мицетин антибиотигін Actinomyces violaceus актиномицитетінен бөліп алды.Пеницилиннің ашылуынан кейін жұқпалы ауруларды емдеуде жаңа эра-антибиотиктерді қолдану эрасы басталды.Шығу тегі актиномицет болып табылатын,туберкулезді емдеуде кең қолданылатын,1944 жылы Ваксманның ашқан-стрептомицин антибиотигі еді.Туберкулезге қарсы қолданылатын антибиотиктерге сондай-ақ виомицин (флоримицин), циклосерин, канамицин, рифамицин жатады.Антибиотиктердің пайда болуы жұқпалы аурулармен күресу жағдайын күрт өзгертті.Алған рет антибиотиктер пайда бола бастағанда адамдар инфекциядан толығымен айығады.
14.Маңызды антибиотиктердің биотехнологиялық өндірісінің технологиясы қалай іске асады,сатыларын көрсетіңіз.
Антибиотиктердің биотехнологиялық өндірісінің технологиясы өте күрделі үдеріс және бірнеше кезеңдерден тұрады:
1.Антибиотик алудың биосинтез кезеңі:
Антибиотикалық затты алудың күрделі процесстің ең маңызды кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты - продуценттің өсуі және антибиотик биосинтезі үшін оптимальды жағдай жасау болып табылады. Бұл кезеңнің қорытындысы антибиотик түзуші продуценттің биосинтездік белсенділігіне тығыз байланысты болып келеді және антибиотикалық заттар түзуші продуценттің дамуына жұмсалатын энергия мөлшері.
2.Алдын ала өңдеу кезеңі:
Культураларды сұйықтықты, микроорганизм клеткаларын (мицелий) және фильтрден өткізу (продуцент биомассасын культуралды сұйықтықтан ажырату). Бұл кезеңнің эффективтілігі антибиотик түзуші продуцентті өсіруші қоректік ортаның құрамы, өсу ерекшелігі болып табылады.
3.Антибиотикті бөліп алу және тазарту кезеңі:
Бұл кезеңде антибиотиктің химиялық құрамына және антибиотикалық заттардың түзілу орнына қарамастан әр түрлі бөліп алу және тазарту әдістерін қолданады.
Негізгі әдістерге:
- Экстракция,
- Тұнбалау,
- Ионалмасушы материалдар,
- Булау,
- Құрғату.
4.Дайын өнімді алу, дәрілік түрлерін анықтау және қораптау:
Бұл кезеңнің ерекшелігі дайын өнімге қатаң талаптар қажет етуінде. Антибиотикалық заттарды химиялық жолмен тазарту кезінде бөлмелерді, құрал-жабдықтардың таза болуы керек, мерзімді дезинфекция жасау қажет. Антибиотиктерден алынатын дәрілік препараттар түрлері қатаң асептикалық жағдайларда шығарылуы тиіс.
Ол үшін қажет жағдайлар:
- Антибиотик өндірісіне жоғарғы өнімді продуцент - микроорганизмді пайдалану;
- Арзан қоректік орта ,қолайлы жағдайлар жасап антибиотик продуценттерін өсіру;
- Антибиотиктің шығымын жоғарылату үшін математикалық жоспарлау әдістерін пайдаланып дақылдау жағдайларын жақсарту;
- Технологиялық үрдістің барлық сатыларында қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды пайдалану;